Ҥлкен эпилепсиялық ҧстама (grand mal) – бір сәтте сананың толық
жоғалуымен және кенеттен қҧлаумен жҥретін генерализацияланған
тырысулық ҧстама. Ҧстаманың алдында бірнеше сағат немесе бір-екі кҥн
бҧрын жалпы әлсіздік, бастағы ауырлық сезімі, кӛңіл-кҥй ӛзгерісі, еңбекке
қабілеттілік тӛмендеуі тәрізді хабаршы белгілері байқалады. Кейде ҧстама
аурадан басталады, ол грек тілінен аударғанда «леп есу» деген сӛз. Аура
сенсорлы болуы мҥмкін, ол ауаның жеңіл қозғалысы, желдің есуі,
галлюцинаторлы бейнелерді қабылдау, психосенсорлы, дереализациялық
және деперсонализациялық бҧзылыстармен жҥреді, және моторлы болуы
мҥмкін, бҧл кезде стереотипті автоматтандырылған қозғалыстар кӛрінеді,
вегативтік аура вазомоторлық және секреторлы бҧзылыстармен кӛрінеді,
психикалық аура аффективті, сандырақтық және басқа кӛріністермен бірге
кҥрделі кҥйзелістермен ӛтеді. Аураны санының ерекше жағдайларына
жатқызады, бҧл кезде науқас болып жатқан оқиғаларды ішінара тҥсінеді,
ӛзінің іс-әрекетін бақылай алады, мысалы, қҧлап бара жатып, денесін
жарақаттамас ҥшін жата қалу. Аура бірнеше секундқа созылады, бірақ
ҧмытылмайды, тіпті есінде толығымен анық сақталуы мҥмкін.
Тырысулық ҧстама басталған уақытта барлық кӛлденең жолақты
бҧлшық еттердің тоникалық кернелуіне байланысты науқас «шалынған»
тәрізді қҧлайды – бҧл ҧстаманың тоникалық фазасы. Дене керіледі, қол-аяғы
жазылады, ӛйткені жазғыш бҧлшық еттер кҥші басым болады. Тыныс алу
бҧлшық еттерінің жиырылу нәтижесінде кеуде қуысынан, спазмдалған
дыбыс тесігінен ауа кҥшпен шығады да, ҧстаманың басында осындай
науқастарға тән айқайы шығады. Ауыз бірнеше секунд бойына ашық болады,
сонан соң тістері сақылдап, тілі мен ҧрты шайналады. Кӛз бҧлшық еттерінің
жиырылуы нәтижесінде кӛздері аларып, айналады. Тоникалық фаза 15-30
сек. созылады, артынан клоникалық фазаға ауысады, ол 20-40 сек. созылады.
Бҧлшық еттердің тырысулық жиырылуы босаңсу жағдайымен алмасып
тҧрады, науқас «ҧрылып» «соғылады». Тіл бҧлшық еттерінің тырысулық
жиырылуы нәтижесінде сілекей кӛбіктенеді де ауыз арқылы сыртқа шығады,
кейде қанға боялып, алқызыл тҥсті болып шығады. Клоникалық фаза кезінде
еріксіз несеп, нәжіс немесе ҧрық шығару болады. Қҧрысудың барлық кезеңі
бойына науқас дем алмайды, тері жабындысы, әсіресе бет терісі бозарудан
қою кӛк және қара-кӛк тҥске дейін ауысады. Қҧрысу аяқталғаннан кейін
бірнеше минутқа дейін комотозды жағдай бақыланады, артынан – жиі ҧйқы
жағдайына ауысатын есеңгіреу жағдайы бақыланады. Қҧрусудың барлық
кезеңі есте қалмайды, кейде ретроградты амнезия болады.
Достарыңызбен бөлісу: |