Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет93/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Каталепсия 
Кататониялық қозумағынасыз, мақсатсыз қозу, кейде моторлы 
сипат алады. Науқас қимылдары біртекті және қыртыс астылық 
гиперкинездер болып табылады; агрессивті, импульсивті әрекеттер
эхопраксия, негативизм байқалуы мҥмкін. Беттің кейпі жиі қалыпқа сәйкес 
келмейді; кейде парамимия байқалады: беттің жоғарғы бӛлігі мимикасы 
қуанышты кӛрсетеді, кӛзі кҥлімсірейді, ал аузы ызалы, тістеніп алған, 
еріндері қатты қапсырылған, кейде керісінше болады. Кейде мимикалық 
ассиметрия байқалады. Ауыр жағдайда сӛйлеу жоғалады, мылқау қозу 
жағдайы бақыланады немесе науқас ырылдайды, мыңғырлайды, ҥзік-ҥзік 
сӛздер, буындар, дауысты дыбыстарды айтады. Кейбір науқастард тоқтаусыз 
сӛйлеу бақыланады. Бҧл кезде сӛз оғаш, жоғары жҧпты, сӛздік 
стереотипиялар, эхолалия, сӛз ҥзілуі, вербигерация – бір сӛзді екінші сӛзге 
мағынасыз қаптастыру байқалады. Кататониялық қозудан ступорлы жағдайға 
немесе ступордан қозу жағдайына ауысу мҥмкін.
Кататонияны люцидті және онейроидты тҥрлерге ажыратады. Люцидті 
кататония кезінде сана кҥңгірттенбейді, негативизмді ступор, сіресу немесе 


~ 155 ~ 
импульсивті қозу байқалады. Онейроидты кататонияда сана онейроидты 
кҥңгірттенеді, сасқалақтаумен кататониялық қозу немесе
Кататониялық қозуы бар науқас 
балауыздық иілгіштікпен ступор кҥйі кӛрінеді. Кататониялық синдром жиі 
шизифрения кезінде, кейде - эпилепсия немесе экзогенді - органикалық 
психоздар кезінде диагностикаланады.
Гебефрениялық синдром шығу тегі мен кӛріністері жағынан 
кататонияға 
ҧқсас. 
Қимыл-әрекеттің, 
сӛздердің 
мәнерлілігімен, 
оғаштығымен, алаңғасарлықпен сипатталатын қозу. Кӛңілділік, қисаңдау 
және әзілдері қоршаған ортадағы адамдарда кӛңілділік туыдрмайды. 
Науқастар келемеждейді, гримасалар жасайды, бала тәрізді сӛйлейді, 
аунайды, билейді. Кататония мен гебефрения арасында ауысулар байқалады. 
Жасӛспірімдерде баяу ағымды шизофрения шеңберінде кейде гебоидтылық – 
алаңғасарлық, 
жҥріс-тҧрыс 
дӛрекілігі 
қалдықтарымен, 
әуестік 
бҧзылыстарымен және ассоциальды тенденциямен кӛрінетін толық 
дамымаған гебефрениялық жағдай диагностикаланады.


~ 156 ~ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет