Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет84/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

9-ТАРАУ 
 
НЕГІЗГІ ПСИХОПАТОЛОГИЯЛЫҚ СИНДРОМДАР 
Психикалық аурулар кезінде синдром тҥзілу заңдылықтары 


~ 140 ~ 
Психопатологиялық 
синдром 
дегеніміз 
ортақ 
патогенезбен 
біріктірілген симптомдар жиынтығы. Синдромдар ӛздігінен белгілі бір 
нозологиялық формаға тән болмайды және кӛптеген психикалық ауруларда 
кездесуі мҥмкін. Мысалы, делириозды синдром тек алкогольді делирийда 
ғана емес, сонымен қатар жедел интоксикациялық, инфекциялық ауруларда, 
операциядан кейінгі, жарақаттан кейінгі психоз бен ішкі мҥшелердің 
ауруларымен байланысты психоздарда, тамыр ауруларында да кездесуі 
мҥмкін. Бҧл жағдайлардағы делирий бір-біріне ӛте ҧқсас, егер тек науқастың 
анамнезіне, соматикалық жағдайы мен науқастың осы кездегі психикалық 
ӛзгерістеріне ғана кӛңіл аударсақ, онда ауруды анықтауымыз мҥмкін емес. 
Осылай бола тҧра, симптомдар мен синдромдар аурудың клиникалық 
кӛрінісін қҧрайтын материал болып табылады. Дертті ҥрдіс ӛзінің типті 
немесе индивидуальды кӛріністерін тек симптомдар мен синдромдар, 
олардың жиынтығы мен динамикада ӛзгерістері арқылы іске асырады. 
Сондықтан ауруда тек синдромдар ғана емес, сонымен қатар олардың 
динамикасы спецификалық болып табылады: синдромдардың қҧрылуы, 
кҥрделенуі, кері дамуы, ауыспалылығы. 
Синдромдар және олардың динамикасы арқылы ауру патогенезі, оның 
сатыларының реттілігі кӛрініс береді. Синдромдардың таңдамалылығы және 
олардың ауыспалылығы әрбір ауруға тән даму стереотипін анықтайды. 
Дертті ҥрдіс барысында патогенез сатылары әрбір ауруда ҧқсас болуы 
мҥмкін, бҧл кезде клиникасы психопатологиялық симптомдар ҧқсастығымен 
кӛрінеді. Сондықтан психикалық ауруды дҧрыс айыру ҥшін (нозологиялық 
формасын) сол уақытта жағдайдағы доминантты психопатологиялық 
синдромға сҥйеніп қана қоймай, аурудың бҥкіл контекстіне қарау керек: яғни 
бҧл синдром басқа симптом, синдромдармен қалай байланысқан, оның 
динамикасы, науқастың тҧлғалық сақталып қалуында қандай ықпал кӛрсетті, 
б.а. зақымдалу дәрежесі, кӛлемі қандай, дертті ҥрдіске психикалық саланың 
қандай дәрежеде қатыстылығын.
Психопатологиялық синдромдарды кіші және ҥлкен, қарапайым және 
кҥрделі деп бӛледі. Кіші, немесе қарапайым психопатологиялық синдромда 
бҧзылыс дәрежесі жоғары емес, бҧзылыстар қайтымды, аурудан айыққан соң 
тҧлғалық ӛзгерістер болмайды. Кіші синдромдармен невроз, психопатия, 
маниакальды-депресивті 
психоздар 
ӛтеді. 
Ҥлкен, 
немесе 
кҥрделі 
психопатологиялық синдромдарда патологиялық ҥрдістің генерализациялану 
дәрежесі жоғары болады, әртҥрлі сатыда синдром ӛзіне психиатриядағы 
танымал симтомдардың барлығын қоса алады, науқас тҧлғасына зиян 
келтіріледі. Ҥлкен (кҥрделі) психопатологиялық синдромдар бас миының 
органикалық зақымдануларында байқалады.
Синдром тҥзілуінің психикалық аурулар кезіндегі жалпы патологиялық 
заңдылықтары мынадай схемада кӛрсетілген (13-сурет).
А.В. Снежневский схемасы психопатологиялық синдромдардың 
динамикасы, алмасу кезектілігі, дертті ҥрдістің генерализациялануының 
әртҥрлі деңгейінде қандай-да бір синдром басымдылығы жӛнінде қорытынды 


~ 141 ~ 
жасауға кӛмектеседі. Кез-келген психопатологиялық ҥрдіс астениялық 
симптоматикадан 
басталады. 
Неврастенияда 
(астениялық 
невроз, 
бҧзылыстардың І шеңбері) – қарапайым (кіші) синдром пайда бола 
салысымен дерт кӛрінісі қҧралады. Егер ары қарай синдром кҥрделеніп, 
патологиялық ҥрдістің генерализациялану белгілері пайда болғанда 
астениялық невроз біріншілік диагнозын жоққа шығаруға болады.
Басқа невроздарда синдром кҥрделенуі жабысқақтық, истериялық, 
сенесто-ипохондриялық бҧзылыстар деңгейіне жетеді (ІІІ шеңбер). Бҧл 
деңгейде психопатияда да декомпенсация жҥреді. Науқаста ҥрдістің 
генерализациялану дәрежесі жоғары нозологиялық формаларға тән 
галлюцинация, сандырақ, кататониялық, эпилептиформды және басқа да 
патологияның пайда болуына қарап, невроз диагнозы дҧрыс қойылғандығына 
кҥмән туады.
Ал бҧл бҧзылыстар маниакальды-депресивті психозға тән қарапайым 
аффективті синдромға (депресивті, маниакальды) жат болып келеді (ІІ -
шеңбер).
Бҧзылыстардың келесі жоғарғы деңгейі шизофренияға тән, ол І-V 
шеңбердегі синромдарды қамтиды. Егер ауру бастамасы баяу болса, 
инициальды астениялық симптоматика біртіндеп астеноипохондриялыққа 
трансформацияланады 
немесе 
жабысқақтықтармен, 
фобиялармен 
ҥстемеленеді, аффективті тербелістер туады, олар шизофренияның бҧл 
ағымының сатысын невроздарға немесе циклотимияға ҧқсастырады. Дерттің 
нағыз табиғаты бҧзылыстың галюцинациялар, сандырақ, кататониялық 
симптомдар пайда болуымен психоз деңгейіне дейін кҥрделену дәрежесіне 
жеткенінде анықталады. Бҧл сәт психоз манифистациясын білдіреді. Егер 
шизофрениялық ҥрдіс жедел басталса (мысалы, кезеңдік формасында), онда 
симптоматика дамуының қарқындылығы соншалық, синдромдардың 
кҥрделенуінің алғашқы сатылары бҧрмаланып, дерт бірден кҥрделі 
аффективті–сандырақтық, 
галлюцинаторлы-параноидты, 
парафренді, 
онейроидты-кататониялық синдромдармен кӛрінеді.
бҧзылыстардың тӛмен және жоғары орналасқан деңгейлерінің 
арасындағы шекарада аралық (ӛткінші) полиморфты психопатологиялық 
симптоматикамен дертті формалар пайда болады. Ӛтпеліге шетелдерде жеке 
тҥрде шизоаффективті психозды жатқызады, ол маниакальды-депресивті 
психоз бен шизофренияның арасындағы шекарада тҧрады. Біздің елдегі 
классификация 
бойынша 
бҧл 
психотикалық 
варианттар 
кезеңдік 
(рекуррентті) шизофренияға жатқызылады. Мҧндай дертті жағдайлар ағым 
ерекшелігі (циркулярлы), салыстырмалы тҥрде қатерлі емес және 
бҧзылыстың қайтымдылығы мен аффективті қанықтылығы бойынша 
маниакальды-депрессивті 
психоздың 
заңдылықтарын 
бейнелейді. 
Шизофренияға сандырақпен, псевдогаллюцинациялармен, кататониялық 
қҧбылыстармен және сананың онейроидты ӛзгерістерімен синдромның 
кҥрделену деңгейі сәйкес келеді. Неврозбен шекаралас терең емес, 
«невротикалық» 
деңгейдегі 
бҧзылыстармен 
жҥретін 
шизофрения 


~ 142 ~ 
диагностикаланады: тҧрақты, демалғаннан кейін де жойылмайтын астения, 
жабысқақтықтар, 
фобиялар, 
истероформды 
бҧзылыстар 
немесе 
ипохондриялық жҥріс-тҧрыс байқалады. Неврозбен салыстырғанда бҧзылыс 
тереңдігі жӛнінде тҧлғалық ӛзгерістер дәрежесі дәлел болады, ол 
невротикалық деңгейден жоғары болады. 
Одан жоғарғы шеңбердегі (6 шеңбер) бҧзылыстар сана кҥңгірттенуімен 
байланысты экзогенді психоздарға тән (делирий, аменция қарауытқан 
жағдай), одан жоғары (7 шеңбер) органикалық психозбен шекаралас, одан да 
әрі (8 шеңбер) эпилепсия шеңбері (ҥлкен ҧстама, басқа тырысулық және 
тырысусыз пароксизмдер). Синдромдардың дамуы 9-шеңберде дӛрекі 
органикалық психоздармен шектеледі (ҥдемелі салдану, кәрілік психозы 
және т.б.). Әрбір жоғары жатқан синдромдар шеңбері тӛменгі деңгейдегі 
синдромдар шеңберін қамтиды. Сондықтан ҥдемелі салдануда депрессивті 
және маниакальды жағдайлар (маниакальды-депрессивті психозға сәйкес 
аффективті 
деңгейдің 
қосылуы), 
парафренді 
сипаттағы 
пікірлер 
(шизофрениялық бҧзылыстар шеңбері), ҥлкен тырысулық ҧстамалар кездесуі 
мҥмкін. 
Басым 
галлюцинаторлы-параноидты 
синдроммен 
жҥретін 
эпилепсиялық психоздарды манифестация кезеңіндегі шизофрениядан айыру 
қиын. Сонымен қатар шизофрения барысында пайда болған делириозды және 
қарауытқан жағдай, эпилептоморфты ҧстамалар дерттің клиникалық 
кӛрінісіне атипті сипат береді және әрқашан шизофренияға жат болып келеді.
Осындай принцип бойынша астенияға тән психикалық ҥрдістердің 
қажуынан бастап, тҧлға деңгейінің тӛмендеуінің әртҥрлі дәрежесіне дейін 
және орталық жҥйке жҥйесінің органикалық зақымдануымен науқастардағы 
тотальды ақыл кемдігінің дамуына дейін (9-10 шеңберлер) ауырлаған 
негативті психикалық бҧзылыстар қарастырылады (І шеңбер).
Бҧл схема Э. Крепелиннің психикалық патологияның жалпы теориясы 
негізінде жасалған. Ол психикалық бҧзылыстардың ҥш регистрін ажыратты:
І. Невроздар мен маниакальды-депресивті психозға сәйкес келетін 
невротикалық және аффективті бҧзылыстар;
ІІ. Шизофрениялық бҧзылыстар;
ІІІ. Органикалық бҧзылыстар.
Психопатологиялық синдром қарапайым симптомдар жинағы емес, ол 
әр дертке тән қҧрылымы бар нозологиялық формамен детерминирленген 
патологиялық жҥйе.


~ 143 ~ 


~ 144 ~ 


~ 145 ~ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет