Психология және арнайы білім беру кафедрасы


тақырып: Салыстырмалы педагогиканың методологиясы мен әдістері



бет37/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52
Салыстырмалы педагогика және психология

10тақырып: Салыстырмалы педагогиканың методологиясы мен әдістері

1. Салыстырмалы педагогиканың бағыттары

2. Методологиясының негізгі категориялары

3. Методологиялық принциптері

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңін, кез келген басқа да елдердегі сияқты, дүниежүзілік білім беру кеңістігінде болып жатқан процестер мен оның даму тенденциясынан бөліп алып қарастыруға болмайды. Ол, ең алдымен, дүниежүзі халықтары мен барлық елдердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің барған сайын өсіп, тереңдей түсуіне байланысты. Экономика, ғылым мен мәдениеттің интернационалдануының кеңеуі, демографияның, табиғатты пайдаланудың, энергетиканың, экологияның және т.б. ауқымды проблемалардың шиеленісе түсуі барлық ғалымдарды білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлуге мәжбүр етіп отыр.

Салыстырмалы педагогиканың жаңа бағыттары (білім беруді жоспарлау және саясат, білім берудің экономикасы мен социологиясы) пайда болып, тез қарқынмен дами бастады. Салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің методологиялық мәселелері мен әдістері, сондай-ақ әр елдік, аймақ пен дүниежүзілік білім беру жүйесін реформалаудың пратикалық мәселелері де одан әрі дами бастады.

«... Салыстырмалы педагогика ортақ атаумен біріктелген екі бағытты оңай айыруға болады. Осылай кең қолданылатын анықтауларға сай мына ұғымдарды: «салыстырмалы» және «халықаралық» педагогика, «салыстырмалы педагогикалық зерттеулер» және «даму мақсатындағы халықаралық білім беру» немесе «салыстырмалы педагогиканың теориясы» және «білім беруді басқарудағы шеберлік» ұғымдарын қатар алып қарастыруға болады. Бұлар педагогикалық ғылымның екі бағытының әр алуан қызметі мен методологиялық тәсіліне байланысты туындайды. Бірақ негізгі айырма мәселені әртүрлі нысанда анықтауға, түсіндірілетін контекске сай олардың танымдық талаптары мен болжамдық мақсаттарына байланысты.

Аталған екі тенденция Еуропада әуелде білімберудің ұлттық жүйелерін салыстыру идеясы пайда болғанда қалыптасқан (яғни, білім берудің қазіргі жүйелері қалыптаса бастаған дәуірде) ... Мақат пен талаптың екі бағыты ХІХ ғасыр классиктерінің еңбектерінде орын алған. Олар теориялық негізделген мәселелерді шешуге бағытталған салыстырмалы зерттеулер мен реформаны жүзеге асырудағы нақтыланған халықаралық тәжірбиені іздестіру арасында айырмашылық барын атап көрсетті.»

Майкл Сэдлердің пәннің қалыптаса бастаған кезінде тарихи талдау мен білім беру мәселелерін практикалық шешуді байланыстыру талабы екі бағыттың методологиялық нұсқалары біріне-бірі қарама-қарсы екенін көрсетті. Содан бері «Сэдлердің дилеммасы» үнемі пікірталас тудырып келеді.

Салыстырмалы педагогикадағы айырмашылық көзқарас қазіргі қоғамдық ғылымдардың әсерімен күшейе түсті. Осының нәтижесінде пәннің орны және қызметтері анықталды. Ол халықаралық салыстыру арқылы ойша қорытып түсіндіретін теориялық салыстырмалы педагогиканы шешім қабылдауға, жалпы білім беру ісіне әсер етуді қолдайтын «интервенционистік» педагогикаға қарсы қойды.

Салыстырмалы педагогиканы философиялық ғылыммен ұқсас пән деп қарауға болмайды. Жүйенің бөліну гипотезасына сай оны «теориялық болашақтың екі жарылу» тұрғысынан қараған дұрыс. Осы жаңдайда «қоғамдық қызметі ғылыми ізденіске негізделген» теориялық салыстырмалы педагогика (білім беру жүйесінің құралуын талдауға бағыт алған) халықаралық реформаторлық ойға қарсы қойылады.

Методологиясының негізгі категориялары:

«Ғылымтану – ғылымның дамуын және қызмет ету заңдылықтарын қарастыратын зерттеулер саласы. Ғылыми қызметтің құрылымын және динамикасын, ғылымның басқа қоғамдық институттармен, қоғамның рухани және материалдық салаларымен қарым-қатынасын зерттейді».

«Ғылым – ақиқаттағы қоғамдық тәжірбиемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімінің логикалық жүйесі...». «Ғылым ерекше тану процесі болып табылады». «Ғылым-қызметі қоршаған орта туралы ақиқат білім жинау және теориялық жүйеге келтіру болып саналатын адам қызметінің бір саласы».

Салыстырмалы педагогиканың философиясына салыстырмалы педагогиканың теориясын және сонымен бірге салыстырмалы педагогикалық қызметтің логикасы мен мәнін анықтау кіреді.

Методология – теориялық және практикалық әрекетті жасау мен ұйымдастырудың негізі мен тәсілдерінің жүйесі және сол жүйе жөнінегі ілім.

Егер бұрын методология көбінесе ғылыми-танымдық әрекеттің философиялық негізі туралы түсініктердің жиынтығы деп саналса, қазіргі уақытта іштей жіктелген, арнаулы білім саласы деген ұғымға ие болуда.

Педагогиканың методологиясы жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу мне дамытудың заңдылықтарын пайдалану және оны танып, білудің жолдарын анықтау болып табылады.

Теория (кең мағынада) – белгілі бір құбылысты анықтау мен түсіндіруге арналған көзқарас, түсінік, идеялардың жиынтығы; ал тар немесе арнаулы мағынада – сол теорияның шындықтағы объектісі мен негізгі байланысы және заңдылықтары туралы толық түсінік беретін ғылыми білімдердің дамыған жоғары ұйымдастыру нысаны.

Қазіргі ғылым методологиясында теорияның төмендегідей бөліктерін атап көрсетуге болады.:


  1. Эксперимент негізінде білімнің сол саласында жиналған көптеген фактілерден тұратын және теориялық түсіндіруді қажет ететін бастапқы сезімдік негіз;

  2. Өзі қалған объектіні көрсететін толып жатқан алғашқы жорамал, аксиома, теорияның жалпы заңдылықтарының жиынтығы – бастапқы теориялық негіз;

  3. Дәлелдеу және қисындық қорытынды жасау теориясына сай – теорияның логикасы;7

  4. Теориялық білімнің негізгі тобына кіретін теорияға айналған пікірлердің тобы және оның дәлелдемелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет