Психикалыќ процестерді зерттеу їшін ўсынылєан тестілер жиынтыєыныѕ їлгісі



бет9/31
Дата21.11.2022
өлшемі0.91 Mb.
#465368
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
0,1,2,3,4 тест

Келесі нұсқау мынадай болады: "Енді қарындашыңды келесі нүктеге қой. Тыңда! Ал, баста! Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төмен. Бір торкөз оңға. Әрі қарай осы өрнекті салуды жалғастыр".
Және соңғы өрнек. "Қарындашты соңғы нүктеге қой. Тыңда! Үш торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төмен.Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз оңға.Үш торкөз төмен.Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төмен.Бір торкөз оңға. Үш торкөз жоғары. Енді осы өрнекті салуды өзің жалғастыр".
Баланың тапсырманы айту бойынша және өз бетімен қалай орындайтындығына талдау жасаңыз. Бірінші көрсеткіш ешнәрсеге алаңдамай, нұсқауды мұқият тыңдай және дәл орындай алуын көрсетеді. Екіншісі- баланың өзбеттілік дәрежесін көрсетеді.(15-сурет)
Егер бала екінші және үшінші өрнектерді ешбір қатесіз немесе өрнектердің бірінде жекелеген қателермен орындаса (жаттығу өрнегі есептелмейді) еркіндік сферасының дамуы жақсы деңгейде болғаны. Егер ешқандай өрнек айтылған нұсқаумен сәйкес келмесе, еріктік сфераның даму деңгейі төмен болғаны.

15-сурет

2. "Лабиринт" әдістемесі

Ережелерді сақтай білуін бағалау
Балаға 16, 16а суреттерді ұсыныңыз. Оларда қиындық деңгейі жоғарылай беретін лабиринттер бейнеленген.
Мақсат: мүмкіндінше лабиринттен тез шығу.
Жұмыс барысында орындау қажет шарттар бар екенін балаға түсіндіріңіз.

  1. Жұмыс басында қарындашты лабиринттің центріне қою керек те, лабиринттен шыққанша қарындашты қағаздан алмау керек.

  2. Алдын-ала шығу жолын іздемей, қозғалысты бірден қарынлашпен орындау.

  3. Лабиринт сызықтарына тиіспеу, оларды қимау (бұл қате болып саналады).

  4. Кейін бұрылуға болмайды (бұл да қате).

Әр лабиринттен шығу уақыты- 1 минуттан артық болмау керек, әр жағдайдағы қателер саны 5 тен артық емес.Жаттығу үшін жаңа, күрделірек лабиринттер ойлап табыңыз.

16-сурет

3. "Үйшік"әдістемесі

Үлгі бойынша жұмыс істеуін бағалау
Балаға таза қағаз парағын және қарындаш беріңіз де, үлгіге (17-сурет) мұқият қарауын және дәл осындай суретті өз парағында аунытпай салуға тырысуын сұраңыз. Және де ескертіңіз: Егер сен қателесіп кетсең, онда өшіргішпен өшіруге болмайды, қате суреттің үстінен немесе жанында дұрыс сурет салу керек.
Баланың тапсырманы түсінгендігіне көзіңіз жетсе, бастауға рұхсат-белгі (команда) беріңіз.
Сурет салу барысында бала тапсырманы қалай орындайтынын бақылаңыз: үлгіге жиі қарайды ма, үлгі-суреттің үстінен сурет пішінін қайталайтын сызықтар (ауада) жүргізе ме, сағанын үлгімен салыстыра ма, немесе көз қиығын бір тастап қана,есінде сақтап салады ма, жұмыс барысында алаңдай ма, сұрақтар береді ме және т.б.
Бала жұмысының аяқтағанын білдіргенде, оның салған суреті дұрыс шықты ма, өзіне тексеруін ұсыныңыз. Егер ол өз суретінен қате тапса, ол оны түзей алады. Баланың суретіне қандай да бір түзетулер енгізудің және білмей қалған жерлерін есіне салудың қажеті жоқ..
Бағалау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады.

  1. сурет көшірмесінің дәлдігі: суретте барлық бөліктері бар ма (түтін, тұрба, үйшіктің негізін бейнелейтін сызық және т.б);

  2. барлық суреттің немесе оның жекелеген бөліктерінің өлшемдерінің сақталуы (2 еседен артық үлкею қате болып саналады);

  3. суреттің элементтерінің дұрыс бейнеленуі (түтін сақиналары, шарбақ, шатырдағы штриховкалар);

6-7 жасар бала бұл суретті әжептәуір дәл сала алады, жекелеген жағдайларда қандай да бір элементтердің қате бейнеленуі немесе үздіксіз болатын жерлерде сызықтардың үзілуі сияқты шамалы қателер кездеседі.

17-сурет

4. "Таяқшалар және крестиктер" әдістемесі

Өзін өзі зерттеу және өзін өзі бақылау деңгейін зерттеу
Балаға жолы (поля) бар торкөз дәптер парағын дайындаңыз және оның 5 минут ішінде үлгіде көрсетілгендей таяқшалар мен крестиктер жазуын сұраңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет