Психология және арнайы білім беру кафедрасы


тақырып:Салыстырмалы педагогиканың бастаулары



бет36/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52
Салыстырмалы педагогика және психология

9тақырып:Салыстырмалы педагогиканың бастаулары

1. Даму тарихы

2. Салыстырмалы педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

3. Салыстырмалы педагогиканың қызметтері мен негізгі категориялары  

Өзге халықтардың мектептеріне, білім мен тәрбие беру ісіне қызығушылық көне заманнан басталған. Американ компаративистері Ноа мен Экстейн, болған ғалымы Чакыров салыстырмалы педагогикалық сипаттағы мәліметтер ертедегі грек тарихшылары Ксеофонт пен Геродоттың еңбектерінде бар деп есептейді.

Ксенофонт өзінің «Киропедия» деген еңбегінде парсылардың тәрбиелеу жүйесінде дене тәрбиесіне, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге үлкен мән берілетінін ашып көрсеткен. Осы кітапты оқыған грек оқушысы ол мәліметтерді өз жеріндегі жағдаймен, әсіресе Спартадағы тәрбиемен салыстыруға мүмкіндік алған.

Геродот парсылар, мысырлықтар, ассириялықта, вавилондықтар және гректердің мәдениетімен салыстыра келіп, пікір айтады. Гиппократ (б.з.д. 460-370ж.ж) «әр халықтың ойлау бейнесінде ерекшеліктердің болатыны және ол ерекшеліктер әлгі халықтың тұрған жеріндегі климат жағдайына байланысты екені жөнінде қорытынды жасайды». Аса көрнекті грек тарихшысы Полибий (б.з.д. 200-120ж.ж) көп елде болып, олардың мәдениетін сипаттап жазады. Географ Страбон (б.з.д. 64ж-24ж) көп халықтардың, соның ішінде германдықтар мен скифтердің мәдениеттеріне сипаттама береді.

Римдіктер де өздері қарым-қатынаста болған халықтардың мәдениетіне көңіл бөлген. Юрий Цезарь (б.з.д. 102-44ж.ж) Галлиядағы мәдениет пен дәстүр жөнінде жазған. Африкалық кіші Сципион (б.з.д. 185-129ж.ж) грек және рим тәрбие беру дәстүрлерін қарсы қойды деп көрсеткен Цицерон. Цицеронның өзі (б.з.д. 106-43 ж.ж.) «Брут», «Шешен» атты еңбектерінде тәрбие берудегі грек және рим дәстүрлерін, мәдениетін салыстырған. Тарихшы-өнегеші Тацит (б.з. 58-117 ж.ж) еврейлер, бриттер, галлылықтардың мәдениеті мен тәрбие беруі жөнінде қызық түсініктемелер қалдырған, германдықтардың тәрбие дәстүрлері жөнінде мақтап пікір айтқан. Ол Римнің қоғамдық өмірі мен тәртіптеріне, римдік тәрбие беру дәстүрлеріне сынай қараған.

Орта ғасырларда халықаралық қатынастар кеңейе түскен. Халықтар туралы саудагерлер, саяхатшылар, дін уағыздаушылар мәліметтер қалдырған. Крестілер соғысы кезінде Еуропа Шығыс елдерімен кеңірек танысады. Халықтардың мәдениеті, соның ішінде білім беру мәселесі туралы баяндап Карпини 1247 жылы «Моңғолдардың тарихын» жазғанда, олардың дәстүрлері мен әдет-ғұрпын басқа халықтармен салыстырады.

Испан философы және дін уағыздаушысы Рамон Луллий (1235-1315) көп жылдар Солтүстік Африкада болып, каталон және араб тілдерінбе 300 еңбек жазған. Солардың ішінде христиан және мұсылман халықтарына салыстырмалы сипаттама беретін еңбектер де бар. Қытай (жун) және басқа халықтар туралы жазған саяхатшы Марко Поло (1254-1324) кітаптары да кеңінен танымал болды.

Мұндай кітаптар Шығыс халықтарында да болған. Көптеген қытайлықтар ертедегі орта ғасырлар дәуірінде Үндінің будда монастырлерінде білім алған. Фе Сюань V ғасырда, И Цзинь VII ғасырда өздерінің Үндістанда оқығандығы жөнінде толық есеп жазып қалдырған. Сол сияқты Қиыр Шығыс Азия халықтарын Қытай мәдениеті мен білім беру ісі өте қызықтырған.

Сонымен бірге, басқа халықтардың білім беру жүйесін зерттеу де мақсатты түрде қолға алына бастады. Ол шетелдік тәжірбиені пайдаланып, өз еліндегі мектептерге баға беру, олардың жұмысын жетілдіру мақсатында істелді. Герман мектептерінің жұмысын жақсарту үшін неміс педагогі Вольфганг Ратке (1571-1635) Англия мен Ирландиядағы мектеп ісінің жайымен танысады.

Аса көрнекті чех педагогі Ян Амос Коменский (1592-1670) көптеген Еуропа елдерінің мектеп ісімен таныс болған. Оның білім және тәрбие беру мәселелері жөнінде теориялық зерттеулерінің терең және нәтижелі болуы, негізінен, осыған педагогтармен қатар көптеген өз замандастарының еңбектеріне сілтеме жасайды.

XVIII ғасырдың аяғында көптеген ғылым салаларының өкілдірі зерттеу жұмысында салыстыру әдісін кең пайдалану қажет деген тоқтамға келеді. Атап айтқанда, салыстырмалы тіл білімі деген ғылым пайда болды (В.Фон Гумбольт, Ф.Бопп), тілдерді салыстыруда тамаша жаңалықтар ашылды. Түркі тілдері, үнді-еуропа тілдері, семит-хамит және тілдер тобы бар екендігі анықталды. Тілдердің туыстық байланыстарын анықтау халықтардың шығу тарихын айыруға мүмкіндік берді.

Алғашқы салыстырмалы педагогикалық зерттеу әдісін жүзеге асырушы неміс педагогі Фридрих Август Гехт болды. Ол Англия мен Германияның білім беру жүйесін салыстырды. Оның «Германиямен салыстырғанда Англияның мектеп ісі туралы» атты кітабы (De re scholarica Anglia cum Germania comparata) 1795 жылы жарық көрді.

3. Түсіндіру қызметі білім беру жүйесінің және оның элементтерінің қызметін талдау (түсіндіру)дегенді білдіреді. Сонымен бірге қазіргі жайды өткен істің нәтижесі ретінде түсіндіріп қана қоймай, қазіргіні талдау арқылы кейінгі істерлі (белгілі дәрежеде) болжау міндеті қойылады.

Негізгі қызмет болжау болып табылады. Зерттеу арқылы білім беру саласында мәселенің дамуын алдын ала болжауға болады. Б.Холмз алдын ала болжауға аса сақтықпен қарауға шақырады. Ол үшін бастапқы шарттарды, бірегей ұлттық жағдайларды барынша дәлірек талдау қажет, теорияда, әсіресе практикада бұлар болжаудың алдында істеулі шарт.

Б.Холмз болжау қызметін атқаруда кездесетін екі қиындықты ашып көрсетеді. Біріншіден, болжанатын оқиға дамуының барлық жағдайларын айқындау қиын. Екіншіден, қоғамдық ғылымдарда өлшемнің қабылданған стандарты (нұсқасы) жоқ. Сондықтан болжау қызметі шектеулі сипатта ғана болады.

Холмз салыстырмалы педагогиканың болжау қызметін сынау қызметімен тығыз байланыстырады. Қолданылып отырған саясаттың терістігін, оның нәтижесіз екендігін дәлелдеу арқылы салыстырмалы педагогикалық бірім берц ісін жетілдіруге үлкен үлес қоса алады.

Болжау қызметімен тасымалдау қызметі дебайланысты. Басқа елдің немесе бірнеше елдің педагогикасын, оқу орындарының жұмыс тәжірбиесін зерттеуде компаративист өз еліне тасымалдауға болатын және тасымалдануы тиіс құбылыстарымен танысады... тасымалданғанда ол елдің экономикалық дамуы ғана емес халқының рухани байлығы, сенімі, діни нанымы үлкен рөл атқарады. Сөйтіп, тасымалдау қызметінің де шектеулі сипаты болады.

«Ғылыми білімнің саласы ретіндегі салыстырмалы педагогиканың ерекшелігі – оның пәнаралық сипатының болатын. Кең салыстыра зерттеудің міндеттері кейде педагогика ғылымында қалыптасқан мамандықтар шеңберінен нығып, одан тыс мектепті басқару, дидактика, тәрбие теориясы мәселелеріне де араласуы керек еді. Педагогикалық концепциялардың философиямен, психологиямен, қоғамтанумен байланыстарын, қарастырылып отырған елдің немесе аймақтың саяси дамуын талдау қажет болады. Сонымен бірге білімнің өзара жақын салаларының зерттеу әдістерін пайдалануға тура келеді. Мәселенің жан-жақты, әр қырлы және өте көлемді болуы тиісті зерттеулерде әр мәселені бірдей терең, шегіне атлдауға мүмкіндік бере бермейді. Сонда да осылай зерттей педагогикалық теория мен тәрбиенің дамуының ең маңызды тенденцияларын ашуға, соның негізінде олардың даму болашағы жөнінде дәлелді болжам айтуға негіз бола алады.»

СП педагогикалық ілімнің дербес саласы болып табылады. Сондықтан ол да педагогика ғылымының категорияларын пайдаланады. Айырмасы – олар салыстырмалы түрде пайдаланылады. Салыстырмалы педагогиканың негізгі категориялары:

Білім беру – оқушылардың белгілі ғылыми білім жүйесін және танымдық білік пен дағдыларын игеруін, соның негізінде дүниеге көзқарасының, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын және олардың шығармашылық күштері мен қабілеттерінің дамуын қамтамсыз ететін процесс.

Оқыту – нәтижесінде адамның білім алуы жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушының бірлескен мақсатты әректі.

Арнаулы педагогикалық мағынадағы тәрбиелеу – мақсатты түрде адамның жеке басының дамуына, оның қарым-қатынасына, сеніміне, көзқарасына, мінез белгілеріне, қоғамдағы тәртібіне үнемі әсер етуі және оның нәтижесі.

Кең мағынада тәрбиелеу (адамның қоғамдағы орнын табуы) – мақсатты түрде оқыту мен тәрбиеленудің әсерімен адамның жеке басының дамуы және оның нәтижесі.

Білім берудің мазмұны – мектеп оқушыларының ақыл, дене қабілеттерінің жан-жақты дамуына, көзқарасының , мінез-құлқының қалыптасуына, қоғамдық өмір мен еңбекке даяр болуына қажетті ғылыми білімдер, білік және дағдыларың жүйесі. Білім берудің мазмұнына сонымен бірге адамзат жинақтаған әлеуметтік тәжірбиенің барлық элементтері де кіреді.

Зерттеу әдістері – әртүрлі ғылыми-педагогикалық мәселелерді шешуге, педагогикалық құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.

Басқару – әрекеттердің тобы: педагогикалық процесті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылауғ, ол процеске ынталандыру және оның нәтижесін талдау.

Дидактика – білім беру және оқыту теориясы.

Әдістеме – қолданбалы дидактика.

Педагогтік білім беру – мұңалімнің арнайы педагогтік даярлығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет