Революциялық реформалау – реформалаудың екінші түрі, онда білім беру жүйесінің өзіне елеулі (түпкілікті) өзгерістер енгізіледі;
Стратегиялық міндеттер – негізгі, ерекше елеулі және келешекке арналған міндеттері, оны шешпей стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес;
Интернационалдандыру – басқа ұлтқа, халыққа, олардың әдет-ғұрпына, дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, шетел тілдерін оқуға ерекше көңіл бөлу;
Демократияландыру – жастарды толық орта, жоғары білім алуға қамтуды кеңейту, білім беру сатыларының қатаң сабақтастыған сақтау, оқудың тығырыққа тірелген бағыттарын жою, барлық оқу орындарында оқыту саппасын жақсарту, білім берудің мазмұнын өмірмен тығыз байланыстыру, оқушыларды жоғары азаматтық, моральдық және эстетикалық мұратта тәрбиелеу.
Білім беру жүйесін реформалаудың тенденциясы:
Дәстүрлік – білім берідің бар жүйесін негізінен сақтағысы келеді, оны мүмкін болғандардың ішіндегі тәуірі санап, белгілі дәрежеде ғана жаңарту қажет деп есептейді;
Альтернативтік – білім берудің гуманистік жақтарына көбірек көңіл бөліп, білім жүйесін негізінен өзгерту қажет, оның авторитарлық –педагогтік құрылымын, түрін және әдістерін жою керек деп есептейді;
Достарыңызбен бөлісу: |