Функционализмдік ағым психология ғылымында Америка Құрама Штаттарында пайда болып тез арада кең етек жайды, кейің 20ғ. алтернативті структурализмге негіз болды.
Ч.Дарвиннің зволюциялық теориясына, анығырақ айтқанда сана бейімделудің құралы дегенді Уилиям Джеймс психиканың керемет концепциясын ойластырады, оны кейіннен ағзаның аса белсенді формасы ретінде баяандады.
Джеймс Уильям (1842-1910) американдық психолог Гарвард университетінің медисиналық факультетің бітірген. В.Вундттың қасында тәжірибе жинай жүріп психологияны зерттеді.
У.Джеймс 1890жылы 2 томдық «Психология принсіпі» атты монографиясын басып шығарды.
У.Джеймс бойынша психологияның міндеті - сананың механизмдерің анықтауда және адамның (адаптивті) бейімделу мүмкіндіктерінің мүмкін өсуі, ал ең нәтижелісі болып өзін-өзі бақылауды айта аламыз.
У.Джеймс болжамы бойынша адамның психологиялық өмірі дегеніміз-сананың үздіксіз легі. У.Джеймс тұлға ұғымың «Мен» ұғымымен байланыстыра қарастырған.
У. У.Джеймс бойынша тұлға негізінен 3 компаненттен тұрады:
1) Материалды «Мен»
2) Әлеуметті «Мен»
3) Рухани «Мен»
Тұлғаның өзін-өзі бағалау мәселесін талқылаған кезде У.Джеймс өзін-өзі бағалау дегеніміз - адамның өзіндік әлеуметтік сипаттағы тәжерибесі.
Өзін-өзі бағалауды бөлшек теңдеу түрінде көрсетуге болады. Бөлінгіш ретінде табыс, ал бөлгіш ретінде тұлғаның талап қою деңгейі болады.
У.Джеймс К.Лангемен бір мезгілде эмоция теориясын жетілдірді. Бұл теория бойынша адамның эмоционалдық реакциясы ағзаның бұлшық еттік және тамырлық жүйелеріндегі физиологиялық өзгерістердің нәтижесі болып табылады.
8-тақырып. Мектептер мен бағыттардың эволюциясы.
Экзистенциалдық және гуманистік психология
Психологиядағы экзистенсиялды парадикша детерминизмді жоққа шығарудан бастап алғаш қадам баса бастады.Экзистенциалды психологияның орта шегі болып адамның алғашқы өмір сүру ортасы айтылады,маңызды мәселелердің бірі болып,өмір мен өлім сұрағы тұрады, оған қосабостандық пен тіршілік ету мәні жатады.
Экзистенциалды психологияның методологиялық негізін 20 ғасырда, Ф.Брентано мен Э.Гуссерльдің жұмыстарында баяандалды,
Кейін Л.Бинсвангер,В.Фракл,Р.Мэя еңбектерінде жалғасын тапты.
Брентано Франц (1838-1917)неміс философы және психологы. Мюнхен Вюрцбург, Берлин универсеттерінде білім алған. 1962 ж. Тюбинген университетінде «О различных значения сущего у Аристотелья»атты тақырыпта десертация қорғаған. 1864 жылы Франц Брентано католиктік қызметкер болды. 1873 жылы Франц Брентано бұл қызметтен бас тартып Венаға көшіп кетеді сол жерде университетте сабақ береді.
Франц Брентано ойлауынша психологиялық іс-әрекет пен физикалық обьектіні ажыратуда осы маныздылық жоқ ол оның санада пайда болуын зерттеу керек деп баяндаған болатын.
Франц Брентано адам екі түрлі феноменді қабылдауға бейімді деп ойлаған: физикалық, менталды.
Бұл бағыттарды Ф.Брентано интенционалды деп атаған. Франц Брентано психикалық феномен ішкі қабылдау жатады деп есептеген.
Гуссерль Эдмунд (1859-1938) философия мен психологиядағы экцзистенциалды-феноменологиялық негізін қалыптастырды. Лейпциг, Берлин, Вена универсеттерінде білім алған. Гуссерль Галл, Геттинг, Фрейбург универсеттерінде сабақ жүргізді.
1912 жылы «Ежегодник философии и феноменологических иследований»атты күнделіктің басылып шығаруына себепші болып,бас редактор қызметін иеленді.
Гуссерль Эдмунд өз ұстазы Ф.Брентаноның идеясын жалғастырады. Э.Гусслердің ойынша ,сана тек затты бөліп қана қоймай ,затқа мағына береді. Экзистенцияны әдейі ұйымдау нәтижесінде туындайды деп ойлаған. Психологиялық мақсаты болып интерпретациялық факт жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |