Мақсаты: Өзін құрбы құрдастар ұжымына таныстыру.
Барысы: Балаға өзін таныстыру ұсынылады,өэінің атын айту, оны оған қалай атаған ұнайды,үйде қалай атайды немесе топта қалай атағанын қалайтынын айту керек
2. "Еркелетіп шақыр".
Мақсаты: Балалардың бір біріне тілектестік қарым қатынасын тәрбиелеу.
Барысы: Баланың жақсы көретін құрбысына (тілегі бойынша), оны еркелетіп атап, допты лақтыру немесе ойыншықты беруі қажет
3."Сиқырлы орындық" .
Мақсаты: Мейірімді болуға тәрбиелеу, балалар тілінде жылы мейірімді сөздерді көбірек қолдануға үйрету.
Барысы: Бір бала ортадағы "сиқырлы" орындыққа отырады, қалғандары ол туралы мейірімді, жылы сөздер, комплименттер айтады. Отырған баланы сипауға,құшақтауға, сүюге болады.
4. "Сезімдердің берілуі".
Мақсаты: Вербальды емес тәсілмен (сөйлемей) әртүрлі эмоциональды жағдайларды беруді үйрету.
Барысы: Балаға "тізбек бойынша" белгілі бір сезімді мимика, жест қимылдары , т.б. арқылы көрсетуге тапсырма беріледі. Одан соң балалар не сезінгенін ортаға салады.
5. "Түрлену".
Мақсаты: Пластика, мимика, жест қимылдары арқылы бейнелей отырып,заттарға, жануарларға түрлену, кейпіне ену.
Барысы: Балалар (кезекпен) белгілі бір образды ойлап, атын айтпай бейнелейді,Қалғандары оның сөздік портретін бере отырып, шешуін табады,атын атайды.
6. "Досыма сыйлық".
Мақсаты: Заттарды вербальды емес тәсілдермен "сипаттай" білуін дамыту.
Барысы: Бір бала "туған күн иесі", болады да, қалғандары оған өз қарым қатынасын мимика, жест қимылдары арқылы білдіре отырып, "сыйлықтар ұсынады"
7. "Мүсінші".
Мақсаты: Құрбылар тобында өзара әрекетке келісім жасауға үйрету.
Барысы: Бір бала - "мүсінші", үшеуі-бесеуі- "саз балшық". Мүсінші "саз балшықтан" өзінің ойлаған жобасы бойынша фигураларды орналастыра отырып, "композиция" жасайды