~ 426 ~
дәлірек, қайталап сҧрақ қойыңыз. Науқасты тыңдап қана қоймай, оның ӛзін
қалай ҧстағанына, сыртқы бейнесіне назар аударыңыз және барлығын
жадыңызда ҧстаңыз.
4. Науқаспен ешқашан сӛз жарыстырмаңыз, дауласпаңыз.
Оған ешқашан
сенікі дҧрыс емес деп дәлелдеме жасамаңыз. Оның дерті, емі, шығу мерзімі
жӛнінде және басқа медициналық тақырыптардағы мәселелер жӛнінде
талқыламаңыз. Бҧл сҧрақтарыңызға емдеуші дәрігеріңіз жауап береді деп
айтыңыз.
5. Науқасты ешқашан алдамаңыз, оған орындалмайтын уәде бермеңіз. Науқас
қандай-да бір ӛтініш білдірсе, оны емдеуші
дәрігерге хабарлайтыныңызды
айтыңыз.
6. Науқастың айтқан сӛзіне, іс-әрекетіне, тексерілуден бас тартуына реніш
білдірмеңіз. Науқастың ӛрескел және ҧятты қылықтарын «байқамаған»
болыңыздар. Естеріңізде болсын, бҧл дерт белгілері.
7. Егер науқаспен әңгіме ҥстінде сізде эмоциональді
реакция пайда болса
(қорқыныш, кҥлкі, жымию), онда ӛзіңізді берік ҧстауды ҥйреніңіз,
кӛрсетпеуге тырысыңыз. Егер әңгіме ҥстінде науқас тітіркенгіштік, сезіктілік
және агрессивтілік танытса, сіз науқасқа қауіптеніп тҧрғаныңызды
білдірмеңіз, науқасты тыныштандырыңыз және тез арада ӛзіңіздің
оқытушыңызға және бӛлімше персоналына хабарлаңыз.
8. Әңгімелесіп болған соң науқасқа алғыс айтыңыз. Ол туралы кезекші
персоналға немесе ӛзіңіздің оқытушыңызға хабарлаңыз.
Ешқашанда
науқасты жалғыз қалдырмаңыз: оны палатаға алып барыңыз және персоналға
тапсырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: