Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


 Тарау.  ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет172/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

19 Тарау. 
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР КЕЗІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ 
БҦЗЫЛЫСТАР 
 
Пайда болуы мен дамуына негізгі себеп инфекциялар болып табылатын, 
ал психопатологиялық кӛрінісі әдеттегі экзогенді типтегі реакциялармен 
анықталатын психоздар инфекциялық психоздар деп аталады. 
Экзогенді тип реакцияларына келесі синдромдар жатады: астениялық, 
делириоздық, корсаковтық, эпилептиформды қозу (қарауытқан жағдай) 
кататония, галлюциноздық синдромдар. Мҧндай психопатологиялық 
симптоматикамен жалпы инфекциялар (сҥзек, безгек,
туберкулез және т.б.)
ӛтуі мҥмкін немесе ол мида орналасқан инфекцияның клиникалық кӛрінісі 
болуы мҥмкін. Менингит кезінде басым ми қабықтары, энцефалит кезінде
ми затының ӛзі, менингоэнцефалит кезінде комбинирленген зақымдалу 
байқалады. Кейбір жалпы инфекциялар энцефалитпен (мысалы, іріңдік 
инфекция, тҧмау, малярия) немесе менингитпен (мысалы, туберкулез) 
асқынуы мҥмкін.
Инфекциямен кҥресудегі кеңестік медицина жетістіктерінің арқасында 
біздің елде инфекциялық аурулармен ауыру кҥрт тӛмендеп, осыған сәйкес 
инфекциялық психоздардың да кездесу жиілігі едәуір азайды.
Инфекциялық психоздарды шынайы ғылыми зерттеу XIX ғасырдың аяғында 
басталды, бҧған микробиологияның дамуы мен медицинадағы нозологиялық бағыттың 
пайда болуы ықпал етті.
XX ғасырдың басында К.Бонгеффердің экзогенді типті реакцияларының 
концепциясы пайда болды, мҧның мәні әртҥрлі экзогенді зияндылықтарға бҧзылыстардың 
ҧқсас психикалық формаларымен жауап реакциясын мойындау болып табылады. 
Инфекциялық психоздардың таралуы 
 
Әртҥрлі авторлардың берген мәліметтері бойынша инфекциялық 
психоздардың еліміздің жеке облыстары бойынша кездесу жиілігі жӛніндегі 
статистикалық мәліметтер, инфекциялық психоздарды диагностикалау 
айырмашылығы және психикалық аурулардың пайда болуында инфекциялық 
факторлардың рӛлін бірдей бағалаумауға байланысты кҥрт ауытқулармен 
ерекшеленеді (психиатриялық ауруханаға тҥскен науқастардың 0,1 ден 20 %-
на дейін). Инфекциялық психоздар мен басқа да психикалық аурулардың 
сандық арақатынасы аз дәрежеде белгілі бір кезеңдегі нақты ауданның 
эпидемиологиялық сипатына тәуелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет