~ 160 ~
қоршаған ортаны толық формальды бағдарлау жағдайлары кездескен –
бағдарланған онейроид. Онейроид жиі кезеңдік шизофрениямен, осы
аурудың ӛзге формаларының ӛткір сатыларында дамиды;
кейде
инфекциялық, соматикалық, интоксикациялық, эпилепсиялық психоздарда
кездеседі.
Аменция –
кеңістікті, уақытты, жеке басын бағдарлау бҧзылуымен,
шындықты тҥсіну қабілетінің жоғалуымен және осы кезеңнің толық
амнезиялануымен жҥретін сананың терең кҥңгерттенуі. Аментивті кҥй ауыр
соматикалық және психикалық зорығу, қажу фонында (сепсис, авитаминоз,
ашығу) дамиды, ҧзаққа созылады (апталар және айлар) және болжамы нашар.
Ағымдағы оқиғаларды тҥсіну қабілеті жоғалады, оларды біріктіріп қабылдай
алмайды алмайды. Сағатқа қарай отырып, оның тілдерін дҧрыс кӛріп отырса
да, уақытты айта алмайды. Сӛздері
байланыссыз, қозу шеңбері аз кеңістікті
алады, мағынасыз, хаосты және бас, аяқ-қолдарын қозғалтумен кӛрінеді.
Аффективті кӛріністер ӛзгермелі,
иллюзиялар, жеке галлюцинациялар,
кататониялық бҧзылыстар болуы мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: