«Психология тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының тезистері


-тақырып. Ресейдегі психология



бет28/31
Дата02.10.2022
өлшемі271.5 Kb.
#461807
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
5 тезис тарих

9-тақырып. Ресейдегі психология.
М.В. Ломоносов: Психологиядагы материалистік бағыт.
Бүкіл әлемдік психологиялық ойларға өзінің қосқан үлесі бойынша Ресей психологиясы жетекші орындарды алады. Бірақ Ресей психологиясы шетел тарихнамасынан айналмалы болып қалды. Шетел тарихнамашылары (Боринг, Флюгель, Мэрфи және т.б.), ал тең дәрежеде арнайы философияның жетекшілері және Ресейдің революцияға дейінгі психологтары Ресей ойшылдарының философиялық- психологиялық көзқарастарының рөлін түсіндіруге ұмтылған. Бірақ мұның бәрін ескере отырып, Ресей психологиясын көшірме деп айта алмаймыз.
Ресейдің әлемдік психология тарихындағы рөлі орыс психологиясы дамуының материалдық бағытымен анықталады, оның ішіне табиғи психологиялық құбылыстардың негізгі ғылыми түсініктері кіреді, психологияның нақты, әрі объективті зерттеу тәсілі болуына жағдай жасаған.
Ресейде ғылыми тәжірибелік психология ХІХ ғ. философиялық материализм базасында құрылды, оның жетекшілері А.И.Герцен, В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышевский болған. ХVІІІ ғ. басталған материалистік дәстүрлерді, ХІХ ғ. орыс революционер- демократтары жалғастырған, оның басты бейнесі М.В.Ломоносов, А.Н.Радищев. М.В.Ломоносов (1711-1765) психологияда материалистік бағыттың бастаушысы болды. Ломоносов философиясының мәні онда адамға тәуелсіз әлемнің өмір сүруін мойындауы болып табылады. Табиғат өз ережелері бойынша ешқандай басқа күштерсіз дамиды.
Адам, барлық тірі дүниеге тән, ол өзін табиғаттың бір бөлігі және белгілі бір өмірлік қасиеттерімен ерекшеленеді, олардың ішінде сөз бен ойлау жатады. Бұл қасиеттері арқылы адам жануардан ерекшелегеді. Адам табиғатының бір бөлігі болып қарастырылатындықтан онда оған тән психологиялық ерекшеліктер материалдық бастауы бар құрылымды бейнелейді. Психологиялық құбылыстар ағзаға әсер ететін адам денесіндегі механикалық қозғалыс болып саналады. Яғни психологиялық құрылымдарын білу үшін, басқа табиғат құбылыстарын зерттейтін әдістерді қолдануға болады.
Болашақ зерттеуші бола тұрып Ломоносов ғылыми ізденулерде тәжірибенің рөлін жоғары бағалаған. Ломоносов адамның психологиялық суретінің құрылуында Локктан кері шегінді. Психологиялық түйсіктенбасталады, оның себебі сыртқы заттардың әсер етуі.
Ломоносов түйсіктің түрлері физикалық орталықтардың объективті құрылымдарымен (көру, дәм сезу, есту, ауырсыну және т.б.) анықталады деп есептеген.
Локктың бірінші және екінші реттік қасиеттерінің орнына Ломоносов ортақ және жеке қасиеттері бірдей объективті, бірақ бір- бірімен айырмашылықтары барларды бөліп көрсеткен. Ломоносов ''туа пайда болған ойлар" теориясына қарсы болды.
"Ойлардың құрылымдарының" негізгі құраушысы түйсік пен қабылдау, ал оның құралу механизмі- ассоциациялар.
Ломоносовтың зерттеулері психофизиологияда маңызды рөл атқарады, ал онда түйсіктің сыртқы тітіркенуге тәуелділігін, ми мен сезім мүшелерінің байланысын анықтады, түстер арқылы көру теориясын алға қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет