Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет82/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Қимылдық қозу 
Қимылдық қозу қимылдық тежелу тәрізді психоз жағдайларына тән 
және бірқатар жағдайларда олардың жеделдігінің белгісі. Мазмҧнына қарай 
қимылдық қозу біркелкі емес. Ол тек қозғалысқа талпыну немесе әрекетке 
талпынысты кӛрсетуі мҥмкін. Біріншісі кататониялық қозу ерекшелігін - таза 
маторлы, мақсатсыз және мағынасыз қозуды кӛрсетеді. Әрекетке талпыну 
психомоторлы қозу деп анықталатын маниакальды қозуға тән. 
Маниакальды жағдайда барлық психикалық функциялар жанданған, 
қабылдау жеңіл, ассоцативті қызмет жылдамдаған, кӛңіл-кҥй кӛтеріңкі 


~ 138 ~ 
болады. Мҧндай қозу ауыр жағдайдың ӛзінде де мағынасыз болмайды, ол 
әрқашан бір мақсатқа бағытталған. Науқастар аса белсенді, қозғалғыш, 
шаршамайды, кӛп және дауыстап сӛйлейді. Барлық жерде шу шығарып 
жҥреді, барлық іске кірісіп, оның ортасында жҥреді. Ойына келген істерін 
жылдам іс жҥзіне асырады. Гипоманиакальды жағдайдың жеңіл тҥрінде 
жҧмысқа қабілет артады, ол жиі ӛзінің жағдайына критиканың тӛмендеуіне 
байланысты болады. Дертті жағдай шыңына жеткенде психомоторлы қозу 
хаосты сипат алады. Зейін қойып бақылағанда науқастың тҥсініксіз тәртібі 
мақсатты, бірақ аяқталмаған әрекет екендігін байқауға болады. Егер мҧндай 
науқасты суретке тҥсіріп алса, фотографияда белгілі бір істі тындырып 
жатқан адам бейнесін кӛруге болады. Бҧл сурет кататониялық жағдайдағы 
қозған аурудың бейнесінен ерекшеленеді, кататониялық жағдайдағы науқас 
қимылдары қыртыс асты гиперкинездеріне ҧқсас. Маниакальды қозу 
жағдайындағы науқас келбеті олардың эмоциональды кҥйін бейнелейді: олар 
ӛздерін сенімді ҧстайды, жасарып кеткендей кӛрінеді, бет әлпеті кӛңілді, 
кӛздері жылтылдайды, беттері қызарған, мимикасы жанданған, қозғалысы 
және позалары нық, дауыс байламдарына тҧрақты кҥш тҥскендіктен 
дауыстары қарлыққан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет