Психикалыќ процестерді зерттеу їшін ўсынылєан тестілер жиынтыєыныѕ їлгісі


Есті дамыту және тәрбиелеу жаттығулары



бет16/31
Дата21.11.2022
өлшемі0.91 Mb.
#465368
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
0,1,2,3,4 тест

Есті дамыту және тәрбиелеу жаттығулары

1. Қысқамерзімді есту есінің көлемін дамыту жаттығулары "Сөздер тасқыны"

Алдын ала балаларға жақсы таныс 8-10 сөз топтарынан тұратын тізім дайындап алыңыз. Оларды 25 суретте көрсетілгендей етіп орналастырыңыз.
Баланың сізбен бірге сөзді қайталауын сұраңыз. Бір сөзден бастаңыз, одан соң екі сөзді атаңыз, бала міндетті түрде сол ретпен қайталайды, үш сөзді атаңыз т.с.с. (сөз арасындағы интервалдар - 1секунд). Егер бала белгілі бір сөз қатарын қайталай алмаса, жалпы саны сонша, бірақ басқа сөздерді оқыңыз. ( бұл үшін басқа сөздер тізімін дайындапалу керек).
Егер екінші жолы бала сөз қатарымен берілген тапсырманы орындай алса,онда келесі қатарға көшіңіз, осылай екінші оқылғанда берілген сөз мөлшерін бала қайталай алмай қалғанша жалғаса береді...

  1. ОТ.

  2. ҮЙ, СҮТ,

  3. АТ, САҢЫРАУҚҰЛАҚ,ИНЕ.

  4. ҚОРАЗ,КҮН, ЖОЛ, ДӘПТЕР..

  5. ШАТЫР, АҒАШ, ШАМ, СУ,МЕКТЕП

  6. ҚАРЫНДАШ, МАШИНА, АҒА,ҚҰС ,НАН.

  7. БҮРКІТ,ОЙЫН,ЕМЕН, ТЕЛЕФОН, СТАКАН, ПАЛЬТО,БАЛА.

  8. ТАУ, ҚАРҒА, САҒАТ, ҮСТЕЛ, ҚАР, КІТАП, ҚАРАҒАЙ,БАЛ.

  9. ДОП, АЛМА,ШАПКА, СӘБІЗ, ОРЫНДЫҚ, КӨБЕЛЕК, МЕТРО, БАЛАПАН, КИІМ..

  10. ТРАКТОР, ТАС, ЖИДЕКТЕР, ПОРТФЕЛЬ, ШАНА, БАЛҒА, ҚЫЗ, ДАСТАРҚАН, ҚАРБЫЗ, ЕСКЕРТКІШ.

25-сурет
2. Есті дамыту ойыны " Мен қапқа салдым ..."

Бұл ойынды балалармен ұзақ жолға шыққанда ойнауға болады.
Взрослый ойынды бастайды да, айтады: "Мен қапқа алмалар салдым".Келесі ойыншы айтылғанды қайталайды да,оған тағы бірдеңе қосады: "Мен қапқа алмалар және банандар салдым". Үшінші ойыншы барлық айтылғандарды қайталайды да, тағы өз жанынан бірдеңе қосады. Осылай жалғаса береді.Бір сөзден қосып отыруға болады немесе сөздерді алфавит бойынша таңдап алуға болады: "Әжейдің бағында өсіп тұр..." Ойын тәртібі тура осындай.
Бұл ойындарда кімнің жеңіп, кіинің жеңілетіні маңызды емес. Мұнда бала еске түсіру қабілетінің дамуына көңіл бөлу керек.В этих играх не важно, кто становится победителем, а кто проигравшим. Важно, чтобы ребенок развивал в себе способность вспоминать, получая от этого удовольствие.
"Мен-фотоаппарат" ойыны

Балаға өзін кез келген затты, жағдайды, адамды және т.б. фотоға түсіріп алатын фотоаппарат түрінде елестетуін сұраңыз.
Мысалы, бала бірнеше секунд ішінде жазу үстелінің үстінде тұрған заттарды мұқият қарайды.Сөзін көзін жұмады да, есінде сақтағандардың бәрін айтып шығады.
Осылайша балалардың тек есін ғана емес, зейінін де дамытуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет