Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет95/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Есеңгіреу - психикалық ҥрдістердің кедейленуімен және психиканың 
патологиялық ӛнімінсіз сана белсенділігі тӛмендеуінің жеңіл дәрежесі. Бҧл 
жағдайда барлық сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау табалдырығы 
жоғарылайды және жауап реакциясының жасырын (латентті) кезеңінің ҧзақ 
болуы тән, нәтижесінде науқас тек кҥшті тітіркендіргіштерге жауап береді, 
айналадағы қҧбылысты қиыншылықпен, толық емес қабылдайды. Ойлау 
қабілеті қиындаған, науқас тек жеңіл сҧрақтарды, оны бірнеше қайталағанда 
тҥсінуге қабілетті, жауаптары толық емес, біртекті, жҧпыны. Айналадағы 
қҧбылыстарға қатыспаушылық, тежелу, жиі ҧйқышылдық (сомнолентті 
жағдай) жағдайы болады. Тҥс кӛру болмайды, бағдарлау әртҥрлі дәрежеде 
ӛзгерген. Есеңгіреу кезіндегі жайттарды еске тҥсіру қиын, ҥзікті немесе 
мҥлдем еске тҥспейді.
Есеңгіреудің бастапқы кӛрінісі обнубиляция болып табылады, бҧл кезде 
сана біресе айқындалып, біресе қарауытады.
Жағдайдың ауырлау дәрежесіне қарай есеңгіреу сопорға немесе 
комаға ауысады. Сопор кезінде аурумен сӛйлесу мҥмкін емес, бағдарлаудың 


~ 158 ~ 
барлық тҥрі бҧзылған, тек кҥшті тітіркендіргіштерге қимылдық және 
мимикалық реакциялар сақталады. Кома кезінде сана және сыртқы 
тітіркендіргіштерге реакция жоқ. Есеңгіреу, сопор, кома кез-келген 
соматикалық және психикалық ауруларда дамуы мҥмкін. Психиатриялық 
практикада бҧл жағдай эпилепсия ҧстамасынан кейін, электротырысулық 
және инсулиндік-шокты терапиясын қолданғанда бақыланады.
Делирий – сананың жедел пайда болатын кҥңгірттенуі. Бҧл кезде 
уақыт және орын бойынша бағдарлау бҧзылса да, ӛзіндік тҧлғасын бағдарлау 
сақталады, иллюзиялар, сахна тәрізді кӛру галлюцинацияларының ағынымен, 
аурудың кҥрт қозуымен, бҧл жағдайдан шыққаннан кейін бӛліктік 
амнезиямен кӛрініс береді.
Делирийдің ҥш сатысын ажыратады. Бірінші сатысы гиперестезиямен 
(әсіресе есту, кӛру анализаторлары саласында), кӛңіл-кҥйдің ӛзгеруімен 
(сӛзшеңдікпен кӛтеріңкі кӛңіл-кҥйден қорқынышпен, шошынумен ҥрейлі 
кҥйге дейін), әртҥрлі айқын елестер ағыны тҥрінде естеліктердің 
жандануымен, бір орында жай таппаумен сипатталады. Делирийдің алғашқы 
симптомдарының бірі ҧйқы бҧзылуы болып табылады. Әртҥрлі қорқынышты 
тҥстерден шошып ояну нәтижесінде ҧйқы бҧзылады. Екінші сатысында ауру 
кӛрген тҥсі мен шындықты ажырата алмайды, айналасындағы қҧбылыстарды 
иллюзия тҥрінде қабылдайды, қозу кҥшейеді. Үшінші сатысында
делирийдің ең жоғарғы шегінде, шындық ӛмір тҥгелдей галлюцинаторлық 
бейнелермен, сандырақтық оқиғалармен (жедел сезімдік және бейнелік 
сандырақ) алмасады, осының барлығы шынайы кеңістіктен қабылданады 
ӛтіп жатқан қҧбылыстардың кейіпкері науқастың ӛзі болып табылады.
Мазасыздық жедел аффективті-қанық қозу жағдайымен алмасады, 
оның мазмҧны сандырақ тематикасымен анықталады: ашу-ыза, қорқыныш 
жағдайында науқас әлдекімге шабуыл жасайды немесе ӛз басын сауғалайды, 
жасырынады, қашуға тырысады. Науқастың патологиялық кҥйзелістері мен 
аффективті жағдайы және жҥріс-тҧрысы арасында гармониялы бірлік бар. 
Жағдай тҥнге қарай ауырлай тҥседі, ал кҥндіз сананың біршама айқындалу 
кезеңдері болады. Делирийден шығу жиі критикалы сипатта, ҧйқы кезеңінен 
кейін болады. Болған оқиғалар жӛнінде естеліктер толық емес, ҥзінді тҥрінде 
болады.
Делирийдің аса ауыр тҥрінің варианттары кәсіптік делирий немесе 
мусситирлеуші делирий болып табылады, бҧл варианттары ҥшінші 
сатысынан кейін дамиды. Кәсіптік делирийде науқас кҥйзелісі мен қимыл-
әрекеті ӛзінің мамандығына, қызметіне байланысты болады. Науқас ӛзін 
кҥнделікті қызмет жағдайында тҧрмын деп ойлап, мамандығына байланысты 
әртҥрлі сӛздер айтып, қимылдар жасайды. Ауыр соматикалық ауруларда 
пайда болатын мусситирлеуші делирий кезінде қозу тӛсек деңгейімен 
шектеледі, қимылдар «тартқылау» және қармау тҥрінде кӛрінеді. Науқас 
ҥздіксіз, бәсең дауыспен, тҥсініксіз сӛздерді айтады, ҥстінен кӛрпені 
ысырады, аяқтарын мағынасыз қозғалтады. Бҧл жағдай бҧдан әрі коматозды 
жағдайға ауысып, ӛліммен аяқталуы ықтимал.


~ 159 ~ 
Делирийді (мусситирлеушіден басқасын) экзогенді типтегі қатерсіз 
реакцияға жатқызады. Делирий соматикалық, инфекциялық ауруларда, бас-
ми жарақаттарында, мидың қантамырлық патологиясында дамуы мҥмкін. 
Алкогольді делирий ӛзіндік нозологиялық форма болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет