3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
1.5. Пәннің оқу әдістемелік қамтамасыз етілуі
№
|
Авторы, атауы, шыққан жылы
|
Ақпарат тасушы
|
Қолда бар (дана))
|
кітапханада
|
кафедрада
|
Негізгі әдебиеттер
|
1
|
Фабри К.Э. Основы зоопсихологии.М.,2000.
|
Баспа
|
5
|
|
2
|
Фабри К.Э. Вопросы зоопсихологии,этологии и сравнительной психологии.М.2001.
|
Баспа
|
5
|
|
3
|
Фабри К.Э. Зоопсихология//Тенденция развития психологической науки.М.,2000.
|
Баспа
|
8
|
2
|
4
|
Фабри К.Э.Игра животных.М.,2002.
|
Баспа
|
5
|
1
|
5
|
Д.Мак-Фарленд.Поведение животных.Психобиология, этология и эволюция. М.,2000.
|
Баспа
|
2
|
|
6
|
Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики.М.,2000.
|
Баспа
|
2
|
|
7
|
Дембовский Я.Психология обезьян.М.,2001.
|
Баспа
|
2
|
|
8
|
Ладыгина-Котс Н.Н. Предпосылки человеческого мышления.М.,2003.
|
Баспа
|
1
|
|
9
|
Тих Н.А. Ранний онтогенез поведения приматов. Сравнительно-психологическое исследование.Л.,2002.
|
Баспа
|
3
|
|
10
|
Рахимбеков К., Рахимбекова Г.К. Зоопсихология и сравнительная психология. Алматы,2000.
|
Баспа
|
2
|
|
11
|
Зорина З.А.,Полетаева И.И. Зоопсихология.Элементарное мышление животных.М.,2003.
|
Баспа
|
2
|
|
12
|
Сравнительная психология и зоопсихология.Хрестоматия. «Питер»2004.
|
Баспа
|
1
|
|
Қосымша әдебиеттер
|
1
|
Дарвин Ч.Инстинкт.Сочинения т.3М.,2000.
|
Баспа
|
2
|
|
2
|
Дьюсбери Д. Поведение животных.М.,2001.
|
Баспа
|
3
|
|
3
|
Меннинг О.Поведение животных.М.,.
|
Баспа
|
2
|
|
4
|
Тинберген Н. Поведение животных.М.,2000.
|
Баспа
|
2
|
|
5
|
Хайнд Р. Поведение животных.М.,2001.
|
Баспа
|
1
|
|
6
|
Северцов А.Б.Гланые направления эволюционного процесса.М.,2000.
|
Баспа
|
2
|
1
|
7
|
Выготский Л.С.Развитие высших психических функции.М.,2000.
|
Баспа
|
2
|
|
Дәрістер
№1. Салыстырмалы психология пәні, міндеттері, әдістері
1.Салыстырмалы психология пәні мен ғылыми зерттеу объектісі.
2.Салыстырмалы психологияның пайда болуын онто және филогенезде даму жолдарын, олардың заңдылықтарын, көріністерін эволюциялық даму тұрғысын зерттеу.
Салыстырмалы психология - адам психикасының шығу тегі мен дамуының, адам санасының қалыптасуының психологиялық алғышарттары мен заңдылықтарын, адам мен жануарлардың психологиялық қарекетіндегі жалпылық мен айырмашылықты, (адамның мінез-құлқындағы әлеуметтік пен биологиялық мәселесі) зерттейтін психология саласы. Бұл мәселелерді зерттеу адам психологиясы мен зоопсихологияның (жануарлардың психикасы, шығу тегі, эволюция барысында дамуы және психикалық процестердің онтогенезде қалыптасуы туралы ғылым) мәліметтерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл орайда, жануарлар мен адамның психикалық қарекетінің гомологиялық және анологиялық (ақиқат ұқсас және сырттай ғана ұқсас) компоненттері мен детерминанттары анықталады; бұлар олардың шығу тегінің ортақтығын және адамның арғы жануар тегінен алынғанын, сондай-ақ адамның мінез-құлқы мен психикасының әлеуметтік-тарихи факторлардың әрекеті нәтижесінде пайда болып, дамыған түбегейлі сапалық айырмашылықтарын көрсетеді.
Адамзат ерте заманнан бастап жануарлардың жүріс-тұрысының себептері туралы ойлана бастады. Гераклит адамдар мен құдайдың жаны мен санасы бар, ал хайуандар санасыз және жаны жоқ деп есептеген. Ал Аристотель хайуанаттардың зволюциясы және классификациясы туралы ойларында хайуанаттар психологиясының кейбір алғашқы принциптерін дәлелдеген. Платон тірі тіршіліктің бейнелену формаларын, өмір сүру жағдайларына қарай мынадай түрлерге бөледі: физиологиялық және психологиялық. 1.Физиологиялық бейнелену қарапайымдыларға тән. Олар өздерінің биологиялық қажеттіліктерін (тамақтану, көбею, қорғану) қанағаттандыру үшін, тітіркенушілікпен жауап береді және осы процестердің қайталануына қарай механикалық есте сақтау тән. 2.Психикалық бейнелену ол нерв жүйесі бар адамға және жануарларға тән. Жануарлардың психикалық ерекшеліктеріне қарай: эмоция, эмоциялық ес, механикалық ес түрлері жетілген.
Зоопсихология саласындағы алғашқы кітап П.Флуранстың «Салыстырмалы психологиясы» (Psychologie compare, 1864) болды. Алайда, қазіргі заманғы салыстырмалы психологияның дамуына басты ықпал еткен хайуанаттардың әр түрінің инстинктері мен жүріс-тұрысының бейімделу рөлін қарастырған Ч.Дарвиннің атақты еңбегі-«Түрлердің пайда болуы» (Origin of Species,1859) еді. Оның идеялары көптеген ғалымдардың-философтар, натуралистер мен биологтардың зоопсихология мен этологияның ғылым ретінде қалыптасуына негіз болған бағыттарды зерттеу құлшынысын тудырды. Ч.Дарвиннің соңғы жұмыстарының бірі «Адам мен хайуанаттардың эмоциясының көрініс беруі» (Expression of the Emotionsin Man and Animals,1872) еңбегіде хайуанаттар жүріс-тұрысын салыстырмалы түрде зерттеу әдісінің дамуына зор ықпал етті.
Психика дамуы туралы ілім Дарвинге дейін болды. Ол адамның психикасы - эволюциялық процестің бір тармағы деді. Дарвиннің шәкірттері-адамды органикалық дүниемен байланыстыратын жолдарды іздестірді.
Дарвин адам мен жануарлардың ұқсастығы мен жақындығы сыртқы эмоциялық ерекшеліктерінде деді. Оның бұл пікіріне әсіресе, ұқсастығына қарсы болушылар адам интеллектісінің ерекшеліктеріне тоқталды. Сөйтіп, Дарвинистерді адамның интеллектуальды ерекшелігі - эволюциялық қатардың жоғары, сапалы бөлігі ретінде қарауға итермеледі. Дарвиннің шәкірті Джон Романес (1848-1894) «Хайуанаттардың санасы» (Animal Intelligehce,1882) атты еңбек жазды. Бірақ бұл еңбекте қарастырылған адам психикасын дұрыс білмеуі, оның сынға ұшырауына әкелді. Кейін «Хайуанаттардың ақыл-ой эволюциясы» (1883), «Адамның ақыл-ой эволюциясы» (1887) еңбектерін жазды. Сөйтіп, көптеген маңызды белгілерді анықтады, яғни сананың фило-және онтогенездегі сатылы дамуына тоқталу қажет деп тапты. Бірақ оның ақыл-ой мәселесі-кешенді идеялардан - жай және күрделі, нақты, абстрактіден тұрды. Тек адам санасында ғана абстракты «түсінікті» идея пайда болады. Оның зерттеулерінде психиканы дарвинизмнің эволюциялық ілімінен тыс қарастырды.
Эволюциялық ілім – жер бетінде тіршіліктің пайда болу және оның тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін биология ғылымының негізгі тарауы болып саналады. Дарвин өзінің эволюциялық теориясының негізгі тұғыры етіп организмдердің өзгергіштік, тұқымқуалаушылық, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу қасиеттеріне сүйенді.
Ч.Дарвин организмде кездесетін өзгергіштіктің 3 түрін ажыратты: Топтық өзгергіштік- Бір түрге жататын даралардың көпшілігінде өзара ұқсас белгілердің пайда болуы. Бұл көбіне біркелкі орта жағдайлары әсер еткенде айқын байқалады және бұл кезде пайда болған белгілер тұқым қуаламайды;
Жекеленген өзгергіштік- Ұқсас орта жағдайлардың әсеріне бір түрге жататын дараларда әр түрлі белгілер пайда болады. Мұндай пайда болған белгілер тұқым қуалайды;
Салыстырмалы өзгергіштік - Бір мүшеде пайда болған өзгергіштік белгі басқа мүшелердегі белгілердің де өзгеруіне әсер етеді. Организмдердің тұқымқуалаушылық қасиеті - организмдердің көбеюі арқылы ұрпақтан ұрпаққа жыныс жасушалары арқылы жүзеге асады.
Ч. Дарвин табиғи жағдайларда болатын эволюцияның себептерін зерттеу кезінде организмдердің көбею қарқындылығы геометриялық прогресс жолымен жүретінін анықтады. Бұл кезде қоректің жетіспеуінен ұрпақтарының көпшілігі тіршілігін жойып, әрбір түрдің ересек дараларының саны ұзақ уақыт бойы бір деңгейде сақталады, яғни жаңадан пайда болған ұрпақтардың басым көпшілігі тіршілік үшін күресте өз тіршілігін жояды. Дарвин тіршілік үшін күрестің 3 түрін ажыратты.
1.Түрішілік күрес-бір түрге жататын популяциядағы жеке даралар арасында қорек үшін, кеңістік үшін жүреді.
2.Түраралық күрес-әр түрлі түрлерге жататын популяциядағы даралар арасында жүреді. Бұл көбіне біркелкі табиғи ортада тіршілік ететін түрлердің арасында айқын байқалады.
3.Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес. Әрбір түр қолайсыз жағдайларға қарсы күрес жүргізіп, өз тіршілігін сақтауға ұмтылады.
Тіршілік үшін күрестің барлық түрлері де жеке түрлердің өзгеруіне әсер етіп, белгілі бір орта жағдайларына бейімделушілік қасиеттерін арттырады.
Тіршілік үшін күрестің басты жолы - табиғи сұрыпталу. Бұл кезде түрде пайда болған өзіне қолайлы белгілер сақталады да, зиянды белгілер мен қасиеттер жойылады. Табиғи сұрыпталу кезінде орта жағдайларына барынша бейімделген даралар тіршілігін жалғастырып, артына ұрпақ қалдырып отырады. Пайда болған пайдалы белгілер мен қасиеттер тұқымқуалаушылық арқылы ұрпақтарға беріледі. Тұқымқуалаушылық негізінде пайда болған тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу органикалық дүние эволюциясының негізгі қозғаушы күштері болып саналады.
Тарих көрсеткеніндей салыстырмалы психологияның негізін физиологтар қалады. Олар организмнің бейімделгіштік қасиетін зерттеуде сыртқы ортамен байланыстылығын рефлекторлық доға жүйесімен түсіндіреді.
Ллойд-Морган (1852-1936) Бристолдағы (Англия) зоология және геология ғылымдарының профессоры-салыстырмалы психологияның дамуына үлес қосты. Ллойд-Морган жануарлардың әрекетін «байқап көру және қателесу әдісі» арқылы жүзеге асатынын зерттеп, олар бұл мақсатына бірден жетпейді, әр түрлі мүмкіншіліктерді қарастырып, сосын жетістікке жетеді. Сондықтан, үйрету нәтижесінде олардың әрекетін мағыналы етуге болады-дейді.
Адаптивті (вариативті) әрекетке қарсы- Жак Лебб (1859-1924) теориясы. Барлық органикалық дүниенің бірлігі туралы идея тіршіліктің фундаментельды формасы туралы, ал қалғандары қосалқы деп қарастырады. Ж.Лебб оны «тропизм» деп қарастырады. Тропизм теориясы-Дарвин ілімін тіршіліктің физико-химиялық құрылымымен түсіндірді. Жак Лебтің 1890 жылы ұсынған тропизмдер теориясы жүріс-тұрысты физико-химиялық себептер негізінде стимул немесе одан қозғалыс деп түсіндірді. Оның «Жануарлардың және өсімдіктердің гелиотропизмі» деген еңбегінде тропизм құрылымы бойынша рефлексті береді, яғни тіршіліктің сыртқы әсерлерге деген реакциясы. Бірақ рефлекске қарағанда универсальды (дербес) себебі жануарлардың ғана жүріс-тұрыс әрекетін емес, өсімдіктердің де әрекетін білдіреді. Сөйтіп, Ж.Лебтің пайымдауы бойынша, рефлекс-өсімдік протоплазмасындағы физико-химиялық заңдылық.
ХІХ ғасырдың аяғында бихевиористік ағымның негізін қалаушылардың бірі Э.Торндайк пен Дж.Уотсоннның зерттеулері маңызды. Э.Торндайктың «Хайуанаттар ақылы: ассоциативтік процестерді эксперименталды зерттеу» (Animal Intelligence: An Experimental Study of the Assotiate Processes of Animals, 1898) диссертациясы басылып шыққаннан кейін хайуанаттар психологиясы жүйелі ғылыми пән болды. И.П. Павлов жоғары бағалаған жануарлардың жүріс-тұрысын зерттеудегі алғашқы эксперименталды еңбек болды. Торндайк салыстырмалы психологияға - проблемалық жәшік және лабиринт әдісін енгізді. Проблемалық жәшікте жануар сыртқа шығу не сыртта тұрған тамақты алу үшін бірнеше рет қайталап, қателесу арқылы өз әрекетіне жетеді. Бұдан жануарлардың әрекеті бірнеше рет қайталау және қателесу, үйрету, эффект заңдылығы (бір ситуацияда-әр түрлі реакциялардың әсері), жаттығу заңы (қайталаудың ұзақтығы, күші, жиілігі), дайындық заңдылығы (жаттығудың нерв жүйесіне әсері) арқылы жүзеге асатынын көрді. 1901 жылы «Маймылдардың ақылы» деген монография жазды. Бұл зерттеулері жүріс-тұрысты, тәртіпті зерттеуге жол ашты.
30 жылдарда этология ғылымының дамуы, яғни табиғи жағдайда жануарлар әрекетін зерттеу шешуші рөл атқарды. Өзіндік зерттеулер жүргізген К.Лоренц, Н.Тинберген зерттеулері маңызды болды.
Ресейдегі салыстырмалы психологияның негізін қалаған биолог-психолог Владимир Александрович Вагнер (1849-1934). Ол жануарлар жүріс-тұрысын зерттеудің обьективті (биологиялық) әдісін ұсынды. Психиканы эволюциялық дамудың жемісі деп қарастырып, адамның психикасын жануарлардың қарапайым сатысындағы түрлері мен емес, эволюциялық қатардағы жақын тұрған жануарлардың сандық және сапалық ерекшеліктерімен сәйкес келетін түрлерімен салыстырды. Бұл зерттеулерін 1910 жылы жазған «Салыстырмалы психологияның биологиялық негіздері» деген еңбегінде қарастырды.
Этология (грекше «ethos»-ар, мінез,өзін-өзі ұстау) - жануарлардың мінез-құлқы, қимыл-қозғалысы, жүріс-тұрысы туралы ғылым. 1895 жылы Л.Долло негізін қалады. Этология ғылымының негізгі функциясы - фило- және онтогенездегі жануарлардың мінезінің дамуы, эволюциялық дамуындағы даралық және популяциялық бейімделуі. Әртүрлі қимыл-қозғалыстық әрекеттері «этограмм» түрінде бейнеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |