«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері



бет26/31
Дата02.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#461807
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
5 тезис тарих

Бинсвангер Людвиг «1881-1966» швецариялық психолог, психиатр. Цюрих,Лозанна, Гейдельберг университеттерінде медициналық білім алған. 20 ғасырдың 20-шы жылдарда Л.Бинсвангер психологияда феноменологияны қолдануда қарастырған. Л.Бинсванның атқарған жұмыстарының бір тұйықтаушысы болып экзистенциалды анализдің (сараптама) талқыланылып қортындыға жинақтау болды, яғни осы жұмыс барысында адамның белсенді өмір сүруіндегі феноменалды анализ түсінігі қалыптасты. Л.Бинсванның ойлауы бойынша экзестенциалды анализдің мақсаты –ол субьектінің ішкі әлемінің реконсттрукционалды күйі.
Л.Бинсвангердің тағы бір болжамы ол адам – еркін, себебі өмірде күнделікті таңдаумен кездеседі деген. Психология ғылымы адамның тіршілік әрекеттерін қажеттіліктері мен жалпы қасиеттерін тани білуі тиіс. Л.Б koinonia (көнегректік-одақ) терминін атап көрсетеді. Л.Б-ң айтуы бойынша –адам өзін тастап кеткендігің түсінген кезде невротик болатыны айқын,ол кезде адам өзінде өзінің бар екенің түсінуі керек.
Л.Б анықтамасы бойынша психотик өзінің ойында ғана бар әлемде өмір сүреді.Осы кезде психотерапевқа қойылатын ең басты талап,қаралушының әлем көрініс толыққанды көрінуіне көмектесу не болмаса себептерін анықтап уақытқа сай прогрес жасау.
Франкл Виктор (1905-1998) австриялық психолог, логотеропияның негізін қалаушы. Вена университетінде медициналық білім алды. 30 жылдары Вена қаласында медициналық практикадан өтті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер қолына түседі. В.Франкл босап шыққаннан кейін, Вена қаласындағы көп жақты емхананың неврологиялық диспанцерь бөлімшесінде қызымет атқарады. Осы медициналық мекеме орынымен оның 25 жыл өмірі байланысты. В.Франкл 30 монография, 300-ден астам мақала жазу арқылы өз ой – пікірін нығайтады, оған қоса дүние жүзіндегі көптеген университеттерде лекция оқыды. Франкл әлемнің 28 университетінде қадірменді профессор атағына ие болды.
В.Франкл экзистенциальды фрустрация феноменына сипаттама берді де, оны адамның мән- мағынаға деген ұмтылысы деп түсіндірді. Неогенді неврозбен ауыратын адамдардың дертін алу үшін логотеропияны жоғары деңгейде қолдану керек деп атап көрсеткен. Логотеропия барысында адамның рухани күйін керемет жоғары деңгейде түсініп бағалау керек болды. В.Франклонның тағы бір ұсынған жаңа терминін біреуі экзистенциалды вакум болып табылады. В.Франкл ойында бір адам екінші бір адамды түсіну үшін жақсы көру сезімі болуы тиіс деп айтқан.
Мэй Ролло Риз (1909-1994).
Американдық психолог және психотерапевт. Мичиган штатында филологияны терең оқыған. Р.Мэй Нью-Йорк Институтында психоанализді тәмамдады. У.А.Уайттан психиатрияны оқыды. 1947 жылы Колумбиялық университетте клиникалық психологиядан доктор дәрежесін алды. Р.Мэй Гарвард, Йельск және Колумбиялық университеттерде жоғарғы дәрежелі ұстаз ретінде сабақ берді.
Р.Мэйдің ойынша нервтік жағымсыз адамның күйі, мәселелерден басқа түскен жаман оқиғалармен тікелей байланысты. Оның мәнісінде адам өзі мәселелерді шешуге шамасы жетпей,сондықтан болашаққа деген ниеті төмендеп түніле бастайды.
Қобалжу теориясын қорытындылай отырып, Р.Мэй адам өз өміріне қажеттіні жоғалтудан туындайды деп шешкен, Р.Мэй адамның тұлға қасиетінің жоғарғы деңгейде дамуы қобалжудан негіз алады деген себебі бір мақсатқа қол жеткізу үшін көптеген қиындықтардан өтуі тиіс. Тұлға болу үрдіс, Р.Мэй ойлауынша өзіндік « мен» түсінігінің пайда болуы мен тікелей байланысты. Адам еркін бостандықта тасымалдаушы болып табылады деген де Р.Мэй еді.
1969 жылы Р.Мэй «Любовь и воля» атты еңбегі жарық көреді, бұл кітапта махаббат пен ерік сезімі адамның басты сезімдері деп көрсетеді.
20-ғасырдың ортасында психологиялық ғылымда гумманистік психология бағыт ала бастайды, гумманистік психологияның зерттеу объектісі болып денсаулық табылады. 1963 жылы АҚШ гумманистік психология Ассоциациясы құрылды, басты мақсаты гумманистік психологияны насихаттау. Гумманистік психологияның басты мақсаты адамды толық зерттеу болды. Гумманистік психологияның өкілдері: Г.Олпорт,К.Роджерс, А.Маслоу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет