Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Психикалық бҧзылыстардың клиникалық кӛріністері



Pdf көрінісі
бет173/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Психикалық бҧзылыстардың клиникалық кӛріністері. 


~ 265 ~ 
 
Инфекциялық аурулар кезінде және одан кейінгі кезеңде бақыланатын 
психотикалық емес бҧзылыстар ішінде жиі кездесетіні астениялық бҧзылыс 
болып табылады. Науқастар ӛте тез және жеңіл шаршайды, бас ауыруына, 
әлсіздікке, сылбырлыққа шағымданады. Ҧйқысы беткей болып, қорқынышты 
тҥс кӛрулермен бірге жҥреді. Кӛңіл-кҥйінде тҧрақсыздық (кӛңіл-кҥйі 
кӛбінесе тӛмен, мҧңаюға бейім келеді), тітіркенгіштік, ашушаңдық 
байқалады. Науқастардың қимылы баяу және сылбыр. 
Жедел инфекциялық психоздарға сана бҧзылуы, соның ішінде оның 
кҥңгірттенуі: делириоздық немесе аментивті синдром, сирек - сананың 
қарауытқан кҥңгірттенуі тән. Сана бҧзылысы жиі дене температурасы 
жоғары шегіне жеткенде пайда болады, олардың структурасында айқын есту 
және кӛру галлюцинацияларымен бірге жедел сезімдік сандырақ 
бақыланады. Бҧл қҧбылыстар безгектік кезең ӛткен соң жойылады. 
Инфекциялық психоз дене қызуы қалпына келгеннен кейін де дамуы 
мҥмкін. Ауыр инфекцияның жедел кезеңі ӛткен соң гиперестезия және 
эмоциональды әлсіздік кӛрінісімен терең астенияға ауысатын аментивті 
синдром байқалуы мҥмкін. 
Созылыңқы және созылмалы инфекциялық психоздарға мыналар тән: 
амнестикалық корсаков синдромы (ес бҧзылыстарының біртіндеп қалпына 
келуіне тенденциямен), галлюцинарторлы-параноидты синдром, формальды 
ашық сана фонындағы кататоно-гебефрендік синдромдар. Соңғы екі синдром 
сол сәтте шизофрения симптоматикасынан қиын ажыратылады. Бҧл кезде 
шизофренияға тән тҧлғалық ӛзгерістердің (аутизм, тҧлғаның эмоциональды 
кедейленуі және т.б.) немесе инфекциялық психоздарға (эмоциональды 
лабильділік, ес бҧзылысы және т.б.) тән тҧлғалық ӛзгерістердің 
дифференциальды-диагностикалық 
мәні 
жоғары. 
Мҧнда 
барлық 
симптомдардың комплекстерін, сонымен қатар диагностика ҥшін маңызды 
серологиялық және басқа да лабораториялық мәліметтерді де ескеру қажет. 
Ми тіні мен оның қабықтарының тікелей зақымдалуына байланысты 
пайда болған инфекциялар кезінде (нейротропты инфекциялар: қҧтыру, 
эпидемиялық кенелік және жапондық масалық энцефалиті, менингит), жедел 
кезеңнің келесідей клиникалық кӛрінісі бақыланады: қатты бас ауыруы жиі, 
жиі қҧсу, шҥйде бҧлшықеттерінің ригидтілігі және басқа да неврологиялық 
симптомдар фонында (Керниг симптомы, диплопия, птоз, сӛйлеудің 
бҧзылуы, парездер, диэнцефальды синдром белгілері және т.б.) есеңгіреу, 
сананың онейроидты кҥңгірттенуі (қиял тәрізді), сандырақтық және 
галлюцинарторлы бҧзылыстармен бірге қимылдық қозу дамиды. 
Энцефалит кезінде психоорганикалық синдром симптомдары байқалады. 
Есте сақтау қабілеті және интеллектуальды ӛнімділік тӛмендеп, психикалық 
ҥрдістерің, әсіресе интеллектуальды ҥрдістердің инерттілігі, белсенді 
зейіннің ауысуының қиындауы және оның тарылуы, аса лабильділік және 
ҧстамсыздықпен 
эмоциональды–еріктік 
бҧзылыстар 
байқалады. 
Психоорганикалық синдром жиі созылмалы регредиентті ағымды болады. 


~ 266 ~ 
Энцефалит кезіндегі психикалық бҧзылыстар неврологиялық бҧзылыстармен 
бірге жҥреді. Әдетте табанды және кҥшті бас ауырулары, аяқ-қолдардың 
орталықтық және перифериялық салдары мен парездері, гиперкинетикалық 
бҧзылыстар, сӛйлеудің және бас-ми нервтері қызметінің бҧзылысы, 
эпилептиформды ҧстамалар байқалады. Дене қызуы жиі ӛте жоғары 
кӛрсеткіштерге дейін кӛтеріледі (39-40°С). Вазовегетативті бҧзылыстар 
байқалады (артериалдық қысымның тербелістері, гипергидроз). 
Инфекциялық психоздар созылмалы ағыммен жҥргенде олардың 
клиникасындағы психикалық бҧзылыстардың әрқилылығымен органикалық 
синдром типтес тҧлғалық ӛзгерістерге алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет