Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Ми мерезі кезіндегі психикалық бҧзылыстар



Pdf көрінісі
бет176/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Ми мерезі кезіндегі психикалық бҧзылыстар 
 
Ми мерезінің психопатологиялық кӛрінісі әртҥрлі және ағза 
реактивтілігінде, ауру сатысына, локализациясына, патологиялық ҥрдістің 
таралуына байланысты. 
Ми мерезінде болатын психикалық бҧзылыстар мидың басқа 
органикалық аурулары кезіндегі патологиялық симптомдармен ҧқсас болады, 
оларға: энцефалит, менингит, ісіктер, тамыр аурулары жатады. Осы 
ауруларды есепке ала отырып мерезді диагностикалау және басқа аурулардан 
ажырату кезінде неврологиялық симптомдарға және серологиялық зерттеу 
нәтижесіне кӛп кӛңіл бӛлінеді. 
Мерездің Ι-II сатысындағы кең таралған психопатологиялық синдромға 
неврозтәрізді (мерездік неврастения) синдром жатады, бҧл кезде 
невротикалық, ипохондриялық және депрессивті бҧзылыстар анықталады. 
Бҧл жағдайда аса тітіркенгіштік, эмоциональды лабильділік, жиі бас 
ауырулары, ес нашарлауы, еңбекке қабілеттің тӛмендеуі тәрізді смптомдар 
басым болады. Біртіндеп лакунарлы ақылкемдігі қалыптасады. 
Бҧл психикалық бҧзылыстарға қарашық симптомы қосылады (жарыққа 
реакциясы тӛмендейді). Бас-ми нервтерінің патологиясы, менингеальды 
симптомдар, эпилептиформды ҧстамалар пайда болады., Вассерман 
реакциясы қанда әрқашан және жҧлын сҧйықтығында ҥнемі емес оң мәнді, 
шамалы плеоцитоз, глобулин реакциясы оң мәнді, Ланге реакциясы кезінде 
патологиялық қисық (алғашқы 3-5 пробиркадағы сҧйықтық тҥсінің ӛзгеруі 
«мерездік тісше» 112321110000, 5-7 пробиркадағы – «менингиттік қисық» 
003456631100) анықталады. 
Мерездің ΙΙ-III сатысына басты симптомдарына қарай жіктелетін 
психоздар 
тән. 
Галлюцинаторлы–параноидты, 
псевдопаралитикалық 
синдромдармен және делириозды тип бойынша сана кҥңгірттенуімен 
мерездік психоздарды ажыратады. 


~ 269 ~ 
Ми мерезі кезіндегі галлюцинаторлы–параноидты синдром жиі есту 
галлюцинацияларының пайда болуымен басталады: науқас ӛзінің тарапына 
балағат сӛздер, кемсітулер, жиі жәбірлеуші сексуальды сӛгістер естиді, кӛп 
ҧзамай науқастар бҧл дауыстарға сын кӛзқарасын жоғалтады, ӛзін кісі 
ӛлтіретіндер, ҧрылар және т.б. аңдып жҥр деп есептейді. 
Галлюцинаторлы–параноидты синдром фонында қозу жағдайымен 
бҧзылған сана эпизодтары бақылануы мҥмкін. 
Ми 
мерезі 
кезіндегі 
галлюцинаторлы–параноидты 
синдромды 
алкогольдік психоздан, шизофрения тәрізді синдромдардан ажырату керек. 
Ми мерезі кезінде сандырақ пен галлюцинация қарапайым мазмҧнда 
болады, эмоциональды компонентпен байланысқан, тҧлғаның органикалық 
ӛзгерістері фонында дамиды, ал шизофрения кезінде олар абстрактылы, 
тҧлғаның эмоциональды кедейлену белгілері, ойлау бҧзылысы бақыланады. 
Алкогольдік психоз кезінде тҧлғаның алкогольді тип бойынша ӛзгерістері 
байқалады. 
Мерез ҥрдісінде әрқашан мерездің соматикалық және неврологиялық 
белгілері, және де лабораториялық зерттеулердің сәйкес мәліметтері болады. 
Псевдопаралитикалық синдром кезінде органикалық тип бойынша ақыл 
кемдігі фонында бейғам кӛңіл-кҥй басым болады, науқастар эйфория 
кҥйінде, әртҥрлі фантастикалық сипаттағы ҧлылық сандырақтық идеяларын 
айтуы мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет