Психолгиядағы ғылыми зерттеу әдістері


Лекция-3. Психика және сана



бет3/4
Дата27.09.2023
өлшемі84.87 Kb.
#478780
түріЛекция
1   2   3   4
2- лекция.pptx Айгерим

Лекция-3. Психика және сана

  • Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологияфлық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық- еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі- адамның санасы пайда болады.
  • Адам санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғары кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы- бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан- жақты сипаттаманы А.Н. Леонтьев өзінің “Іс- әрекет, Сана, Жеке тұлға” атты еңбегінде берген болатын- ды.
  • Сана – психика дамуының сапалы ереуше түрі. Жануарлар дүниесінің эволюцияда сананңы өзіндік ұзақ тарихы бар, алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастардың қалыптасу үрдісінде пайда болады. Адамның саналы іс- әрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішінде біріншісі- адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысты міндетті емес. Кей жағдайда адамдардың адамдардың саналы қызметі, биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағындайды, олармен қарама- қарсылықта болады немес оларды басып тастайды.
  • Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшілік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.
  • Үшінші ерекшелігі- жануарлардың мінез- құлқынан адамның саналы іс- әрекетінің айырмашылығы білімі мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталғанг және оқуда берілетін жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады. Демек, адамдардың меңгерген білімдері, ептіліктері, мінез- құлық тәсілдері оның өз тәжірибесініңнәтижесі емес,ұрпақтардың қоғамдық- тарихи тәжірибесін меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметін жануарлардың мінез- құлқынан түбірінен ерекшелейді.

Адамның жануарлардан айырмашылығы тек еңбек құралдарын пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар еңбек құралдарын жасайды.Еңбек құралдарын жасау арқылы алғашқы қауымдағы адамның іс- әрекетін түбірімен өзгертті.

  • Адамның жануарлардан айырмашылығы тек еңбек құралдарын пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар еңбек құралдарын жасайды.Еңбек құралдарын жасау арқылы алғашқы қауымдағы адамның іс- әрекетін түбірімен өзгертті.
  • Сана- психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс- әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық- тарихи жағдайының нәтижесі. Сананың құрлымы, оның негізгі психологиялық сипатттамасы қандай? Адам санасы бізді қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтығынан тұрады.
  • Сананың құрлымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам өзінің білімін әруақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және қабылдау, ес, қиял және ойлауды жатқызуға болады.
  • Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым- қатынасында қоғамдық еңбек іс- әрекетті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі. Сана адамға табиғат пен қоғамның заңдарын жан- жақты білуге көмектеседі. Осы заңдарды білуге сүйене отырып, адам қоршаған ортаға қажетілігі мен керегін қанағаттандыру үшін өзгереді және бейімдейді. Демек, сана,- бейнелеудің белсенді танымдық және өзгертуші түрі.
  • Бір уақытта еңбектегі қажеттілікті дамыту және өзара ұжымдық еңбктің қарым- қатынасында тіл пайда болады. Тіл- адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы. Тіл мен сөйлеу адамдардың ұжымдық еңбек үрдісінде және бірлескен өмірінде бір-бірне қатынасы еңбек іс-әрекетінде бір-бірімен ой бөлісу, сезімін білдіру қажеттілігенен пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет