Психология және арнайы білім беру кафедрасы


Білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік бюджет



бет45/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Салыстырмалы педагогика және психология

Білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік бюджет – бір жылға білім беру мен ғылымға арналған, қабылданған, арнаулы күші бар кіріс және шығыстық ведомость, кесте... Бюджет болуы мүмкін және жұмсалатын қаржылардың өзара шамалас есебін есептеу үшін құрастырылады. Экономикалық ресурстардың кіріс және шығысы сай өзара тең болуын анықтаудың негізгі құралы бюджет болып есептеледі.

Білім беру деңгейіне қарай қаржыландырумектепке дейінгі, бастауыш, орта білім, ортадан кейінгі білім (арнаулы орта және кәсіптік), жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қаржыландыру. Сонымен бірге білім берудің басқа түрлерін қаржыландыру болып табылады.

Мақсатты қаржыландыру – білім беруді белгілі міндет бойынша қаржыландыру; педагогтік қызметкерлердің жалақасы, студенттердің стипендиясы, әкімшілік шығыны, оқу материалы (оқу құралдары және т.б.), білім беруді материалдық-техникалқ жабдықтау, оқу мекемесінің үйін салу және жөндеу және т.б.

Қаржы қызметін бақылау. Бөлінген бюджеттік қаржының жұмсалуын бақылауға жасалған шығынның заңдылығы және оның экономикалық орындылығы жатады. Жоғары оқу орнының өз міндетін аз күшпен орындау мүмкіндігі де осыған кіреді.

Қаржы қызметін бақылау Германияда жер үкіметін парламенттік бақылаудың бір бөлігі болып саналады. Негізінен қаражатты бақылаумен федаральдық жердің есеп айыру палатасы айналысады. Есеп палатасының бақылауына дейін ішкі бақылау және тиісті жерлік министрдің жоғары оқу орнының қызметіне мемлекеттік қадағалау тарапынан бақылау жүргізіледі. Ішкі бақылауға келетін болсақ, ол алдымен жоғары оқу орны канцлерінің міндетіне жатады... Ол өкіл ретінде бюджеттік қызметтің тиісті заңдық талап шеңберіне орындалуын қадағалайды.


Білім беруді жоспарлау және басқару:

Басқару – белгілі жағдайда жақсы нәтижеге ие болу мақсатымен ұйымның, топтың және жеке адамның қызметіне әсер ету. Біздің түсінігімізге сәйкес басқару адамдарды және қызметті басқарудан тұрады... ұйымның алдында тұрған мақсатқа жету және міндеттерді орындау үшін адам және материалдық қордың өзара бірлігін үйлесімді ұштастыру басқару болып табылады.

Басқаруды көз алдымызға жалпы елестетейік:


  1. қызметті басқаруға қызметті жоспарлау, өндірістік міндеттерді белгілеу, істелген жұмысты өлшеу жүйесін анықтау, тапсырманың орындалуын бақылау кіреді.

  2. Адамдарды басқаруға еңбек ұжымының мүшелері арасында ынтымақтастық ұйымдастыру, кадр саясаты, оқыту, хабардар ету, ұғындыру және басшының басқа істері кіреді.

  3. Ұйымнан тыс байланыстарды басқару.

  4. Ұйым мен адамдардың қызметін басқаруды одан әрі жетілдірц, сондай-ақ сыртқы байланыстарды нығайтуға: басқару жүйесін және кәсіпорын қызметін жоспарлауды жақсарту, ұйымдағы өзара қарым-қатынасты зерттеу және дамыту, еңбекті бөлу ісін үнемі жетілдіру кіреді.

Фин зерттеушілері ұсынған ұйымды (кәсіпорынды) басқару және қызмет нәтижелері бойынша басқарудың жаңа принципі жөніндегі осы талдау мен анықтама, біздің көзқарасымыз бойынша, «ұйым (кәсіпорын)» ұғымын «білім беру жүйесін басқаруға берілген ең таңдаулы анықтамалардың бірі болып табылады. Басқарудың негізгі элементтері тұрақты. Олар: жоспарлау,ұйымдастыру, басшылық жасау және бақылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет