Психология пәнінің зерттеу объектісі


Сөйлеудің педагогикалық-психологиялық мәселелері



бет9/24
Дата20.02.2024
өлшемі56.57 Kb.
#492542
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Психология

45. Сөйлеудің педагогикалық-психологиялық мәселелері.
Ұстаздың оқушылармен қарым-қатынасын жасауда қолданатын сөздер неше түрлі болып келеді. Олар: 2-ге бөлуге болады: Сөйлескендегі сөздік қоры бай болуы керек. Кейде балаға осы сияқты сөздер жетпегенде, оған қатты талап қойып, бұйрық ретінде қолданады. Әдетте, сөздердің бәрі бір дауыс ырғағымен айтылмайды. Тиісті жерін де қолданылып отырса ғана нәтиже береді. Осы сияқты сөздер оқушының көңіл-күйімен есептесіп, оның санасына әсер ету үшін керек. Сабақта класпен байланыс жасаудың негізгі тәсілдерінің бірі – мұғалім сөзінің айқын, нақты, оқушыларды сендіретіндей болып келуінде. Сонымен қатар шебер педагог сабақты түсіндіріп тұрған кезде сөздің көпшілігін баяндау ретінде айтпай, жалғыз өзі сөйлеп тұрса да, оның сөзі 2 кісі араласқан әңгіме сияқты болуы қажет. Мысалы, кейбір мұғалімдер сабақта оған біреу сұрақ қойып тұрған сияқты өзіне-өзі сұрақ қойып, кейін оған жауап береді.
Сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеудің әр түрлі болып келетінін психология ғылымы зерттей отырып, оны екі топқа, сырттай және іштей деп бөлінеді. Сырттай сөйлеу ауызша және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.  


46. Қиял туралы түсінік, оның түрлері.
Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Активті қиял – адам өзінің еркімен өзінде бейнелер тудыра алады. Қиялдың пассивтік түрі— түс көру. Түс көрудің физиологиясын түсіндіріп берген И. П. Павлов.
47. Қиялды дамытудың айырмашылықтары мен жолдары.
Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады.
Қиялдың пайда болуы елестеудің пайда болуымен, оларды еске түсірумен байланысты. 6-7 айлық бала анасы бір жаққа кетіп қалса, жан-жағына қарап іздей бастайды. Бұл балада қиял бар екендігін көрсетеді.
Балада сөйлеудің пайда болуы, сурет салуы, балшықтан түрлі заттардың пішінін жасай бастауы бала қиялың дамытады. Алғашкыда қиялдың ырықсыз түрі, кейін ырықтың белсенді түрлері ұшырасады. Мектеп жасындағы бала қиялының дамуында халық ертегілерінің орны ерекше. Бала ертегі тыңдауға, оны айтуға өте әуес келеді. Осы тұста бала қиялы ерекше көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет