Психология пәнінің зерттеу объектісі


Байқау мен байқағыштық, кеңістік пен уақытты қабылдау мәселелері



бет7/24
Дата20.02.2024
өлшемі56.57 Kb.
#492542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Психология

36. Байқау мен байқағыштық, кеңістік пен уақытты қабылдау мәселелері.
Байқау – белгілі мақсат пен объектіні әдейілеп қабылдау.
Байқағыштық – кез-келген уақытта көзге ілінбейтін, ілінсе де оған көбінесе мән бермейтін нәрселерге ерекше зейін қоюшылық.
Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың көлемін, түрін, аумаған, қабылдау.
Уақытты қабылдау – сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарды болатын өзгерістерді айтамыз.
37. Ес туралы жалпы түсінік
Ес- адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері ойында ұзақ сақталуы, ұмытуын айтамыз.
Түрлері: Қозғалыс, Образдық, Логикалық, Эмоциялық

  1. Есті тәрбиелеу мәселелері.

Есте қалдырудағы тәртіп пен жүйелілік жатталған материалдардың ұзақ уақыт есте сақталуын қамтамасыз етеді. Өзінің есін дамытқысы келетін әрбір адам жүйелі түрде және ұйымдасқан түрде есте қалдыруға және қайта жаңғыртуға өзін үйретуі керек.
39. Реминисцения теориясы.
Реминисценция —  еске түсіру деген мағынада. Материалды оқыған бойда (көлемді, күрделі түрлерін) оны бірден қайта жаңғырту кейде қиынға түсіп, мазмұны толық берілмей қалатын кездер болады. Бірақ, бұлар екі-үш күннен кейін қайта жаңғыртылуы мүмкін. Осындай кешігіп еске түсіруді психологияда реминисценция құбылысы деп атайды. 
40. Ес және іс-әрекет, оны дамыту жолдары.
Ес дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып отыратын процесс.
Есті дамыту - қимыл қозғалыс. Денені шынықтыру (би, жүзу, жүгіру, б.) ми қан айналымын жақсартады, ақыл есті дамытуға мұның пайдасы өте зор. кесте тігу, тоқу, сурет салу т. Бұл да миға әсер беріп, есте сақтау қабілетін жақсартады. Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ал ересек адам өзіне тән еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет