41. Ойлау туралы жалпы түсінік.
Ойлау дегеніміз- сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс- қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау дегеніміз - қоршаған әлем туралы пайымдаулар, тұжырымдар мен тұжырымдар негізінде білім алуға мүмкіндік беретін танымдық процесс.
42. Ойлау тәсілдері мен формалары.
Ойлаудың негізгі формалары: ұғым, пайымдау және ой тұжырымы.
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез - бірімен бірі - тығыз байланысты. Кез- келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу анализ бен синтездіңтүрлі қиысулары қажет етеді.
Ойлау формалары. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалім т.б. әртекті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының ұзақ процесіне нәтижесі қорытылады. Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, қайта мәңгі қозғалып тұрады,бірі екіншісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады
Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Мәселен, Шымкент қаласы, М.Мақатаев дара ұғым болса, кітап, адам, жалпы ұғым болады,
43. Түйсік туралы түсінік. Олардың түрлері.
Түйсік- біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отырады. Осы процесс арқылы болып жатқан жағдайға қарай, қимыл жасауға тырысамыз.
Түйсік себепсіз болмайды, біз түйсік арқылы заттың формасын, түсін, көлемін білеміз.
Түйсіктің 6 түрі болады: Олар: Көру, есту, иіс сезу, дәм түйсіктері, сипап сезу, тері түйсігі.
44. Сөйлеу туралы жалпы ұғым. Оның түрлері мен сапалары.
Сөйлеу — жеке адамдардың арасындағы өзара сөйлесу үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып отырады.
Сөйлеу тілінің 2 түрі бар: сыртқы және ішкі сөйлеу тілі. Сыртқы сөйлеу 2-ге бөлінеді: ауызша және жазбаша сөйлеу тілі. Ауызша сөйлеу тілі диалогты және монологты болып бөлінеді. Ішкі сөйлеу тілі- бұл ой тілі.Бұл тіл тек өзі- өзімен сөйлесу үшін керек.
Достарыңызбен бөлісу: |