Психикалыќ процестерді зерттеу їшін ўсынылєан тестілер жиынтыєыныѕ їлгісі


Үлкен адамның шығармашылық күшін зерттеу



бет11/31
Дата21.11.2022
өлшемі0.91 Mb.
#465368
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
0,1,2,3,4 тест

Ата – ана және педагогтарға шағын орталық, 0,1,2,3,4сынып

Үлкен адамның шығармашылық күшін зерттеу


(мұғалімдер мен ата - аналар үшін).
Балалардың жетекшілері,яғни олардың ата - аналары мен педагогтардың шығармашылық ойлауын зерттеу - балалардың ойлау қабілетін зерттеуден кем емес. А.Н.Лук (1975) жоғары шығармашылық потенциялы бар педагогтардың дарынды оқушылары өмірде және оқуда тамаша жетістіктерге жеткенін атап айтқан болатын. Егер оқытушы шығармашылық қабілеттердің шкаласының төменгі жағында болса, онда оның дарынды оқушылары ашылмай, өздерінің мүмкіншіліктерін жүзеге асыра алмай қалады.
Ұсынылып отырған тест педагогтар мен ата-аналарға өздерін бағалауға көмектеседі.

Сонымен,сіздің шығармашылық потенциалыңыз қандай?


Ұсынылған жауаптардың бір нұсқасын таңдаңыз:

  1. Қазіргі оқыту және тәрбиелеу жүйесі жақсартылуы мүмкін деп санайсыз ба?
    А) Иә
    Б) Жоқ, ол онсыз да жаман.
    В) Кейбір жағдайларда мүмкін, бірақ мектептің бүгінгі жағдайында аса қажет емес.

  2. Оқыту мен тәрбиелеу жүйесін өзгертуге өзім де қатыса алам деп ойлайсыз ба?
    А) Иә, көпшілік жағдайда.
    Б) Жоқ
    В) Иә, кейбір жағдайларда.

  3. Сіздің кейбір идеяларыңыз сіз істейтін іс-әрекет саласында ілгерілеуге ықпал етеді деп санайсыз ба?
    А) Иә.
    Б) Иә, жағымды жағдайлары.
    В) Шамалы мөлшерде ғана.

  4. Өзіңізді үздіксіз білім беру жүйесінде келешекте маңызды роль атқарып, түбегейлі өзгерістер енгізе аламын деп саайсыз ба?
    А) Иә, әрине.
    Б) Күмәндімін.
    В) Мүмкін.

  5. Сіз әрбір әрекетке кірісерде істің жағдайын жақсартуға ықпал ететін өзіңіздің бастамаңызды жүзеге асыра алам деп ойлайсыз ба?
    А) Иә.
    Б) жиі ойланамын, бірақ істей алмаймын.
    В) Иә, жиі.

  6. Оқыту туралы ғылым ретінде дидактикамен айналысу ойыызда бар ма?
    А) Иә, белгісіз нәрсе мені қызықтырады.
    Б) Жоқ, бұл ғылымда маған таныс нәрселер мені қызықтырады.
    В) Бәрі де ғылымның зерттеу мақсатына байланысты.

  7. Сізге, салыстырмалы түрде алғанда, жиі-жиі жаңа іспен айналысуға тура келеді. Осы істе жетістіктерге жеткіңіз келеді ме?
    А) Иә.
    Б) Менен бұрын қол жеткен жетістіктерге қанағаттанамын.
    В) Жоқ, табысқа жету мүмкін еместігін білемін.

  8. Егер проблема шешілмесе, бірақ оның шешімі сізді толғандырса, бұл мәселені шешетін барлық теориялық жағдайларды білгіңіз келеді ме?
    А) Иә.
    Б) Жоқ, жинақталған тәжірибе білімі жеткілікті.
    В) Жоқ.

  9. Сәтсіздікке душар болғанда:
    А) Көпке дейін алған бетіңізден қайтпайсыз.
    Б) Қолыңызды сілтейсіз.
    В) Ісіңізді жалғастыра бересіз.

  10. Сіздің ойыңызша, адам мамандықты мына жағдайларға байланысты таңдауы керек:
    А) Өз мүмкіндігіңізге және болашағыңызға қарай.
    Б) Мамандықтың қажеттілігіне қарай.
    В) Оның беретін артықшылығына қарай.

  11. Саяхат жасағанда бір рет өткен маршруттан екінші рет оңай өте аласыз ба?
    А) Иә.
    Б) Жоқ.
    В) Иә, тек өзіме ұнаған жерлерден.

  12. Әңгімелескеннен кейін не айтылғандарды барлығын бірден есіңізге түсіре аласыз ба?
    А) Иә, қиналмай-ақ.
    Б) Мені қызықтыратындарды ғана есте сақтаймын.
    В) Барлығын еске түсіре алмаймын.

  13. Мәтінде белгісіз темин кездессе, оны ұқсас жағдайларда қолдана аласыз ба?
    А) Иә, қиналмай-ақ.
    Б) Иә, егер терминді оңай есте сақтауға болатын болса.
    В) Жоқ.

  14. Бос уақытыңызда жақсы көресіз:
    А) Оңашада ойлануды.
    Б) Компанияда болуды.
    В) Сізге бірі бір, бәрі бір өз проблемаңызды шешесіз.

  15. Сіз баяндама (мәлімет) дайындап жатырсыз. Бұл істі мынадай жағдайда ғана тоқтатасыз:
    А) Жұмыс аяқталды, сізге тамаша орындалған тәрізді көрінеді.
    Б) Өзіңізге шамалы болса да ризасыз.
    В) Бәрін жасай алмадыңыз, басқа да жұмыстар бар.

  16. Оңаша қалғанда:
    А) Сүйікті жасаушыңыздың кітаптарын оқисыз.
    Б) Өзіңізге нақты іс табуға тырысасыз.
    В) Өз жұмысыңызға қатысты мәселелерді шешесіз.

  17. Сізде бір идея пайда болған жағдайда:
    А) Қай жерде, кіммен екеніңізге қарамастан, соны ойлайсыз.
    Б) Оңашада ғана.
    В) Аса шулы емес жерде ғана.

  18. Сіз өз идеяңызды қорғағанда:
    А) Сенімді дәйектерді тыңдағанда, одан бас тартасыз.
    Б) Қандай дәйектме келтірілсе де, өз пікіріңізде қаласыз.
    В) Қатты қысым көрсетілген жағдайда, ойыңызды өзгертесіз.

Ұпайларыңызды төмендегідей санаңыз:
А жауабына - 3 ұпай.
Б жауабына - 1 ұпай.
В жауабына - 2 ұпай.
Жинақталған ұпайлардың қосындысы шамамен шығармашылық потенциалыңыздың деңгейін көрсетеді.
49 және одан артық ұпай. Шығармашылық мүмкіншілігіңіздің байлығын білдіретін потенциалыңыз бар. Егер өз қабілетіңізді істе қолдана алсаңыз, сіздің қолыңыздан шығармашылықтың әрбір түрлері келеді.
24-тен 48 ұпайға дейін. Сізде қалыптағыдай шығармашылық потенциал бар, бірақ шығармашылық үрдісіне кедергі жасайтын проблемаларыңыз да бар. Егер өзіңіз қажет еткен жағдайда, шығармашылық танытуға потенциалыңыз жетеді.
23 және одан аз ұпай. Өкінішке орай, сіздің шығармашылық потенциалыңыз шектеулі. Мүмкін, сіз өз қабілетіңізді қажетті деңгейде бағаламайтын шығарсыз? Өз күшіңізге сенімнің жоқтығы Сіздің шығармашылығыңызға кедергі жасайтын шығар? Сізге көбірек сенімділік керек. Бір қызықты істі бастап, аяғына дейін жеткізіңіз. Осылайша проблемаңызды шеше аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет