~ 146 ~
Галлюцинаторлы және сандырақтық синдромдар
Галлюциноз - бір анализатормен шектелген сана кҥңгірттенуінсіз кӛп
мӛлшердегі галлюцинациялармен сипатталатын жағдай. Науқас ҥрейлі,
тынышсыз
немесе керісінше, тежелген. Науқастың жҥріс-тҧрысы мен
галлюцинацияға қатынасына қарап жағдайдың ӛткірлігін байқауға болады.
Жеделдігіне байланысты
жедел және созылмалы галлюцинозды ажыратамыз,
ол мазмҧнына қарай - есту, тактильді, кӛру болып бӛлінеді.
Есту галлюцинозы әдетте вербальды болады: дауыс естілгендей, ӛзара
сӛйлескендей, дауласқандай, науқасты кінәлағандай, оның ӛміріне қастандық
ҧйымдастырғандай болады. Есту галлюцинозымен алкагольды психоздың
клиникалық кӛрінісі
анықталады; синдром сонымен бірге интоксикациялық
психозда, нейросифилисте, бас-миының қантамырлық зақымдалуында да
кездеседі.
Тактильді галлюцинозда науқас терісінде және тері астында жәндіктер,
қҧрттар, микробтар жҥргендей
сезінеді, жыныс мҥшелеріне жанасып
тҧрғандай болады; бҧл кҥйзелістерге әдетте сыни кӛзқарас болмайды. Егде
жас психоздарында, орталық жҥйке жҥйесінің
органикалық зақымдануында
кездеседі.
Көру галлюцинозы –кенеттен кӛру қабілетін жоғалтқан қарт адамдарда
жиі кездесетін галлюциноз формасы, және де соматогенді, қантамырлық,
интоксикациялық және инфекциялық психоздарда кездеседі.
Шарль Бонне
галлюцинациясы кезінде науқастар бір уақытта ҥй қабырғасынан айқын
суреттер, кҥнге шағылысқан суды, гҥлдер алаңын, ойнап жҥрген
балаларды
кӛргендей болады, бҧл кӛрініске таңданады, дегенмен кӛру қабілетінсіз
мҧндайды кӛру мҥмкін
еместігі, дертті кҥй екендігін науқас саналы тҥрде
тҥсінеді.
Әдетте галлюциноз кезінде науқастың орын, уақыт және ӛзіндік
тҧлғасына бағдары бҧзылмайды, дертті кҥйзеліс амнезияланбайды,
басқаша
айтқанда сана кҥңгірттенуі болмайды. Кейде науқас ӛміріне қауіп тӛндіретін
сипаттағы жедел галлюциноз кезінде науқаста ҥрей, қорқыныш деңгейі
жоғарылайды да, сананың аффективті тарылуы болады.
Достарыңызбен бөлісу: