Психодиагностика ғылым саласы және тәжірибе ретінде Тексеру сұрақтары


Лекция 2. Психодиагностика психологиялық диагноз қоюдың әдістері мен амалдарының ғылыми жүйесі ретінде



бет3/17
Дата18.10.2023
өлшемі193.5 Kb.
#480985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Лекциялар

Лекция 2.
Психодиагностика психологиялық диагноз қоюдың әдістері мен амалдарының ғылыми жүйесі ретінде


Психодиагностикалық әдістердің классификациясы. Бодалев пен Столин әдістерді 3 көрсеткіш бойынша бөледі: 1. Дұрыс жауабы бар немесе жоқ әдістер. Бұл көрсеткіш бойынша міндетті түрде дұрыс жауапты талап ететін тесттер (мысалы, интеллект тесттері) және жауаптардың жиілігі мен бағытына негізделетін тесттер (тұлғаық сұрақтамалар)2. Сөйлеу белсенділігі. Бұл көрсеткіш арқылы әдістер вербалды және вербалды емес деп бөлінеді.3. Әдістердің негізінде жатқан принцип. Бұл көрсеткіш бойынша әдістердің 5 түрін бөледі: 1. объективті тесттер, 2. стандартталынған өзіндік есеп берулер, 3. проективті әдістер, 4. диалогқа негізделген техникалар 5. психофизилогиялық аппаратуралық әдістер
Гайда мен Захаров бойынша классификация. Олар әдістерді 11 көрсеткіш бойынша бөледі: 1. Сапасы жағынан: стандартталынған және стандартталынбаған
2. қолдануы бойынша: тұлғалық сұрақтамалар, жетістіктер тесттері, кәсіби жарамдылықты тексеретін тесттер, қабілеттерді анықтайтын тесттер.3. материал бойынша: бланкттік, заттық аппаратуралық 4. зерттелінушілердің саны бойынша: топтық және жеке дара 5. жауаптың түрі бойынша: ауызша, жазбаша 6. тапсырмалардың бір тектілігі бойынша: гомогенді және гетерогенді 7. жетекші бағыты бойынша: жылдамдылыққа және мазмұнға бағытталған тесттер. 8. кешендігі бойынша: батареялық және бірлік 9. жауаптардың сипаты бойынша: еркін және стандартталған 10. Қамтыйтын көлемі бойынша: тұтастай тұлғаға бағытталған әдістер және жеке қасиеттерді анықтайтын әдістер 11. ойлау әрекеттерінің сипаты бойынша: вербалды және вербалды емес.
Психологиялық диагноз. Психологиялық диагноз бұл психодиагност әрекетінің қорытынды нәтижесі. ПД адамның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін осы сәттегі қалпын бағалау, пайда болу себептерін түсіну, олардың болашақта дамуын болжау, ұсыныстар беру мақсаттарымен анықтау мен жүйелі сипаттау болып табылады. Л.С. Выготский психологиялық диагноздың 3 дңгейін бөліп шығарды: 1. Симптоматикалық (эмпирикалық). Осы деңгейдегі диагноз адамның жеке дара психологиялық ерекшеліктерін анықтаумен шектеледі. 2. Этиологиялық. Бұл диагнозға ерекшеліктерді анықтау, сипаттау мен қоса олардың пайда болу себептері талданады 3. Типологиялық. Алынған мәліметтердің, яғни анықталған еркшеліктердің тұтастай тұлғаның динамикалық жүйесінде алатын орны анықталады, яғни адамның тұлғалық еркшеліктері жүйелі түрде сипатталады. Сонымен қоса, анықталған ерекшеліктердің болашақтағы даму динамикасы жайлы болжам жасалады. Ғылыми негізделген психологиялық диагноз айтылған 3 деңгейді камту керек. Психолгиялық болжау жасау үшін психолог дамудың жалпы ішкі логикасын білу керек және оны жеке адамның даму логикасымен салыстыру керек. Психологиялық диагноздың медициналық диагноздан айырмашылығы ол адамды ауру немесе сау деп бөлмейді, адамның барлық ерекшеліктерін жан-жақты сипаттап, бір жүйеге келтіреді. Сонда да, психологиялық диагноз бұл адамның ерекшеліктерін нормативті білімге сәйкестігі арқылы бағалау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет