Психологиялық- педагогикалық практикум


Студенттердің мотивациясын қалыптастыру жолдары



бет29/32
Дата26.09.2023
өлшемі381.59 Kb.
#478617
түріПрактикум
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
семинарға қосымша материалдар

4.2.Студенттердің мотивациясын қалыптастыру жолдары

Студент жақсы өсуі үшін - білімнің өмірде керек екенін түсінуі және сол білімге қызығуы қажет. Бұған жетудің жолдары:



  • өзін-өзі тану

  • басқаларға сол ортаны таныту

  • табиғи ортаны тану

  • ғылыми негіздік таным

  • өмір тәжірибесі арқылы таным

  • ұлттық таным т.б.

Бұл іс-әрекеттің барлығы оқу әрекетіне итермелейді.
Оқу - белгілі бір шамада мәжбүрлік сипатта болады да, негізгі мақсатқа жету жолында жеңу керек болатын нәрсенің бәрі кедергі болып көрінеді. Мұндай жағдайда қарама-қарсы әрекет жасайтын күштердің болуы тән. Ішкі түрткілерге адамды өз мақсатына оқуға ынталандыратын түрткілер жатады. Бұған білімді білуге әуестік, өзінің мәдени деңгейін көтеруге ұмтылу мысал бола алады. Әрине, олар оқу барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңуге байланысты ерік-жігер, күшін талап етеді. Бірақ, бұл күш-жігер сыртқы кедергілерді жеңуге бағытталады. Мұндай ахуалдар педагогикалық тұрғыдан қолайлы. Ондай жағдай жасау педагогтің маңызды міндеті. Олар оқушының мінез-құлқын басқаруды, оқушыны тәрбиелеуді, оның мақсаттарын, мүдделері мен мұраттарын қалыптастыруды талап етеді.
Оқушы өмірінде оқу – іс әрекеттің негізгі саласы. Оқу – сабақ, сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Оқыту, тәрбиелеу, білім беру, дамыту, қалыптастыру – бірге жүретін үрдістер. Оқудың міндеті – оқушыларға ғылымның негізгі ілімін, ақыл-ой еңбегінің дағдысы мен әдісін үйренуден тұрады. Тәрбиелік міндеттер оқушылардың дүниетанымына, ғылыми ілімнің негізіне, табиғат заңдылықтары дамуының жүйелік көзқарасын, өзінің сендіру мүмкіндігін құрайды және сендіру мүмкіндігін арттырады. Олар оқу үрдісінде оқушыларды еңбек сүйгіштікке, еркіндікке, тұрақтылыққа, мақсатқа ұмтылушылыққа, ыждаһаттылыққа, саналылыққа, істі аяғына дейін жеткізуге, шындыққа, өзіне деген сындық қатынасқа, іскерлік пен жауапкершілікке уағыздайды.
Дамушы міндеттер – оқушылардың интенсивтік құрылымын талап ете отырып, психикалық (сезіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, еркін, сөйлеу) логикалық және бейнелі, көркем ойлау үрдісінің түрі, кез келген шығармашылық міндеттің шешімі, сезім мен ерікте мәдениеттіліктің пайда болуы. Білім беру - ұлттық және жалпы адамзаттың қазыналары, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.
Білім беру, оқыту, тәрбиелеу – еңбек ету үрдісімен бірге жүреді. Еңбек үрдісі нәтижелі болу үшін, қажетті білімді, дағды мен іскерлікті, икемді жүйелі түрде меңгеру, оқу арқылы бала қоғамдағы ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін өз бойына сіңіреді. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой мен дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Білімді меңгеру- ұзақ уақытты керек ететін күрделі үрдіс. Білімді игеру үлкен сапалылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Мәселен, баланың жасы өскен сайын оқуға деген қызығушылықтарының, түрткілерінің де мазмұны өзгереді. Түрткімен бірге қызығу, дағды және икем де бірге қалыптасады. Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңызға ие болады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді, іс-әрекетке жақсылап дағдылану арқылы адам өндіріс құралдарын, дене шынықтыру, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға жетеді. Адам әсіресе, өзінің негізгі мамандығына, алдына қойған мақсатына жетуге күш-қуатын пайдаланады. Ал икемділік- адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеттілігі. Икемділік білім мен тәрбиеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады дейді Қ.Б.Жарықбаев.
Икемділік – белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алудың көрінісі. Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы әрекетті қажет етеді. Икемділікті амалды жүзеге асырудың тәсілі деп те қарастыруға болады. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады. Адам түрлі ғылыми білімдерді үйренеді, бұл үшін ол сан алуан амал-тәсілдер қолданады, мақсат-бағдарын мәселені шешуге бағыттайды. Осы жолда түрлі проблемалық жағдайларға кездеседі, белгісіз нәрсені зерттеп білумен айналысады.
Адамның қызығуы әртүрлі істерді өз дәрежесінде орындауға ұмтылудан туады. Ал, түрткі сол істерге итермелейтін күш. Сонымен, түрткі – адамның белгілі қажеттіліктерін қанағаттандырудағы іс-әркетіне байланысты психологиялық көңіл-күйі. Қажеттілік адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш болса, білімге, оқуға итермелейтін оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда түрткілердің маңызы зор.
Танымдық түрткілер - оқушының басқа адамдармен әртүрлі әлеуметтік өзара қарым-қатынасының байланыстылығы. Танымдық түрткілер бірнеше топтарға бөлінеді. Олар: кеңейген танымдық түрткілер- оқушының жаңа білімді дамытуымен байланысты. Тағы да деңгейі бойынша бөлінеді. Бұл деңгейлер білімге деген қызығушылықтармен анықталады.
Оның педагогика ғылымында дәлелденген әрекеттен туатын кестелік жүйесі төмендегідей:



Мұрат еткен мақсат




Іс-әрекет жасаудың қолданысы


























Әрекетке итермелейтін түрткі (мотив)




Мұратқа ұмтылу тәсілі































Қызығушылық туғызатын қажеттілік




Қажет өтеу нәтижесі




2 сурет - Танымдық қасиеттердің іс-әрекетке бағыттылығы

Белгілі бір зат, оқиғалар, жағдайлар немесе іс-әрекет адамның айқындалған белсенділігінің негіздерімен байланысты болғандықтан, іс-әрекеттің себептеріне айналады және оны үш категорияларға бөлуге болады:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет