Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Сәулелік аурулар кезіндегі псхикалық бҧзылыстар



Pdf көрінісі
бет171/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Сәулелік аурулар кезіндегі псхикалық бҧзылыстар 
 
Сәулелік аурулар кезіндегі психикалық бҧзылыстарды екі топқа бӛлуге 
болады: жедел реактивті жағдайлар (кез-келген уақытта пайда болуы мҥмкін 
және денсаулық пен ӛмірге қауіп тудырумен сипатталатын, әртҥрлі тереңдік 
пен айқындылық дәрежесіндегі арнайы емес психикалық реакциялар) және 
енген радиацияның әсерінен болатын бҧзылыстар. Тікелей сәулелену 
ҥрдісінде (сәулелік терапия) кӛптеген науқастарда жалпы әлсіздік, бас 
ауыруы, жҥрек айнуы мен бас айналу және ӛзін- ӛзі нашар сезіну байқалады. 
Кейбір жағдайларда ес тӛмендеуі, тез шаршағыштық, эмоциональды 
тҧрақсыздық, ҧйқышылдық, әлсіздікпен астениялық жағдайдың клиникалық 
кӛріністері дамыды. 
Кейбір жағдайларда сәулеленуден кейін 2 – 7 жыл аралығында ОЖЖ 
жағынан ӛзгерістер орын алған. Әртҥрлі синдромдардың пайда болуы мен 
олардың ауырлық дәрежесі сәулелік әсердің суммарлы интенсивтілігімен 
анықталды. Жиі вегатативті – қантамырлық және эндокриндік регуляция 
бҧзылыстары, астеновегетативті және церебрастениялық синдромдар, жҥйке 
жҥйесінің органикалық бҧзылыстары байқалып отырды. Сәлеленуден кейінгі 
алғашқы 2 жылда вегетативті-қантамырлық және эндокриндік бҧзылыстар 
басым болды, ал кейбір жағдайларда айқын жалпы астенизациямен және 
невротикалық реакциялармен бірге жҥрді. Сәулеленуден кейін 3 - 4 жыл 
ӛткен соң церебрастениялық бҧзылыстардың біруақытта ҥдеуімен 
астенизацияның одан әрі тереңдей тҥсуі байқалды. Науқастар есте сақтау 
кабілетінің кҥрт тӛмендеуіне, тез шаршағыштық пен қажу жағдайына, ал 
кейде тіпті қарапайым ой еңбектеріне зейінін жҧмылдыру мҥмкінсіздігіне 
шағымданды. Кӛптеген науқастарда ҥнемі немесе кезеңмен бас ауыруы 
байқалған. 


~ 264 ~ 
Науқастардың жалпы әлсіздігінің кӛрінісі ҧлғая тҥскенде жҥйке 
жҥйесінің (бас – ми иннервациясының бҧзылысы, қимыл сферасының 
бҧзылыстары, оптико - вестибулярлы симптомдар және т.б.) органикалық 
зақымдануларының микросимптомдары байқалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет