Бұл үшін болашақ мектеп оқушысы төмендегі талаптарды орындай алады ма, соны анықтау қажет: 20-30 минут бойы бір іспен (қызықты болуы міндетті емес) айналыса алу немесе ең болмаса бір орында отыра алу;
бірінші реттен қарапайым тапсырмаларды дұрыс түсіну,- мысалы, ер адам бейнесін салу ( жай ғана адам, ханша, робот немесе ойына не келгенін емес);
үлгі бойыенша іс-әрекет жасай білу (мысалы, бөліктерін ауыстырмай, басқа түсті қолданбай қарапайым суретті көшіріп салу);
берілген қарқын және шапшаңдықта қатесіз 4-5 минут бойы жұмыс істеу (мысалы, торкөзді дәптерге үлкеннің айтуымен қарапайым геометриялық өрнекті салу; "дөңгелек шаршы, дөңгелек шаршы", ал содан соң өз бетімен, бірақ сол қарқынмен;
қағаз бетінде және кеңістікте жақсы бағдарлай алу (жоғары-төмен, астында-үмтінде, оңға-солға ұғымдарын шатастырмау; үлкендердің айтуымен торкөз бойынша өрнек сала білу: "үш торкөз жоғары, үш оңға, бір төмен, бір оңға, бір жоғары, үш оңға, үш төмен" т.с.с.);
артық -кем, ерте - кеш алдымен-сосын, бірдей-әртүрлі, ұғымдарын түсіну;
қысқа тақпақтарды есінде сақтау.
Баланың әлеуметтік және эмоциональдық жетілуі оның басқа адамдармен (балалармен және үлкендермен) қарым қатынас жасай білуінен, қоғамдағы қабылданған тәртіпті сақтай білуінен, ережесі берілген ойындарды ойнай алуынан, ойын талаптарын өздері орындай отырып, оны басқалардың да орындауын қадағалай білуінен көрінеді. Әлеуметтік құзырлы бала адамдармен қарым қатынас орната алуға, олармен дау-дамайсыз келісе білуге, ешкімді жәбірлемей өз көзқарасын дәлелдей алуға, белгілі бір сұрақ маңайында серігінің пікірімен келісе білуге қабілетті.
Эмоциональды жетілген бала жиі ренжімейді, басқа адамдардың сезімдерін түсінеді, және оларды өз тәртібінде ескеруге қабілетті. Ол өз сезімдерін және оның себептерін түсіне, сипаттай біледі (мысалы, "Мен мұңайып тұрмын, өйткені бәрі кетіп қалды, ал мен жалғыз болғанды ұнатпаймын"). Мұндай бала мерекеде ұмытылып жалауша берілмей қалса, еңіреп жыламай, жай ғана тәрбиешіге келіп,сұрап алады,
Мектепке түскенде өз эмоцияларын басқара алмайтын балалар қиын жағдайда болады. Кез келген реніш оларды күйзелтеді. Бір істеріндегі сәтсіздік көпке дейін оларда өзін кемсіту, ал қанағаттану үлкен қуаныш сезіміне әкеледі. Бұл жағдайда айналаны (оның ішінде оқу материалын) қабылдау қабілеті күрт төмендейді. Өз уайымдарынан шыға алмаған балалар айналадағы оқиғаларды бағдарлай алуға мүмкіндігі жоқ, олардың зейіні төмендейді, ой қорытуға, логикалық ойлауға қабілеті жойылады. Кейде балалар қабілетсіз болып көрінуі мүмкін, әсіресе стресс жағдайында: мектепке қабылдау әңгімелесуінде, тестілеуде, одан кейін тақта алдында жауап беруде. Сондықтан 6-6,5 жасқа қарай балаға өз сезімін және уайымын бақылауды үйрету, оны "өзін өзі жұбату" тәсілдерімен таныстыру қажет (мысалы, "өзін өзі көндіру, иландыру": "Бәрі де жақсы болады, бәрі өтеді, мен сабырлымын, мен істей аламын...") Бұл жерде болымсыз етістіктің бұйрық райын қолданбауға тырысу қажет: "Жылама", "қорықпа", т.с.с.
Балаға қарапайым дем алу жаттығуларын (10 терең дем алу-дем шығару), "шеттету" техникасын (барлық жағымсыз жағдайлар қалың шынымен, ағынды сумен және т.с.с. бөлек қоршалған деп елестету) үйрету қажет,
Баланың аффекті, долылық қысқан жағдайына қалай әсер ету жайында ата-аналарға ұсыныстар беру қажет- онымен қоса ашуланып немесе үрейленбей балаға көмектесу.
Жалпы алғанда, баланың ақыл-ой, дене және эмоциональдық дамуының деңгейіне қарамай, үнемі олардың өзіне сенімділігін қолдап, эмоциональды жайлылығын қамтамасыз ету қажет.Көңіл күйі жақсы, бақытты балалар жақсы оқиды, жаңа жағдайларға тез үйренеді, және үлкендерге мұндай балалармен жұмыс істеу өте қызықты да, жеңіл болады.