Психикалыќ процестерді зерттеу їшін ўсынылєан тестілер жиынтыєыныѕ їлгісі



бет10/31
Дата21.11.2022
өлшемі0.91 Mb.
#465368
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
0,1,2,3,4 тест

I + I + I - I + I + I -
Бұл жағдайда мынадай ережелерді сақтау қажет:

  1. крестиктер және таяқшаларды тура үлгілегідей ретпен жазу керек;

  2. басқа жолға тек "-" таңбасынан кейін ғана көшу қажет;

  3. жолда (поляда) дазуға болмайды ;

  4. әр таңбаны бір торкөзде жазу керек;

  5. жолдар (строка) арасында - 2торкөзден арақашықтықты сақтау.

Алдымен балаға түсіндіріңіз және көрсетіңіз. Баланың өзін өзі бақылау дамуының жоғары деңгейінің белгісі алаңдамай, қателерін өзі тауып және түзетіп, таңбаларды ұқыпты қоюға тырысып, жұмысты тез бітіруге асықпай, жазғандарын өзі тексеріп, тапсырманы дәл және дұрыс орындауы.
Егер сіз бала мұндай күрделі тапсырманорындай алмайды деп есептесеңіз,одан гөрі жеңілдеуінен бастаңыз, алдымен тек бір таяқшаны ғана көшіру (" | ") немесе тек " + ",сосын барып I + I + I + I + I қатарын көшіру , және тағы сол сияқты қиындық деңгейіне қарай жалғастыру қажет.
Баланы мақтап қоюды ұмытпаңыз, бұл оған күрделі тапсырма.
5. "Иә және жоқ" әдістемесі

Баланың ереже бойынша жұмыс істей алуын бағалау
Бұл тест "Иә да, жоқ та демеңіз, қараны ақпен кимеңіз" атты белгілі балалар ойынының өзгертілген түрі (модификациясы) болып табылады.
Бұл ойынның тек бірінші бөлімі ғана қолданылады. Бала сұраққа жауап бергенде иә немесе жоқ сөздерін қолданбауы керек. Балаға ойын ережесі түсінікті болғанда,оған сұрақтар қойыңыз.

  1. Сенің мектепке барғың келеді ме?

  2. Саған ертегі оқып берген ұнайды ма?

  3. Сен мультфильм көргенді жақсы көресің бе?

  4. Сенің балабақшасында тағы бір жыл қалғың келеді ме? (Егер бала балабақшаға бармаса, онда сұрақты былай қою керек: сен мектепке күзде емес, келесі жылы барғың келеме?)

  5. Сен қыдырғанды жақсы көресің бе?

  6. Сен ойнағанды жақсы көресің бе?

  7. Сенің оқығың келе ме?

  8. Сен ауырғанды жақсы көресің бе?

Сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін, бала алаңдамай, үнемі есінде ойын шартын және белгілі рүрде жауап беру ниетін сақтап отыруы керек. Өз жауаптарын бақылап, тікелей иә немесе жоқ сөздерімен жауап бермей ұстамдылық танытып,әрі мазмұнды жауаптар беруі қажет.
Нәтижелердің бағасы қателердің санын, яғни иә және жоқ сөздерінің санын есептеумен жүргізіледі. 6-7 жасар бала үшін ,егер екіден артық емес қате кетсе, жақсы нәтиже болғаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет