Психология және арнайы білім беру кафедрасы



бет42/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52
Салыстырмалы педагогика және психология

Бірінші кезең педагогикалық фактілерді жинау, жүйеге келтіру және баяндап жазу.

  • Екінші кезең –басқа ғылымдарда кездесетін әдістер мен фактілерді талдау, сипаттама беру.

  • Үшінші кезең – жиналған фактілерді алдын ала салыстырмалы талдау, белгіленген өлшеммен олардың ұқсастығын және айырмашылығын анықтау, болжам жасау.

  • Төртінші кезең – жасалған болжамды тексеру мақсатында белгіленген өлшем негізінде бір уақытта талдау-синтетикалық салыстырулар жасау.

    Б.Наврочнский, Т.Вилех, М.Пенхерский салыстырмалы педагогикалық зерттеулерді жүргізудің төмендегідей құрылымын ұсынады:

    1. Бірінші кезең мектеп жүйесінің негізгі салалары бойынша толық құнды мәліметтер жинау.

    2. Екінші кезеңде салыстыруға қажет педагогикалық фактілерге сипаттама беру жүзеге асырылады, оған жиналған мәліметтерді сұрыптау және жүйелеу кіреді.

    3. Үшінші кезең – салыстырмалы педагогикалық зерттеулерде педагогикалық фактілер мен құбылыстардың байланысын сезімдік, тәжірбиелік деңгейде ғана қарастырып қана қоймай, олардың генетикалық және тәуелділік қарым-қатынасын философиялық деңгейде түсіндіру.

    4. Педагогикалық фактілер мен құбылыстарды саяси-қоғамдық, экономикалық және мәдени процеспен ұштастыра салыстыру салыстыралы педагогикалық зерттеулердің төртінші кезеңі болып табылады.

    А.Векслиар, М.Дебесс салыстырмалы педагогикалық зерттеулерді басқа схемасын жүргізген тиімді деп есептейді:

    1. Білім берудің маңызды мәселелерін жалпы түрде анықтау және белгілеу.

    2. Әр мәселенің зерттелу дәрежесін анықтау.

    3. Жалпы проблеманы жеке мәселелерге бөлшектеу.

    4. Фактілерді сипаттау, салыстыру және түсіндіру.

    5. Оларға теориялық түсініктеме беру.

    Салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістері

    Салыстырмалы педагогиканың толып жатқан ғылыми мәселелерін шешуге, құбылыстарды зерттеуге бағытталған тәсіл мен амалдардың жиынтығы салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістері болып табылады. Салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерінің жіктелісін келтіреміз.

    Проблемалық әдістер (Б.Холмс)

    І. Мәлені талдау.

    ІІ. Болжам жасау.

    ІІІ. Тарихи жағдайды анықтау.

    ІV. Болуы ықтимал нәтижені алдын ала болжау.

    V. Күтілген нәтижені бақыланған құбылыспен салыстыру.

    Тарихи әдістер (У.Бирккман, Р.Хавигхерст):

    І. Ұлттық білім беру жүйесінің пайда болуы мен қалыптасуы.

    ІІ. Білім берудің дамуындағы негізгі дәстүрлер.

    ІІІ. Білім беру жүйесінің құрылымы және белгілі тарихи кезеңде оның өзгеруі.

    ІV. Білім беру саласындағы мемлекет саясаты.

    V. Дамудың негізгі мәселелері мен тенденциялары.

    Әлеуметтік әдістер (У.Бирккман, Р.Хавигхерст):

    І. Білім беру жүйесінің әлеуметтік сипаттамаға баға беру.

    ІІ. Әлеуметтік даму тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеудің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын және әдістерін талдау.

    Анықтамалық әдістер (М.А.Соколова, Е.Н.Кузьмина, М.Л.Родионв):

    І. Талдау

    ІІ. Синтез (жинақтау).

    ІІІ. Абстракция.

    ІV. Қорыту.

    V. Индукция.

    VІ. Дедукция.

    Салыстырмалы педагогикалық әдістер (Дж.Бередей)

    І. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат.

    ІІ. Оқу-тәрбие мекемелерінің құрылымы және түрлері.

    ІІІ. Оқу жоспарлары және бағдарламалары.

    ІV. Мұғалімдерді даярлау және олардың материалдық жағдайы.

    Статистикалық әдіс (Г.Ноа, М.Экстейн)

    І. Мемлекеттік, жеке меншік оқу орындарының және олардағы оқушылардың ара-қатынасы

    ІІ. Оқушылардың әлеуметтік құрамы.

    ІІІ. Оқушылардың саны, қамту проценті.

    ІV. Оқыту сатысына сай оқу орындарының саны.

    V. Сауатсыздықтың және функиональды сауатсыздықтың проценті.
    Салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің ғылыми аппараты:

    Салыстырмалы педагогикалық зерттеу «практикалық әрекет жөнінде шешім қабылдау, пікір түю немесе баға беру үшін белгілі білім, ереже не анықтама негізінде ойлау процесі ретінде» дәлелдеуден басталады.

    Дәлелдеу мынадай бөліктерден тұрады;


    • зерттеу тақырыбының маңыздылығы;

    • зерттеудің мәселесі;

    • мақсаты;

    • нысаны;

    • бастапқы концепция (жетекші идея);

    • болжам;

    • зерттеудің міндеттері.

    Тақырыптың маңыздылығы оқыту және тәрбиелеу тәжірбиесінің мүддесіне, әлеуметтік талапқа қаншалықты сәйкес келетіндігіне, сонымен бірге салыстырмалы педагогикалық ғылымның даму талабына орай анықталады.

    Қарама-қайшылық (диалектикалық) – өзара қарама-қарсы заттар мен құбылыстардың бірін бірі жоққа шығаратын жақтары мен тенденцияларының өзара әрекеттестігі, сонымен бірге олар өзара кірігіп, тығыз байланыста болғандықтан, объективті дүние дамуының және оны танудың көзі болып табылады.

    Проблема – танымның даму барысында пайда болатын мәселе немесе тұтас мәселелер кешені. Оларды шешудің практикалық немесе теориялық елеулі мәні бар.

    Мақсат – адамның саналы әрекетінің, мінез-құлқының бір бөлігі, өзінің әрекетін, оны белгілі құралдармен жүзеге асырудың жолын алдын ала болжау. Мақсат белгілі ретпен, жүйемен жүзеге асырылатын адамның көптеген әрекетінің бірігу тәсілі ретінде көрінеді.

    Салыстырмалы педагогикалық зерттеудің нысаны – қазіргі дүние жүзіндегі білім берудің дамуының жайы және негізгі тенденциялары.

    Салыстырмалы педагогикалық зерттеудің пәні – дүниежүзілік қауымдастықтың (өркениет), мемлекеттің немесе халықтың (мәдениет) және жеке тұлғаның талабына сай білім беруді жетілдірудің тиімді жолдарын болжау мақсатында білім беру жүйесін тарихи салыстырмалы және типологиялық зерттеу, соның негізінде оның дамуының дүниежүзілік және аймақтық тенденциясын анықтау.

    Гипотеза – ақиқаттағы әлі анықталмаған ғылыми болжам несе жорамал. Гипотезаны жорамалдарды эксперимент арқылы тексерілетін ғылыми білімнің дамуының әдісі немесе ғылыми теорияның құрылымының бөлігі деп қарауға болады.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет