Психотерапия технологиялары


ОТБАСЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ (О. К. Б)



бет31/43
Дата27.03.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471159
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
АР ЖУНУСОВА ПСИХОТЕРАПИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. ПАВЛОДАР. КЕРЕКУ, 2010

ОТБАСЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ (О. К. Б). Отбасылық психотерапияның бір түрі болып саналады, оның өзіндік белгілері, шегі және интервенция көлемі бар. Отбасылық кеңес беру параллельді отбасылық психотерапиямен қатар дамыды және олар бірін-бірі толтырып отырды.
О. К. Б. мақсаты отбасыдағы рөльдік өзара әрекетті өзгерту және жеке тұлғаның өсу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін отбасы мүшесінің (мүшелері) сұрауын (мәселе) кеңес берушімен бірлесіп оқыту. Отбасылық кеңес беру психотерапиядан принципиальды айырмашылығы ауру тұжырымдамасынан бас тарту, жағдаят талдауындағы акцентте, отбасыдағы рөльдік өзара қатынас аспектілерінде, кеңес беру субъектілерінің тұлғалық ресурстарды іздестіру және «шешімдер желпуіші» - жағдаятты шешудің тәсілдерін талқылауда болады. Отбасылық кеңес беру тәсілдері мен әдістерінің әртүрлілігі әртүрлі теориялық тұжырымдамаларға негізделеді, олардың арасында бүгінгі күні жетекші когнитивтік-мінез-құлық психотерапия, оның ішінде рациональдық-эмоциональдық психотерапия, жүйелік және эмпирикалық бағыттар болып табылады (Минухин (Minuchin S.), Сатир (Satir V.) және т.б.). Э. ГИПНОТЕРАПИЯ Эйдемиллер (1994) Отбасылық кеңес беру негізгі қағидалары мен ережелерін келтіреді
1. Қатынасты орнату және кеңес берушінің клиенттерге қосылуы. Оптимальды қатынас жасауға, мимезис тәсілдеріне, кеңес беруші тынысы мен «өтініш беруші» мәселелерін үйлестіруге, отбаслықы мәселе туралы хабарлайтынның басты репрезентативтік жүйені айқындайтын сөйлеу предикаттарын қолдануға жәрдемдесетін құрылымдық дистанцияны сақтау арқылы жасалады.
2. Метаүлгілеу тәсілдері мен терапиялық метафораларды қолданумен клиенттің мәселесі туралы ақпарат жиынтығы. Психотерапиялық мақсаттың субъективтілігіне келесідей сұрақтар ықпал етеді: «Сізге не керек?», «Сіз қандай нәтижеге жеткіңз келеді?», «Сіз бұл туралы қарсылық шылауларсыз, оң нәтижелі терминдерімен айтып көріңізші».
3. Психотерапиялық шартты талқылау. Отбасылық кеңес беру бұл бөлігін көптеген мамандар маңызды бөліктерінің бірі деп таниды. Жауапкершіліктің бөлінуі талқыланады: кеңес беруші әдетте Отбасылық кеңес беру қауіпсіздігіне және клиенттің мәселені шешуге рұқсат беру технологиясына, ал соңғысы - өзіндік белсенділігіне, шынайылылығына, өзінің рөльдік мінез-құлқын өзгертуге деген тілегіне және т.б. жауапты болады.
Содан кейін Отбасылық кеңес беру қатысушылары жұмыстың жалғасы (орташа оның жалпы уақыты 3-6 сағат) және бір сеанстың ұзақтылығы туралы келіседі. Кездесулердің мерзімі талқыланады: әдетте алғашқыда аптасына 1 рет, әрі қарай 2-3 аптада 1 рет. Отбасылық кеңес беру маңызды жағы төлем шарттарын талқылау немесе клиентке Отбасылық кеңес беру клиенттердің терапиялық өзгерістерге мотивацияның күшеюіне ықпалын тигізетіндіктен, бюджеттік муниципальдық мекемеде жүзеге асқан жағдайдағы құны туралы ақпаратты ұсыну болып табылады. Сонымен қатар шарт талаптарын бұзғаны үшін тараптарға мүмкін салынатын айыппұлдарды атап өту керек.
4. Отбасылық кеңес беру процедурасындағы келесі қадам – клиенттің проблемасын оның максимальды түрдегі субъектілігі мақсатымен нақтылау және отбасы ресурстарын жалпы және оның жеке-жеке мүшелерінің ресурстарын анықтау. Оған келесідей сұрақтар көмектеседі: «Сіз бұрын қиындықтармен қалай күрестіңіз, сізге не көмектесті?», «Қандай жағдайда сіз мықтылық таныттыңыз, өз күшіңізді қаай қолдандыңыз?».
5. Өзіндік кеңестер өткізу. Клиенттер сенімін кеңес беру процедурасының тасбыстылық пен қауіпсіздікке күшейту керек: «Сіздің өзгерістер жасауға деген ынтаңыз, бұрынғы тәжірибеңіз, белсенділігіңіз бен шынайылығыңыз кеңес берушінің сізбен қызмет ету тілегімен үндесе келе, оның кәсіби қасиеттері мен тәжірибесі тасбысты жұмыстың сенімді кепілдігі болады». Кеңес беруге қатысушылармен қалыптасқан мінез-құлық стереотиптерінің оң және теріс жақтары келесідей сұрақтар арқылы талқыланады: «Сіздің ойыңызша, қалыптасқан жағдайлардағы ең жаманы?», «Талқыланатын жағдаяттағы ең жақсы нәрсе?» Мінез-құлықтың жаңа шаблндарын бірлесіп іздеу жүзеге асады – «шешімдер желпуіші». Кеңес беруші келесідей сұрақтарды ұсынады: «Мәселені шешу үшін, сіздің әлі жасамағаныңыз?», «Осыған ұқсас жағдаятта болған сізге маңызды адамдардың мінез-құлқы? Сіз осылай жасай алушы ма едіңіз?», «Сізге дәл осындай әрекет етуге не көмектеседі?». Көзбен шолу тәсілін қолдануға болады: транстағы клиенттер (а этому способствует «точное следование по маршруту проблемы заявителя»), жаңа жағдаят бейнесін жасайды және сонымен бірге осы кезде пайда болатын кинестетикалық сезінулерді белгілейді.
6. Отбасылық кеңес беру бұл қадамы «кологиялық тексеріс» деп аталады (Bandler R., Grinder J., 1995). Кеңес беруші отбасы мүшелеріне 5-10 жылдан кейін өздерін ұқсас жағдаятта елестетіп, өздерінің жағдайларын зерттеулерін ұсынады.
7. Отбасылық кеңес беру аяғына қарай кеңес беруші «нәтижені сақтандыру» бойынша күшін салады. Бұл клиенттердің кей кездері мінез-құлықтың жаңа шаблондарын игеру кезінде сенімділік сезімінің тууына септігін тигізетін іс-әрекеттерге мұқтаж болатынынмен байланысты. Олар кеңес берушіден кез келген үй жұмысы мен алынған нәтижелерді талқылау үшін біршама уақыттан кейін қайта кеңеске келуге шақыруды ала алады.
8. Бірқатар жағдайларда «ажырату» процедурасын өткізу қажет. Ол клиенттердің берілген мақсат пен алынған нәтижемен салыстырғанда авоматты түрде бола алады, бірақ кей кездері кеңес беруші ажыратуға жағдай жасау керек (Эйдемиллер Э. Г, 1994; Haley J., 1976). Бұл мақсатпен Хейли жиі «парадоксальдық тапсырмаларды» қолданады, олардың нақты қолдануы қарама-қарсы нәтижеге әкеледі. Мысалы, ашық немесе жасырын түрде сезімдерін білдіруге қатысты жас отбасылар кеңес алғанда, оларға келесідей тапсырма ұсынылды: «Өзінің эмоциональдық серпілуін тексеру мақсатымен апта бойы тәулікте бір сағаттан ұрысыңыз». Соымен бірге Хейли адамзатқа тән табиғатты есепке алды: ешкім саналы түрде өзіне және басқаға зиян келтірмейді. Осы тапсырманы орындауға тырысып, жасамай қойған жас отбасыларда, керісінше, бірін-бірі бағалауға деген тілектері артты және олар «жат» кеңес берушінің қызметінен бас тартты.
Бүгінгі күні Отбасылық кеңес беру Ресейдегі жұртышылықтың неғұрлым талап ететін психотерапиялық көмектің түрі болып табылады. Денсаулық сақтаудан басқа отбасылық кеңес берушітар білім беру жүйесінде – психологиялық орталықтарда, тікелей мектептерде, әлеуметтік қорғау министрліктерінде және отбасы және баланы қорғау жөніндегі комитеттері жүйесінде, сондай-ақ басқа да мекемелерде қолданыстағы консультацияларда пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет