Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау


Ақпаратты бекіту қабілетінің бҧзылысы



Pdf көрінісі
бет61/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Ақпаратты бекіту қабілетінің бҧзылысы 
Егер ақпарат бекітілмесе (фиксация) оның сақталуы мен қайта жаңғыру 
ҥрдісі іске аспайды. Ақпаратты бекіту жеткіліксіздігі клинкасы ағымдағы 
оқиғаларды есте сақтаудың бҧзылуымен кӛрінеді, ал бҧл қҧбылыс 
фиксациялық амнезия деп аталады. Фиксациялық амнезия Корсаков 
амнестикалық синдромының негізгі белгісі болып табылады, ол корсаков 
психозында, қарттық психозда, қантамырларының зақымдалуы және 
жҥйкелік жасушалардың ӛлуі нәтижесінде ми қоректенуінің бҧзылысында 
кездеседі. Мҧндай аурулар оқыған кітабының мазмҧнын еске тҥсіре алмайды, 
таңертең қандай тамақ жегенін, керек затты қайда қойғанын есіне тҥсіре 
алмайды. Мҧндай аурулар дҥкенге барып тҧрып, не алу керек екенін есіне 
тҥсіре алмай қиналады. Орын мен уақыт бойынша бағдарлау бҧзылысы орын 
алады. Ауру бҥгін қай кҥн екенін, қандай ай, қай жыл, аптаның қай кҥні 
екенін, ҥйден сыртта тҧрып қайда тҧрғанын, емханаға қашан тҥскенін, 
емдейтін дәрігердің атын сҧрағанда айта алмайды. Фиксациялық амнезиямен 
науқастың ӛмірі біркезеңді болады, осы сәт алдындағы сәттермен 
байланыссыз ӛтіп кетеді, сондықтан болып жатқан жайтты тҥсіну және 
бағдарлау бҧзылады. 
Осы тәріздес клиникалық факттар қысқа уақыттық және ҧзақ уақыттық ес бар 
екендігі жӛніндегі жаңа кӛзқараспен тҥсіндіріледі.
Қысқа уақыттық ес физиологиялық механизмі деп тітіркендіргіш әсерінен кейін 
қалған мидағы циркуляцияда жҥрген қозу жағдайын тҥсінеді. Рибонуклеин қышқылы 
(РНК) жҥйке жасушалары қозған жағдайда жиналады. Бҧдан басқа қозған аймақта 
электірлік активтілік жоғарылайды. Егер қозу ҧзақ уақыт сақталатын болса, белсенді 
электірлік алаң әсерінен РНК молекуласы ӛзгеріске ҧшырайды, және ақпарат кодталады 
осылайша қысқа уақыттық ес ҧзақ уақыттыға ауысады. Патология кезінде бҧл механизм 
бҧзылуы мҥмкін, бҧл қҧбылыс фиксационды амнезияда және басқа да мнестикалық 
бҧзылыстарда кездеседі. 


~ 112 ~ 
Ақпараттың қысқа уақыттыдан ҧзақ уақыттыға ауысу ҥрдісі ӛте сезімтал болып 
табылады, бҧған эксперименттік мағҧламаттар дәлел бола алады. Жануарларда қозғалыс 
дағдысын дамытқан, артынан электр тоғы кӛмегімен тырысулық ҧстама шақырған. 
Электрошок дағдының тҥзілуінен кем дегенде бір сағаттан кейін жасалғанда, дағды 
сақталып қалған. Егер электр тоғымен әсер ету қозғалыс дағдысынан кейін бірден 
жасалынғанда 
дағды 
сақталмаған. 
Бҧл 
тәжірибе 
игерілген 
дағды 
іздері 
консалидацияланып, қысқа уақыттық ес жағдайында тҧрған ақпарат ҧзақ уақыттық еске 
ӛтуі ҥшін уақыт керек екендігін дәлелдеді. Келтірілген мысал клиникалық тәжірибеде 
кездесетін ретроградты амнезияның кейбір нҧсқаларының моделі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет