Психикалыќ процестерді зерттеу їшін ўсынылєан тестілер жиынтыєыныѕ їлгісі



бет22/31
Дата21.11.2022
өлшемі0.91 Mb.
#465368
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
0,1,2,3,4 тест

Мақсаты: эмоциональды сферасын дамыту.
Түрегеп тұрған бала, отырған балаға қарап тәрбиешінің ұсынған немесе өзінің құраған фразасын көңілді, қорқынышпен, ашулы, сабырлы және т.б. түрде айтады.
7. "Бет әлпетін зерттеу".

Мақсаты: қарым қатынас қабілетін, тактильді (қолмен, денемен сезу) есін дамыту.
Балалар екі қатарға бөлініп бір біріне қарама қарсы тұрады.Бір қатардың балалары көзін жұмады. Екінші қатардың балалары орындарын ауыстырып еркін түрде бірінші қатарға жақын келеді. Көзі жұмулы балалар оларға жақын келген балалардың беттерін және шаштарын сипап,танып, атын атауы керек. Шарт: киімдеріне тиісуге болмайды.
8. "Жануарлар".

Мақсаты: қиялды, қозғалыс дағдыларын дамыту.
Тәрбиеші балаларға жануарлардың біреуін бейнелеуді ұсынады. (ширақ балаға - аюды, баяу,жайбасар балаға -қоянды, тиінді, қорқақ балаға -жолбарысты,арыстанды, т.с.с.).
9. "Айна".

Мақсаты: басқалардың сезімін түсіну және сезінуді тәрбиелеу.
Балалар екіден бөлініп,бір біріне қарама қарсы тұрады да, бірбірінің көзіне қарайды. Біреуі бір қимыл жасай бастаса, екіншісі оны қайталайды. Тәрбиеші жест және мимика арқылы әртүрлі эмоциональды жағдайларды беруді ұсынады (мұң, қуаныш, қорқыныш, ауыру, жек көру, т.с.с.).
10. "Жетекшіге ілесу".

Мақсаты: басқалардың сезімін эмоциясын түсіну және бере білуді, қиялды дамыту.
Балалар екі-үш топқа бөлінеді. әр топта- жетекші. Ол айнала жүріп әртүрлі сезімдерді білдіретін қимылдар жасайды, балалар оны қайталайды.
11. "Арқада сурет салу".

Мақсаты: тері сезгіштігін, қарым қатынас қабілетін дамыту.
Балалар екіден бөлінеді: біреуі екіншісінің арқасында саусақпен геометриялық фигуралар, қарапайым бейнелер, баспа әріптерін салады, басқа бала оны ойлап табуы керек.
12. "Серіктесе отырып сурет салу".

Мақсаты: топта тұлғааралық қатынастарды анықтау, қатынас жасау қабілетін дамыту.
Балалар екіден бөлініп, үстел басына отырады. Үстел үстінде - тік сызықпен екі бөлікке бөлінген альбом парағы. Әр бала серігі жағындағы бөлікке сурет сала бастайды. Тақырып- еркін. Шарт: тыныштық сақтау, уақытты созбау.
13. " Өзіндік бағалау маршы".

Мақсаты: өзіне сенімділігін дамыту..
Балалар бірінің артынан бірі шеңбер бойымен, аяқтарын еденге қатты тірей отырып, жүреді. Тәрбиеші: (нық дауыспен) "Мен аяқ астындағы жерді сеземін, жер орнықты, қатты, мен батыл да,сенімді жүріп келемін". Балаларға әр қадам сайын демін ішке тартып, дауыстап "хо хо хо" (10-15 сек), одан соң, қолымен кеудесін ұра отырып, демін шығарып, "я-я-я" (10-15 сек) деу ұсынылады. Соңында жай, сабырлы жүріс (5-10 сек).
14. "Топпен сурет салу".

Мақсаты: Өзара байланысты дамыту, тұлғааралық қатынасты жақсартуға мүмкіндік жасау.
Үстел үстінде - альбом парағының жартысы, үстел басында 4-6 бала. Парақ ортасында квадрат немесе дөңгелек. Бала 40-50 сек. сурет салады, одан соң белгі сигнал бойынша парақты басқа балаға береді. Осылай парақ бірінші балаға қайтып келгенше жалғаса береді. Ол (бірінші бала) суретті бағалайды да (плюс, белгі, т.б. қояды), суреттің ұнағанын немесе ұнамағанын айтады.
15. "Эмоцияны, сезімді оқу".

Мақсаты: адам жүзіедегі сезімдерді түсіне білуді үйрету (ашу,ыза, таң қалу, қорқыныш, мұң, т.с.с.).
Журналдардан, газеттерден, үй архивтерінен фотолар (суреттер емес) іріктеліп алынады. Балалар оларды анықтап қарайды. Тәрбиеші сұрақтар қояды:
- Мына адамға не болды деп ойлайсыңдар?
- Оған көмектесуге болады ма?
- Сенің онымен танысқың келе ме? Т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет