Психология және арнайы білім беру кафедрасы


Тұрмыстық (ғылыми емес) білімдер



бет14/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
Салыстырмалы педагогика және психология

Тұрмыстық (ғылыми емес) білімдер адамның шаруашылық тәжірибесі және табиғатта жануарлар тәртібін қадағалау негізінде пайда болды. Бұл білімдердің өте көне тарихы бар. Көне заманда, Homo Sapiens sapiens (150 000 жыл бұрын туындаған саналы адамның тұрпаты) адам жануарлар психикасын зерттей бастады және де сол жануарлармен бірге әрекетті жасау үшін екі негізгі мақсатты (аңшылық, мал шаруашылық) қадағалады. Бірінші мақсат суреттер мен салттық аң аулау рәсімдерінен алынған тәжірибе арқылы жүзеге асырылды. Мұндай аң аулау рәсімдерінің элементтері неандерталдықтарда (қазіргі заман алдындағы Homo Sapiens тұрпаты) кездеседі. Кейін аңшылыққа дайындалған кезде аңшылар өздерін жануарларға ұқсас суреттеп, олардың қимылдарын келтірген. Мұндай іс-әрекеттер адамға жануарлар өмірі мен тәртібін түсінуге мүмкіндік береді. Екінші мақсат (өз психикасын тану) алғашқыда тотемдік ұғымдарда ұсынылған. Адам өзін тотеммен салыстырып, сыртқы келбетін, қимылдарын, дауысын сол жануарға келтіріп, сондай ой-ақыл, ерлік т.б. қасиеттеріне үйренген. Мұндай тәсілдер осы күнге дейін шығыс практикасында адам жаны мен тәнімен жұмыс жасауында кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет