Психикалыќ процестерді зерттеу їшін ўсынылєан тестілер жиынтыєыныѕ їлгісі



бет23/31
Дата21.11.2022
өлшемі0.91 Mb.
#465368
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
0,1,2,3,4 тест

Педагогтар мен ата-аналар жұмысы

5.1 Балаларды мектепке даярлауда тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру туралы


Мектепке дейінгі ересек балаларды мектепте оқуға даярлау- мектепке дейінгі мекеменің басты міндеттерінің бірі. Алайда, балалар бақшасындағы мектепке даярлайтын бағдарламадағы білім көлемі, көбінесе мектепте бірінші сыныпқа қойылатын талаптан әлдеқайда жоғары. Әдетте, бірінші сыныпқа қабылдауда әңгімелесуден (собеседование) өту үшін балалар білімі жеткілікті (бірақ,ереже бойынша бұл тіпті міндетті емес; баланы мектепке ешқандай тексерусіз және әңгімелесусіз қабылдауы керек), бірақ мектепте жиі әртүрлі мәселелер туындайды.
Көптеген балаларда бірінші сыныпта туындайтын қиындықтар- бұл мектепке біржақты даярлаудың табиғи және заңды нәтижесі, және оның себептері мектепке дейінгі балалық шаққа негізделеді.
Мектепке оқуға даярлық, шын мәнінде, оқи алуымен, жаза білуімен, ондықтар шеңберінде сандарға амалдар қолдана алуымен шектелмейді. Ал, мектепке қабылдауда дәл осы біліктіліктер тексеріледі және балабақша педагогтары мен ата-аналар да осы жағын қамтуға ұмтылады.
Кешенді даярлық тек ақыл-ой дамуын ғана емес, эмоциональды-тұлғалық сферасының дамуын, сонымен бірге дене жетілуінің белгілі бір деңгейде болуын қарастырады. Бірақ та әлеуметтік, эмоциональды-тұлғалық және дене дамуы саласында қысқа мерзімді және қарқынды ықпал етумен табысқа жету мүмкін емес. Бірінші сыныптарда қалыптаспаған оқу-танымдық (мотивация) ықыластанушылық өте жиі байқалады: оқу, жаңаны меңгеру олар үшін онша маңызды емес. (бұл 90% бірінщі сынып оқушыларында кездеседі). Бірінші сынып оқушыларына қойылған сұрақтардың нәтижесі олардың ең алдымен мектептен "жаңа достар табу", "әдемі потфель үстау", "күндіз ұйықтамау", т.б. күтетіндігін көрсетеді. Міне сондықтан да тәрбиешілер бес жастан бастап мектепке неліктен баратындығын түсіндіру қажет. Мұны ойын түрінде (мысалы, "Ойлан, тек мектепте ғана ерекше не істейді?") немесе шын ниетті әңгіме түрінде өткізуге болады. .Ата-аналар да балаларымен бұл тақырыпқа әңгімелесуге дайын болуы керек. Ата-аналар бұрышына балалармен әңгімелердің тақырыптары, мектеп ойынының сценарийі, мектеп өмірінен суреттер іліп қоюға болады. Мысалы, бір суретте сабақ оқып отырған қыз бала, екіншісінде-үзілісте бірінің артынан бірі жүгіріп бара жатқан екі ұл бала, үшіншісінде-кітаптар қойылған үстел және ойыншықтар салынған жәшік, ал ортасында аңтарылған бала. Баладан сұраңыз: қай сурет оған көбірек ұнайды, қайсысы мектеп өміріне көбірек ұқсайды, ол қазір нені таңдар еді-сабақ әлде ойыншықты, ал,мектепке барғанда ше...
Топта жеке бір үстелшеге кітаптар немесе тіпті бірінші сынып оқулықтарын қойып: "Бұл қызықты кітаптарды біз мектепте оқимыз" деп жазып қоюға болады. Балаларды қызықтыратын сұрақтарды ойлап табуға болады: "Жұлдыздар неге жымыңдайды? Динозаврлар қайдан шықты? Көбелектер қандай болады? Роботтар қалай жасалған? Осылардың бәрі туралы сендер мектепте толық білесіңдер". Үнемі әңгімелер жүргізу, танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, мектепке топсеруендер (экскурсиялар) және онда көргенін балабақшада және үйде талқылау балаларға мектеп туралы түсінігін шынайы елестетуге мүмкіндік береді.
Мектепте табысты оқу үшңн танымдық ынталанудан (мотивациядан) басқа, сонымен бірге психолгиялық даярлығы да қажет. Балаларды мектепке шығарар алдында психолгиялық даярлығын психолог тексереді. Бірақ бұл даярлықты қарапайым тексеруді тәрбиеші және ата-аналар да жүргізе алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет