Бүгінде Қазақстанда көптеген әлем мемлекеттеріндегі сияқты қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының және әлеуметтік тұтастығының негізі болып табылатын нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа моделі қалыптасуда. Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын жаңғырту барысында көптеген шаралар өткізілу үстінде:
-мамандарды даярлаудың үш сатылық жүйесіне көшу басталды (бакалавриат-магистратура-доктарантура РһD);
-стандарттау және көп вариативтілік, көп кезеңдік пен үздіксіздік, технологияландыру мен гуманизациялау, универсализация мен мамандандыру, орталықтандыру мен орталықсыздандыру, интернационализациялау мен этнизация, саяси идеологиялау мен плюрализация аспектілері өзара әрекеттеседі;
-білім берудің сапасын қамтамасыз ететін, оның жаһандануымен, ашықтығымен байланысты Болон үдерісінің идеялары іске асуда.
Оқыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында оқушыларға білім беру міндеттерін шешу.
Оқыту процесінің құрылымдық компоненттері мыналар:
· Мақсат.
· Педагог
· Оқушы, білім алушы.
· Оқыту әдістері.
· Оқытуды ұйымдастыру түрі.
· Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.
· Педагогикалық диагностика.
Дәстүрлі оқыту әдістері мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялардың ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау