Психотерапия технологиялары


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет37/43
Дата27.03.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471159
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
АР ЖУНУСОВА ПСИХОТЕРАПИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ. ПАВЛОДАР. КЕРЕКУ, 2010

Пысықтауға арналған сұрақтар:

  1. Имаготерапияның мәні.

2. Имаготерапияның міндеті.
3. Имаготерапияның кезеңдері.
Әдебиет:

  1. Бондаренко А.Ф.Психологическая помощь: теория и практика. — Изд. 3-е, испр. и доп. — М.: Независимая фирма “Класс”, 2001. — 336 с. — (Библиотека психологии и психотерапии, вып. 94). ISBN 5)86375)040)5

  2. Грановская Р.М. Элементы практической психологии.— 2-е изд.— Л.: Издательство Ленинградского университета. 1988.—560 с.

  3. Карвасарский Б.Д. Психотерапия Учебник для студентов медицинских ВУЗов. 2-е изд., 2002.

  4. Нельсон-Джоунс Р. Теория и практика консультирования – СПб.: Издательство «Питер», 2000. – 464с.

  5. Осипова А.А. Общая психокоррекция: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: ТЦ «Сфера», 2000.– 512с. ISBN 5-89144-100-4

  6. Романин А.Н. Основы психотерапии: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. за­ведений. - М.: Издательский центр «Академия», 1999. - 208 с. ISBN 5-7695-0418-8, стр.63-65.



15 Тақырып. Мінез-құлық психотерапиясы.
Жоспар.
1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.
2. Мінез-құлық психотерапияның шығу тарихы.
3. Мінез-құлық психотерапиядағы психолог жұмысының кезеңдері.
4. Мінез-құлық психотерапияның ерекшеліктері.
Қазіргі заман психотерапияның детекші бағыттарының бірі. Жаңа даму кезеңінде Мінез-құлық психотерапиясы (М. П.) анықтамасы тар мағынада қолданылып, оны классикалық және операнттық келісуге негізделген техникалық тәсілдерді ғана қосса, соңғы кезде термин мағынасы кеңдігінен атауы мәні жоғалуының қаупі төнуде. Мысалы, Кэнфер (Kanfer F. Н., 1975) М. П. «белгілі бір стандартқа сәйкестендіру мен үйрету теориясы саласындағы ашылулармен байланыстыларды ғана емес, экспериментальдық психологияда алынған барлық ақпаратты да қамту керек» деп айтқан. М. П. неғұрлым ойластырылған анықтамалардың бірі М. П. американдық ассоциациясында ұсынылады: М. П. «ең алдымен экспериментальдық және әлеуметтік психологияда дамыған қағидалардың қолданылуын қамтиды. М. П. адамның қайғы-қасіреттері мен әрекет ету қабілеттерінің шектелуін азайту керек.
М. П. айналаны қайта құру және әлеуметтік өзара байланысты және аз деңгейде биологиялық араласулар арқылы соматикалық үдерістер түрінің өзгеруі қамтиды. Оның мақсаты, ең басты – әрекет ету қабілеттерінің қалыптасуы мен нығаюы, өзін-өзі бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін техникаларға ие болу» (Franks С. М., Wilson G. Т., 1979).
Өзінің бастапқы даму кезеңінде «мінез-құлық» термині М. П. сыртық бақыланатын сипаттама ретінде танылса, қазіргі кезде бұл ұғымға эмоциональдық-субъективтік, мотивациялық-күйзелген, когнитивтік және вербальдық-когнитивтік сипаттары қосылады.
Осылай, М. П. теориялық ережелердің бірлігі мен одан өрбитін әдістемелік белгілі араласуға негізделген неғұрлым тар мағынасы мен кеңейтілген мағынасын бөліп айтуға болады, мұнда бұл байланыс мәнін жоғалтады.
М. П. негізін қалаушылары ретінде біздің ғасырдағы екінші онжылдығында пайда болған үйрету қағидасына негізделген психотерапия әдістері қарастырылады. Олар әдебиетке шартты-рефлекторлық терапия әдістері атауымен енді.
«М. П.» термині 1953 жылдан бастап қолданыла бастады 1950-1960 – М. П. жеке дербес бағыт болып қалыптасу кезеңі. Ол кезде М. П. зерттеу және дамудың бірнеше орталығы ғана болды: Оңтүстік Африка Республикасында — Вольпе (Wolpe J.), Лазарус (Lazarus A. A.), Рахман (Rachman S.); Англияда — Шапиро (Shapiro D.), Йетс (Yates A. J.), Айзенк (Eysenck H. J.); АҚШ-та — Азрин (Azrin N. Н.), Айллон (Ayllon Т.). 1960 жж. — М. П. қарқынды даму кезеңі. 1971 ж. Крэснер (Krasner L.) М. П. 15 түрлі бағытын атап көрсетті, олар кейінгі жылдары бірігіп, М. П. атауына ие болды.
И.П.Павловтың есімімен байланысты Классикалық ескерту, М. П. негізін қалаған бірінші теория болып табылады. Сонымен қатар И.П.Павлов Уотсон (Watson J. В.) тәрізді — шартты рефлекстер теориясының жақтаушысы, американдық бихевиоризм жасаушысы; өз оқуларында аралық ауыспалы мағынаны жойған және сыртқы әлем мен сыртқы мінез-құлықты қөздырушылармен зерттеуді шектеген. Торндайктың (Thorndike E. L.) құралдық немесе операнттық келісімділік теориясы бұрынғы «стимул-реакция (мінез-құлық)» парадигмасы егінде қалды, алайда мінез-құлықтың пайда болуы мен нығаюндағы пөзитивті және теріс сиппаты (әсер ету заңы) бар стимулдардың мәнін ерекшеледі. Бұл теорияда стимул реакцияның күшін арттыратын нықтау қызметтік сипатына ие болды. Торндайка—Скиннер үлгісі И.П.Павловтың үлгісіндей ағзаның мінез-құлқын «қара жәшікке» ұқсатқан, оның ішкі мазсұны туралы ешқандай ақпарат жоқ.
М. П. Фейдимен және Фрейгер бойынша (Faidiman J., Frager R., 1994):
1) адамдардың өмірлік жағдайларына өздері қалайтындай жасауға көмектесуге тырысу, яғни олардың өз мінез-құлқы, ойлары, сезімдері әлеуетінің артуына немесе әрекет етудің теріс тәсілдерін жоюға жәрдемдесу;
2) қатынастың эмоциональдық мәні мен жеке тұлға сезімдерін өзгертуге мақсат қойылмайды;
3) жағымды терапиялық қарым-қатынас — қажетті, бірақ тиімді психотерапияға жеткліксіз шарт болып табылады;
4) пациенттің шағымы маңызы бар материал болып қабылданады, онда артынан үзіктер сияқты жатпай, терапия онда шоғырланады;
5) пациент және психотерапевт терапияның ерекше мақсаттары туралы келіседі, ол мақсаттар пациент және психотерапевт мақсаттардың қалай және қашан іске асатыны туралы білетіндей ұғынылады.
М. П. келесі даму кезеңі стимул және реакция арасында орналасқан аралық ауыспалыларды есепке алу талпынысымен байланысты. Сонымен бірге ішкі ауыспалы сыртқы қөздырушыларға жасырын реакциялар ретінде қарастырылған. Дәл олардың жасырушылығы сыртқы қөздырушылармен болатын анық байланысты жоққа шығарды.
Ішкі ауыспалы – бұл ең алдымен когнициялар (ойлар, түсініктер), олар басқа үдерістерді басқарады, мысалы эмоциональдық және мотивациялық.
Осындай түсінікпен 60-ж соңы мен 70-ж басында «жасырын сәйкестендіру» / «жасырын келісімділік» (Cautela J. R., 1967), «жасырын бақылау» (Homme L., 1965), «өзін-өзі реттеу» (Kanfer F. N, 1975) деген атаулармен әдебиетке енген жаңа әдістемелер ұсынылды.
Жасырын сәйкесетндіруді классикалық және операнттық келісімділіктің танылатын аспект теориясына өзгеріссіз таратуға тырысқан, бұл сәтсіздікке апарды. Бұл ішкі ауыспалыларды М. П. тәжірибесіне енгізуге талпыныс болды.
60 жж М. П. дамуына бақылау арқылы үйрету теориясы әсерін тигізді (ең алдымен әлеуметтік) (Bandura A., 1971). Бұл теорияның авторы үлгіні бақылау арқылы ғана жануарда немесе адамда бұрын байқалмаған мінез-құлықтың жаңа стереотиптері қалыптасатынын көрсеткен. Кейін бұл өзін-өзі нәтижелілік тұжырымдамасы атауына ие болған теориялық жалпылауға әкелді.
М. П. когницияларды эмоциональдық, мотивациялық және моторлық үдерістердің аралық ауыспалы, құратын және реттейтін компонеттер ретінде қарастыратын бастапқы парадигмасынан (стимул—реакция) кейінгі қадамын Эллис (Ellis A., 1962) және Бек (Beck А. Т., 1976) теориялары сипаттайды. Эллистің рациональдық-эмоциональдық психотерапиясында стимул және мінез-құлық арасындағы байланысты анықтайтын басты аралық ауыспалы рациональдық және рациональдық емес когнициялар болып табылады. Бектің ауыспалыны анықтайтын когнитивтік психотерапиясында реалистік және реалистік емес когнициялар (когнитивтік шешімдердегі қателіктермен байланысты) болып табылады. Екі автор да когнитивтік және мінез-құлық ауыспалыларды бастапқысы мәнінің басымдығын құптайды. Олардың ойынша, психотерапияның әсер ету орталығы аралық когнитивтік ауыспалы болуы керек.
Когнитивтік және мінез-құлық көзқарастары интеграциясының талпынысы Мейхенбаум (Meichenbaum D., 1977) және оның әріптестерінің есімдерімен байланысты. Оның еңбектерін ішкі сөйлеу туралы А. Р. Лурий және Л. С. Выготский идеяларының кейінгі дамуы ретінде қарастыруға болады. Онымен әзірленген өзін-өзі нұсқау әдістемесі титықтауға қарсы ем өзін-өзі сөйлету түрінде ішкі сөйлеуді меңгеру тәсілі болып табылады.
Дәл осындай когнитивтік ауыспалы (экспектациялар) және когнитивтік-мінез-құлық психотерапияның басты объектісі мен мақсаты ретіндегі олардың модификацияларын қарастыратын Махони (Mahoney M. J., 1974) жұмыстарының бағыты.
Тиісті когнитивтік ауыспалы, когнитивтік-мінез-құлық бағыттарды таңдауға мүмкіндік беретін метатеорияға қатысты жеткілікті түрде әртүрлі болып табылады. Мысалы, Дзурилла және Голдфрид (D'Zurilla Т. J., Goldfried M. R., 1971) мәселені шешу тренингін ұсынды, онда психотерапия мазмұны мәселе шешу стратегиясының тренингі болып табылады.
Осылай, М. п. — бұл психотерапияда дамушы бағыт. «Стимул-реакция» схемасы бойынша құрылған оқыту теориясынан бастап, әрі қарай когнитивтік және әлеуметтік оқыту теорияларын қолданады, ал соңғы жылдары сонымен қатар ақпаратты қайта өңдеу, қарым-қатынас және одан үлкен жүйелер теориясына арқа сүйеуге тырысады. Сәйкесінше ескілер сәйкесенеді және М. П. жаңа әдістемелер аясы кеңейеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет