Психикалыќ процестерді зерттеу їшін ўсынылєан тестілер жиынтыєыныѕ їлгісі


Мақсаты: Қуанышты және қанағаттанарлық сезім ала отырып, өзара іс-әрекет жасауға үйрету. Барысы



бет26/31
Дата21.11.2022
өлшемі0.91 Mb.
#465368
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
0,1,2,3,4 тест

Мақсаты: Қуанышты және қанағаттанарлық сезім ала отырып, өзара іс-әрекет жасауға үйрету.
Барысы: Әр бала өзін бір гүлмен атайды да, өз таңдауын түсіндіре отырып, гүл шоғы үшін басқа гүлді табады. Одан соң барлық гүлдер бір гүл шоғына бірігеді де, қол ұстасып ән айтады.
9. "Май шам".

Мақсаты: Өзінің эмоциональды жағдайын басқара білу, өз сезімдері мен уайымдары туралы айта білу қабілеттерін дамыту.
Барысы: Балалар май шамды айнала өздеріне ыңғайлы қалыпта отырады да бірнеше секунд ішінде жалынға қадала қарайды. Одан соң көздерін жұмады,бұл кезде май шам сөнеді. Көздерін ашып балалар май шамның жалынында қандай образдар көргендерін, не сезінгендерін айтады..
10. "Жақсы көру пирамидасы".

Мақсаты: Әлемге, адамдарға орынды, қамқорлық қарым қатынас тәрбиелеу, қатынас жасау қабілеттерін дамыту.
Барысы: Балалар айнала отырады. Тәрбиеші айтады: "Біздің әр қайсымыз бір затты немесе бір адамды жақсы көреміз, бұл сезім бәрімізде де бар, біз оны әртүрлі түрде білдіреміз.Сендер де айтыңдар, нені жақсы көресіңдер, кімді жақсы көресіңдер". (Балалар әңгімесі). "Ал енді қазір бәріміз қолдарымызбен жақсы көру, сүйіспеншілік пирамидасын құрайық. Мен өзімнің жақсы көретін затты немесе адам атын атап қолымды қоямын, одан кейін әрқайсыларың өздеріңнің жақсы көретін затты немесе адам атын айтып, қолдарыңды қоясыңдар". (Балалар пирамида тұрғызады). "Сендер қол жылуын сезесіңдер ме? Бұл жағдай сендерге ұнай ма? Қараңдаршы, біздің пирамидамыз қандай биік болып шықты. Биік,өйткені біздің бәрімізді жақсы көреді, өзіміз де жақсы көреміз".
11. "Сиқыршылар".

Мақсаты: Бір біріне достық қарым қатынас, көңіл бөлу және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Барысы: Балаларға өздерін сиқыршы болып елестету ұсынылады: олар өздерінің де,басқалардың да талап тілегін орындай алады. Мысалы, біз Болаттың батылдығын, Асылдың ептілігін, және т.с.с. арттыра аламыз.



Ата -аналарға арналған диагностикалық материал



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет