Психология негіздері



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата25.03.2024
өлшемі2.42 Mb.
#496403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Арнайы педагогика және псих нег

сурдопедагогиканы; көзінде мүкістігі бар балаларды тәрбиелеу жэне 
оқыту мэселелерін зерттейтін тифлопедагогиканы; ой-өресінде 
кемістігі 
бар 
балаларды оқыту жэне тәрбиелеу мэселелерін 
қарастыратын 
олигофренопедагогиканы; 
сөйлеу 
қабілетінде 
кемістіктерді зерттеу, түзету жэне алдын алу мәселелерімен 
айналысатын логопедияны. Сонымен қатар дефектология тірек- 
қозғалтқыш аппараты, мінез-қүлкы бүзылған, ақаулары күрделі жэне 
т.б. балаларды оқыту жэне тәрбиелеу мэселелерін зерттейді. 
Дефектологиялық 
ғылымға 
арнайы 
педагогика, 
элеуметтану, 
философия, арнайы психология тараулары енгізілген. Дефектология 
медициналық ғылымдармен тығыз байланысты.
J1.C. Выготский (1896-1934) 17.11.1896 ж. Белоруссияда Орша 
каласында туған. Аса көрңекті психолог Лев Семенович Выготский 
дефектология ғылымының дамуына ден қойып, оның өзекті 
мэселелерін зерттеуге көп күш жұмсады. 1923 жылдың аяғында 
РСФСР Халық ағарту комиссариатына қарасты тәрбиесі қиын деп 
саналатын балалармен 1926 жылға дейін жэне осы кезден бастап
~ 1 6 -


Комиссариатқа қарасты Медициналык жэне педагогикалық станция 
жанынан өзі кұрған кеміс балалардың психологиясын зерттеу 
лабораториясында кызмет істейді. Осы станция негізінде 1929-1930 
жылдары 
тэжірибелік 
дефектология 
институты 
кұрылды. 
Институттың директоры И.И. Данюшевский Выготскийді институтқа 
ғылыми жетекшілік қызметке шакырады. Сөйтіп ол мүнда өмірінің 
соңғы кезіне дейін жемісті қызмет атқарады. 1944 жылы бұл институт 
РСФСР Педагогика ғылымдары академиясы кұрылған кезде соның 
құрамына енді. Мэскеу университетінің заң факультетін жэне
А.П. Шанявский атындағы Халық университетінің филология 
факультетін бітірген. 20-шы жылдардың ортасында Наркомпроста 
жүмыс істеп, ақаулы балалык шақ бөлімшесін басқарды, Медицина 
Университетінде 
психология 
институтында 
дэріс 
оқыған. 
Эксперименталды дефектологиялык институтын, қазіргі кезде - РАО 
Коррекциялық 
педагогикасы 
институтын 
құрады. 
Қазіргі 
дефектологиядағы бағыттардың барлығы JLC. Выготскийдің іргелі 
эксперименттік жэне теориялык зерттеулеріне негізделген деп айтсак, 
артык емес. Оның психикалық даму теориясы калыпты жағдайдан 
ауыткыган балалық шакты зерттеудің негізіне алынды.
JT.C. Выготскийдің бірден колға алған мэселесі дефектологияны 
ғылыми тұргыдан іздестіру. Осы бағытта ол дамуында кемістігі бар 
балаларды зерттеп, оларға сапалы тэлім-тэрбие беру мен окытудың 
өзіндік эдіс-тэсілдерін іздестірді. Сөйтіп, дефектология ғылымының
~ 17 ~
?sopoZ


болашакта 
шұғылданатын 
мәселелерінің 
аукымын, 
мақсат- 
міндеттерін аныктап берді.
Дамуында 
кемістігі 
бар 
балалардың 
психикалық 
даму 
ерекшеліктерін іздестіріп, оларды одан эрі өрістету үшін қалыпты 
дамыған балалардың психикалык даму заңдылықтарымен салыстыра 
отырып, зерттеу кажеттігіне көңіл аударады. Дамуында кемістігі бар 
балалардың денесі мен ақыл-ой кемістігін толыктырып отырудың 
талап-тілектері балалардың жеке басының дамуымен ұштасып 
отыратындығына ерекше мэн берді. Мұндам қүрделі мәселелерді 
шешіп отыру үшін баланың бойындағы кемістіктер мен олардың сыр- 
сипаты да алуан-алуан болып отыратындығын аныктап алу керек 
дейді. Осындай талаптарды жүзеге асыру үшін ең алдымен кеміс 
балалардың сан қилы ауру түрлерін, не зақымға үшырау салдарынан 
ақыл-ой мен сезім күйлерінің түрліше екендігін анықтап алу керек 
болады. Олардың жоғарғы дәрежедегі психологиялык 
қызмет 
деңгейінің де түрліше екендігін ескеру керек.
Балалардың бойындағы түрлі кемістіктердің сырткы көрінісін 
жэне олардың белгілерін эуел бастан анықтап алып, оларды 
өзгертудің, 
сөйтіп 
баланың 
бойындағы 
сапа жағынан 
жаңа 
қасиеттерді тэлім-тэрбие. арқылы қалайша түзетуге болады деген 
міндеттерді шешіп отыру күн тэртібінің маңызды мәселесі деп 
санады. Баланың психикалық дамуы мен денесінде пайда болатын 
жаңа қасиеттер оның бүкіл өткен емір кезендерде калыптаскан 
заңдылық сияқты. Алайда бұл қасиеттер баланың бойынан бірден


дайын күйінде аңғарылмайды. Егер баланың бойындағы кемістігін 
анғарып калғандай болсак, ондай кемістіктерді калайша толықтыруға 
болады жэне сол кемістіктерді бүдан былайғы даму кезендерінде 
жандандырудын 
тиімді 
эдіс-тэсілдерін 
іздестіру 
керек. 
JI.C. Выготский мұндай мәселелерді шешуде бала бойында пайда 
болатын сапалык өзгерістерді өзі өмір сүрген ортаға жэне сыртқы 
жағдайға бейімдеу заңдылыктарына сүйене отырып шешуге болады 
дейді. Өйткені мұндай зандылык калыпты дамыған балалар мен кеміс 
балалардын дамуында бірдей.
Даму заңдылыктарын ашып көрсету үшін адамның туған 
күнінен бастап оның организм тіршілігін камтамасыз ететін қызмет 
түрлерінің де мән-жайын талдай отырып іздестіру керек. Мұндай 
зерттеулер тек психикалык процестермен бірге, жоғарғы жүйке 
жүйесінің 
өзара үштастығын, 
түрлі 
кызмет 
ерекшеліктерінен 
туындайтын 
себеп-салдарлардың 
пайда 
болуы 
мен 
организм 
тіршілігінің әсерленулерін де қамтиды. Жоғарғы жүйке қызметінін 
өзара 
үштастығы 
мен 
олардан 
туындаған 
себеп-салдар 
байланыстарын бүкіл адам организмінің қалыпты кызмет атқаруын 
камтамасыз ететін бүл жайттар организмнің белгілі калпынан 
ауытқып, кемістік түрлерінің пайда болу себептерін анықтауға 
мүмкіндік береді. Л.С. 
Выгосткийдің осы бағытта жүргізген 
зерттеулері дамуында кемістігі бар балалардын жоғарғы психикалык 
кызметінің 
даму 
сипатын 
карапайым 
психикалык 
даму 
ерекшеліктерімен 
салыстыра 
отырып, 
қарастыру 
нэтижесінде
~ 1 9 -


айқындала түсті. Осындай зерттеулер баланың ақыл-ойы мен 
жекелеген 
сезім 
мүшелерінің 
кемістіктерін 
түзетіп, 
оларды 
толықтыру үшін жоғарғы психологиялық қызметтерді жетілдіре түсу 
қажет деп көрсетті. Осы орайда, бала кемістігін карапайым 
жаттығулар арқылы түзетуге болады дейтін пікір дәрменсіз болып 
калды. Ол тұжырымға орай, Выготскийдің барлык еңбектерінде 
психиканың жоғарғы қызметі мен оның қарапайым қызметі арасында 
алшақтық кездеседі дейтін бірсыпыра дефектолог мамандардын ойы 
шындыққа сай келмейтіндігі анықталды. Себебі, жоғарғы жүйке 
жүйесінің 
барлык 
деңгейі 
өзара 
тығыз 
байланыста 
болып 
отыратындығы кез келген көзі маманға белгілі жайт.
Л.С. Выготский зерттеулерінде қамтылған маңызды мэселенің 
бірі - бала психикасын дамытуда оқыту үрдісінің алатын орны мен 
ақыл-ойын жетілдіруде жетекші фактор екендігін айрыкша атап 
көрсетеді. Ол өзінің бұл пікірлерін тәжірибе жүзінде дэлелдеп, оқыту 
ісін үнемі баланың табиғи дамуынан ілгері жүргізу керек деді. 
Өйткені, бала табиғаты сезімтал, эрбір нәрсені шапшаң қабылдап, 
олардың мэн-жайын тез түсіне алады, осындай ерекшелігіне 
байланысты, оқу үрдісі баланың өздігінен ойланып толғануын, эрбір 
нәрсені байыптап үғынуға жетелеп отырады деп санады. Баланың 
сезімталдық ерекшеліктері сензитивтік кезең деп аталады. Бүл бала 
үғымталдығының өрбуі. Мұндай кезеңдер баланың эртүрлі жастағы 
даму кезеңдерінде қайталанып отырытандықтан оку мазмүны мен
~ 20 ~


игеруге тиісті материалдар да күрделене түсіп, баланын ойланып- 
толғану эрекеттерін өрістетеді.
Л.С. Выготский аныктаган тағы бір маңызды мэселе - жекелеген 
психикалык кызметтердің дамуы мен қалыптсауы бала дамуыньщ 
түрлі кезеңдерінде бірі ерте, бірі кеш дамып, адам санасында түрліше 
деңгейде 
болатындығын 
өзі 
жүргізген 
тәжірибелер 
аркылы 
баяндайды. Адам психикасының дамуындағы мүндай заңдылық тек 
дамуында кемістігі бар 
балаларда гана емес, калыпты дамыған 
балаларды да окытып, тэрбиелеу істерінде маңызды екендігіне көз 
жеткізді. Бала психикасынын бастапқы даму кезеңінде қабылдау 
үрдісінің алатын орны ерекше. 
Ал, мектеп жасына дейінгі 
балалардың психикалык дамуы мен оның санасында жетекші роль 
атқаратын ес процесі. Бүл кезеңде бала есінін каркынды дамуы 
кабылдауы мен сөйлеу тіліне, ойлау эрекетіне негізделіп, олардың 
дамуы неғүрлым күрделене бермек. Мектеп жасындағы балалар 
санасының дамып жетілуінде жетекші процесс - ойлау әрекеті. Ойлау 
эрекетінің бүл кезеңінде каркынды дамуы бала санасынын өзге де 
психикалык 
үрдістерінің 
шапшаң 
дамып, 
оның 
танымдық 
эрекеттерінін тереңдеуіне қолайлы жағдай тудырады.
Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, эр кемістік бірнеше сатылы 
болады. Органикалық, яғни биологиялык ауытку кемістіктің бірінші 
сатысы болып есептелсе, сол кемістіктің салдары - оның екінші 
сатысы болып табылады. Яғни, баланы кем ететін ақаудың өзі емес, 
оның салдары. Мысалы: баланың көру қабілеті нашар немесе мүлдем
~ 21 ~


жоқ болғанда, ол бірнеше екі сатылық кемістікке әкеледі: кеңістікте 
еркін бағдарлана алмайтындыгы, кимыл-қозғалысының бұзылуы, 
дүние-танымының тарлығы жэне т.б. Баланы өзгелерден кем етіп 
сезінетіндігі көру кабілетінің зақымдалуы емес, оның салдары болып 
есептеледі.
Л.С. 
Выготскийдің 
адам 
мүшелерінің 
компенсаторлық 
мүмкіндіктері, 
кемістіктің 
күрделі 
құрылымы, 
оның 
ішіндегі 
биологиялық жэне элеуметтік ортаның өзара серпінді қатынасы, 
белсенді жэне жақын арадағы даму аймақтары туралы жэне тағы 
басқа да ілімдері отандастық психология мен дефектологияның даму 
жолдарын сол кезде-ақ анықтап, қалдырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет