Биологиялық бағыт.
Жануарлар мінез-құлқын түсіндіретін көптеген деректер мен идеялар жоғары жүйке қызметі физиологиясын зерттеуінде, этология және антропологияда берілді. Жоғары жүйке қызметі физиологиясында дәстүрлі салыстырмалы әдістері және адам физиологиясын жануарларға келістіру әдістері қолданды. Бұл саладағы зертеулер И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин, Е.И.Соколовтың зерттеулеріне сәйкес келеді.
ХХ ғ. басында туындаған этология ғылымы (К.Лоренц, Н.Тинберген) жануарлар мінез-құлқын зерттеуіндегі ең басты ғылымға айналды.
ХХ ғ. салыстырмалы психологияның дамуында ерекше орынды антропология алды. ХХ ғ. антропологияда көптеген революциялық жаңалықтар ашылды, еңбек ету және еңбек құралдарымен пайдалану, сөйлеу, өнер, есеп жүргізу, әлеуметтік және отбасылық қатынастардың пайда болу концепциялары ұсынылды. Палеонтологиялық зерттеулер (Л.Лики, Д.Джохансон, И.Иди, К.Лавджой, Р.Фоули), табиғатта жүргізілген бақылаулар (Дж.Шаллер, Дж.Ван Лавикк-Гудолл, Д.Фосси, Дж.Маккинон),
жасанды жағдайдағы жануарлардың өмірі (Х.Хедигер, Дж.Эрвин, Б.Харрисон, Т.Майпл, В.Липперт), Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияда өткізілген зерттеулер (Б.Галдикас) көптеген қызықты деректер беріп, психологтар арасында біздің ең жақын эволюциялық туыстарымыздың психикалық қабілеттері жөніндегі түсініктерге басқаша қарауға мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |