«Психология және адам дамуы» пәнінің


Дәріс тақырыбы. Түйсік туралы түсінік



бет3/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#141942
1   2   3   4   5   6

Дәріс тақырыбы. Түйсік туралы түсінік.

Жоспар:


  1. Түйсік туралы жалпы ұғым.

  2. Түйсіктің физиологиялық негіздері.

  3. Түйсіктің түрлері және қасиеттері.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Түйсік сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Түйсік организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады. Түйсік – біздің айналамызда, ішкі жан (психикалық) дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсіктегі, негізгі дүние танудың алғашқы табалдырығы – осы түйсік. Объективтік реальдық материалдық дүниенің мәліметі адамға ең алдымен осы қақпа – түйсік – арқылы жетіп отырады.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен кезінде ғана пайда болады. Түйсік туғызатын бүкіл физиологиялық аппаратты анализатор деп атайды.

Түйсіктің түрлері және қасиеттері. Көру түйсіктері. Есту түйсіктері.Діріл түйсіктері.

Иіс түйсіктері. Дәм түйсіктері. Тері түйсіктері. Статикалық түйсіктер. Кинестезиялық түйсіктер. Органикалық түйсіктер.

Адаптация. Контраст. Синестезия. Сенсибилизация. Түйсік дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді айтамыз. Түйсік сезгіштіктің ең маңызды формасы.

Өзін -өзі тексеруге сұрақтар:


  1. Түйсік дегеніміз не?

  2. Сезгіштік табалдырықтары дегеніміз не?

  3. Адаптация дегеніміз не?

  4. Сенсибилизация және синестезия заңдылықтарына анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


Дәріс тақырыбы. Қабылдау.

Жоспар:


  1. Қабылдау туралы жалпы түсінік.

  2. Қабылдаудың физиологиялық негіздері.

  3. Қабылдаудың түрлері және қасиеттері.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі.

Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктер және түйсіктермен бірге жүзеге асады, бірақ оны солардың қосындысы деуге болмайды. Қабылдау түйсіктер арасыңдағы белгілі қатынастарға тәуелді, ал енді олардың өзара байланысы зат немесе құбылыс құрамына енетін сапа, қасиет, түрлі бөлшектер байланысы мен қатынастарына тәуелді.

Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады.

Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында емес, сапалық жағынанда болады, мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті, т.б. сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдауымызда. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңызды орын алады. Қабылдаудың заттылығы – бізді қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсер нәтижесінде қалыптасады. Онымен бірге қабылдаудың көрнекі бейнесі сыртқы дүниенің белгілі затына қатысты болады. Осы арақатынас біздің іс-әрекетіміздің бағдарлау қызметінің негізі болып есептеледі. Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Қабылдаудың физиологиялық негізі – талдағыштар (анализаторлар) жүйесінің комплекстік қызметі болып табылады. Қабылдау ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың қасиеттері. Қабылдаудың таңдамалылығы. Апперцепция. Қабылдаудың константтылығы – тұрақтылығы. Қабылдаудағы иллюзиялар. Қабылдаудағы фигура (зат) және фон.

Сонымен, қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі. Түйсіксіз қабылдау болмайды, қабылдаусыз түйсік болмайды. Олар бір-бірімен өзара байланысты.

Өзін -өзі тексеруге сұрақтар:


  1. Қабылдау дегеніміз не?

  2. Қабылдаудың түйсінуден айырмашылығы қандай?

  3. Қабылдаудың физиологиялық негізін сипаттаңыз.

  4. Апперцепция дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


Дәріс тақырыбы. Ес туралы жалпы түсінік.

Жоспар:


  1. Ес. Ес жайындағы теориялар.

  2. Естің түрлері.

  3. Естің жалпы сипаты.

  4. Естің даралық ерекшеліктері.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

Адам өзінің өмірде көріп- естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс- әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.

Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен бейнелерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.

Қайта жаңғырту тану мен еске түсіру қызметі бірін- бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс- әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.

Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы замаңғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар,техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған- есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер. Естің түрлері. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл- қозғалыс, эмоциялық- сезімдік, бейнелі- көрнекілік және сөздік- мағыналық (логикалық); Іс- әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес. Адамның материалдарды қанша уақыиқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді (түпкілікті), сондай- ақ оперативтік ес. Естің кейбір түрлері арнайы аспап- мнемометр арқылы өлшенеді.

Ес түрлерінің өзара байланысы. Ес түрлерінің бөліну принципі адамдардың іс - әрекет сипатына орай жүргізіледі де, олар өзара тығыз ұштасып, бірін – бірі толықтырып отырады. Мысалы, сөздік – мағыналық ес мағыналы болуымен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай – ақ ,ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы дамүмкін. Осы қысқа мерзімді ес пен түпкілікті ес жалпы есте қалдырудың екі түрлі басқышы болып есептеледі. Қысқа мерзімді ес сыртқы мағлұматтарды өткізуші көпір тәрізді. Онсыз түпкілікті еске хабарлар келіп түспес еді. Естің күрделі әрі адам өмірінде алатын орнының ерекше.Ес – күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жанғырту, ұмыту.Есте қалдыру дегеніміз – жанадаң қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Естің даралық ерекшеліктері. Адам өміріндегі аса манызды психикалық процесс – ес – ақыл – ой кені. Ақыл – ойды тарих жасаған білім қорымен үнемі байытып, өрістетіп отыруға ұмтылу естің мән- мазмұнын терендете түспек.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


    1. Ес дегеніміз не?

    2. Ассоциация дегеніміз не?

    3. Есте сақтаудың негізгі түрлерін атаңыз?

    4. Естің жеке ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

  4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Дәріс тақырыбы. Ойлау туралы жалпы түсінік.

Жоспар:


1. Ойлау туралы ұғым.

2. Ойлаудың психологиялық теориялары.

3. Ойлаудың негізгі түрлері.

4. Ойлау формалары.

5. Ойлау операциялары.

5. Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.



Дәрістің қысқаша мазмұны.

Ойлау дегеніміз–сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы ауысу ерекше психикалық процесс ойлау негізінде жүзеге асады. Ойлау процесі елестермен де тығыз байланысты.Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау –ми қыртысының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда үлкен ми сыңарлары қыртысында құралатын уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады. Екінші сигнал жүйесінде жүйке қызметінің өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерінің мидағы заңдылықтары бірдей. Олардың айырмашылықтары мынада: егер бірінші сигнал жүйесіндегі реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екінші сигнал жүйесі оларды жалпылап отырады. Ойлау–аса күрделі психикалық процесс.

Ойлаудың негізгі түрлері. Шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі: Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Көрнекі–бейнелік ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі.

Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі. Ойлаудың негізгі формалары. Ой қорытындысының негізгі үш түрі бар: 1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы. Ойлау операциялары. Ойлау күнделікті өмірде кездесетін міндеттерді шешуден басталатын болғандықтан, адамда ойлаудың операциялары болады. Мұндай операцияларға талдау мен біріктіру, салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, қорыту жатады.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


    1. Ойлауға анықтама бере отырып, оның негізгі белгілерін атаңыз және адам іс-әрекетіндегі оның рөлін көрсетіңіз

    2. Қандай ойлау тәсілдерін білесіз?

    3. Ойлау формаларын атаңыз.

Әдебиеттер:

      1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

      2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

      3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

      4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

Дәріс тақырыбы. Қиял туралы түсінік.

Жоспар:


1. Қиял туралы жалпы түсінік.

2. Қиялдың түрлері.

3. Қиялдың жасалу жолдары.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ жасау процесі қиял деп аталады. Қиял - нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі, түсініктерді кайта, жасайтын процесс. Қиял еңбек процесінде адамның белгілі бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептеледі. Мысалы, адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек күралдарын ала отырып, баска еңбек операциясын жасау үшін өзінің көзқарастарына сәйкес келетін баска қүралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғаңа емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында, яғни дәл казір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.

Қиялдың түрлері. Қиял процесі ес сиякты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз (мақсатсыз) жасалған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалмайды және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.

Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдына өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өзі арқылы бақыланады және бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр.

Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиялды, шығармашылық қиялды және арманды бөліп қарауға болады.

Қиялдагы образды қайта жасау механизмі. Қиял процесі барысында дүниеге келетін образдар іштен пайда болмайды. Олар біздің өткен тәжірибеміз негізінде, шынайы өмірдегі құбылыстар туралы түсніктер негізінде қалыптасады.

Образдарды жасау екі негізгі этапта жүреді. Бірінші этапта әсерлердің немесе көріністердің құрамдас бөліктерге бөлінуі жүреді. Басқаша айтқанда, бірінші этап өмірден алған өз әсерлерімізді анализ жасаумен сипатталады. Мұндай анализ барысында объектінің абстракциялануы жүреді.

Қиялдын индивидуалды ерекшеліктері және олардын дамуы.

Қиял адамдарда әр түрлі дамыған және ол олардың іс-әрекеттерінде, қоғамдық өмірде әр түрлі көрінеді. Қиялдың индивидуалды ерекшеліктері адамның қиялының даму деңгейі бойынша және образ типтері бойынша ажыратылатынымен түсіндіріледі.

Қиялдың даму деңгейі өткен тәжірибенің мағлұматтары қаншалықты терең және айқын, сонымен қатар олардың жаңалығымен, осы өңдеу нәтижелерінің мәнділігімен сипатталады. Қиялдың күші мен өміршенділігі жеңіл бағаланады, егер қиялдың өнімі шындыққа сәйкес келмесе және ғажайып образдар болса, мысалы, сиқырлы ертегілердің авторларындағыдай. Қиялдын әлсіздігі көріністерді өңдеудің төмен деңгейімен сипатталады. Әлсіз қиял ойша есептерді шешуде қиындық туғызады. Қиялдың дамуы жеткілікті болмаса, эмоционалды тұрғыда өмірде бай және жан-жақты болмайды.

Осылайша, пайда болған образдардың жеңілдігіне, еріктілігіне қарамастан іс-әрекеттердің шығармашылық қайта жасалуы қиялда білімнің заңдарына бағынады және белгілі бір әдістермен жүзеге асырылады. Жаңа түсініктер санада болған түсініктердің негізінде анализ және синтездің арқасында пайда болады. Қиял процесі түсініктердің құрамдас бөліктерге бөлінуімен және олардың жаңа үйлесімге бірігуімен, яғни аналитикалық-синтетикалық сипат алуымен анықталады. Шығармашылық процесс қиялдың күнделікті образдарын қалыптастырудағы механизмдерге сүйенеді.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:



    1. Қиял дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

    2. Қиял түрлерін сипаттаңыз және олардың адамның практикалық іс-әрекетіндегі маңызын дәлелденіз.

    3. Суретшінің және жазушының іс-әрекетінде қиялдың қай түрі басым болып келеді?

    4. Түс көру деген не?

Әдебиеттер:

      1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

      2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

      3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

      4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

      5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


Дәріс тақырыбы. Сөйлеудің жалпы сипаттамасы.

Жоспар:


1. Сөйлеу туралы жалпы түсінік.

2 Сөйлеудің түрлері.

3. Сөйлеудің дамуы және оны тәрбиелеу.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болады. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалады. Осының арасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән- мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болады.

Тіл, сөйлеу- ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой санасын дамытып жетілдіруге аса маңызды роль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөз өмірдің оындай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама ғылымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі – тіл, тілдің көркі сөз»-деп айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымының басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ынтасымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір – бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құрамы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл- әрекетке де итермелейді. Бұл – оның атқаратын кінші қызметі.

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу –пікір алмасу процесінде жеке адамның белгілі тілдің пайдалануы. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі сөздерді сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланыста. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды.

Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атұқара алмайды. Мұның біріншісі- сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі, оның мәнерлігі.

Француз ғылымы Брокка «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын нерв орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т.б. ) бірлескен қызметін қажет етеді» дейді.

Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түснуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттеп отыратын сол жақ ми сыңарының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше.

«Сөйлеу», «тіл», «қарым-қатынас» ұғымдарының мән – мағынасы жақын болғанымен, ғылыми тұрғыдан олар бір- бірінен ажыратылады. Адам сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым, жест, белгі, таңба арқылы бір-біріне ақпарат бере алады.

«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика және т.б.) жиі қолданылады. Тіл – жеке адамның еңшісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс.

Сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа бөлінеді. Сыртқы сөйлеу ауызша (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді.

Диалог және монолог сөздері көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарласып отырады. Адам мұны көмекші құрал ретінде ғана пайдаланады.

Сөйлеудің ерекше бір түрі - жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.

Балаларды сөйлеу мәдениетіне тәсілдендіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:

1) Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза, айта алуына ана тілінің грамматикасын саналы меңгеруімен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет.

2) Оқушының тілінде байқалатын кемшіліктерді жою мәселесі де мұғалімге қатысты мәселе. Осы мәселе жөнінде ол логопедтермен (тіл кемістігін түзейтін мамандар) тығыз байланыс жасады.

3) Мұғалімдер өз класындағы оқушылардың ана-тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс.

4) Оқушылардың сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу - оқу- тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі. Өйткені сөйлеу мәдениеті - мәдениеттіліктің басты белгісі. оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады. Мысалы: Оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу- сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі мұғалімдер мен ата-аналар, оқушылар мен суденттер бір сөзбен айтқанда барша жұртшылық осы айтылғандардан тиісті қорытынды шығарып, өздерінің сөйлеу мәдениетінің әсіресе ана тілін кәусарынан мол сусындап жетілдіріп отыруды естен шығармаулары тиіс.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:



    1. Сөйлеу дегеніміз не?

    2. Ішкі сөйлеу дегеніміз не?

    3. Диалогты сөйлеу дегеніміз не?

    4. Тілдің атқаратын қызметтерін атаңыз.

Әдебиеттер:

      1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

      2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

      3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

      4. Немов Р.С. Психология. М., 1998

      5. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

Дәріс тақырыбы. Психологиядағы тұлға туралы түсінік.

Жоспар.


  1. Тұлға психологиясының методологиялық мәселелері.

  2. Тұлға теориялары және оқытудың негізгі деңгейлері.

  3. Тұлға теориялары.


Дәрістің қысқаша мазмұны.

Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.

Мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша: “Жеке тұлғаның негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу”. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен “жеке тұлға” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді. С.Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері. Жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамиды және қалыптасады. Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі.

Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта және тәрбие – сыртқы әсерлер: табиғи икемділік пен құмарлықтар. Сыртқы тәрбие орта әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың байланысынан болады.

А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, А.З. Запорожец т.б. ғалымдар Пиаженің баланың психикалық дамуын әлеуметтік қатынастар жүйесіне біртіндеп және өте жай уақытта кіретін индивид ретінде қарастыруын сынға алған. Индивидтің қоғамнан тәуелсіз болуы мүмкін емес. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша баланың қоршаған заттық әлемге қатынасы үнемі қоғамды, әлеуметтендірілген. Пиаже еңбектеріндегі «бала-зат» қатынасына қарағанда, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин т.б. көзқарастары бойынша «бала-ересек адам-зат» қатынасы әлдеқайда дұрыс.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:

1. Отандық тұлға теорияларына сипатама беріңіз.

2. Шетелдік тұлға теорияларына сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер :

1.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность М., 1997

2.Немов Р.С. Общая психология. Кн.1. Спб: питер1990

Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет