Тәрбиелік қызмет – білім алушыларды әр түрлі іс-әрекеттерге баулып, оларды ұйымдастыру. Қорытындысында білім алушылардың интеллектуалды, тұлғалық эмоционалды-ерік қасиеттері, кәсіби-бағдарлық көзқарастары мен пікірлері, оқу-танымдық қызметінің уәждері қалыптасады. Оқытудың ұйымдастырушылық қызметінің көмегімен білім алушылардың оқу іс-әрекеті мен педагогиканы оқыту мазмұнының сапасы, көлемі арасындағы қатынастар реттеледі. Психологиялық қызмет білім алушылардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар туғызуында, әдеттегідей уақыт, таныс оқу бөлмелері, таныс оқу талаптары және т.б. – осының барлығы жұмысқа деген қолайлы икемділік пен жайлы әсер туғызады. Интеграциалды-дифференциалды қызмет әрбір білім алушының мүмкіндігі мен қабілеттілігін ескере отырып, оның жеке іс-әрекет жасауына жағдай туғызып, олардың басқа білім алушылармен бірігіп жүзеге асыратын іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Оқытудың құрылымдық қызметі педагогика бойынша әрбір жеке оқу сабағының оқу материалдарын жүйелеп, құрылымдайды. Түзетуші қызмет білім алушылардың орындаған жұмысын бақылау мен бағалау негізінде оқу ісін реттейді және түзетеді. Рефлексивті қызметі өзіндік әрекетті қорытуға, басқаларды (студенттер мен әріптестерді) түсінуге, оларға көмектесуге, педагогиканы оқыту үдерісінде өзінің әрекеттерін басқа субъектілердің әрекетімен үйлестіруге бағдарланған. Педагогикада «білім беру» басты түсінік болып табылатыны белгілі. Келесі анықтама жалпы танылған болып саналады: білім беру дегеніміз оқыту және тәрбие беру үдерістерінен тұратын және сол үдерістер барысында тұлғаның шығармашылық іс-әрекетін жүзеге асырудағы білімдерін, іскерлігін, тәсілдерін және әлемге деген эмоционалды-құндылық қатынасын меңгеретін арнайы ұйымдастырылған жүйе. Педагогикалық білім беру аға ұрпақтың педагогикалық іс-әрекетінің тәжірибесінен алынған, өзіне білім, іскерлік, дағды жиынтығын, сонымен қатар ережелер мен құндылық бағдарларды қосатын, педагогқа өскелең ұрпаққа тәрбие беру және оқыту мен тәрбиелеу міндеттерін тиімді шешуге көмектесетін білім берудің тұтас жүйесінің ішкі жүйесі ретінде түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |