Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету әдістері


Инъекциялық ерітінділер. Негізгі сипаттамасы және инъекциялық ерітінділерге



Pdf көрінісі
бет16/47
Дата20.05.2024
өлшемі0.57 Mb.
#501522
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
птл сурак есеп

 
8.Инъекциялық ерітінділер. Негізгі сипаттамасы және инъекциялық ерітінділерге 
қойылатын талаптар. Ерітінділердің апирогендігін, рН, түстілігін, тазалығын тексеру.
Инъекцияға арналған ерітінділер-инъекция түрінде енгізуге негізделген бір немесе бірнеше 
дәрілік заттарды еріту арқылы алынған сұйық дәрілік нысандар. Инъекцияға арналған 
ерітінділер емдеу мекемелерінде дайындалатын препараттардың 60% - ын құрайды. 
Шаншуға арналған дәрілік формалар теріге немесе кілегей қабаттарына зақым келтіретін 
шприц арқылы ағзаға енгізілетін дәрілік формалардың арнайы тобына жатады . Негізінен 
көлемі 100 мл және одан көп болатын шприцке арналған ерітінділер тобы инфузиялық деп 
аталады.
Енгізу жолына байланысты жіктелуі.
Тері ішілік (іnjectіones іn tracutaneae) инъекция. Инъекцияның бұл тәсілінде ине тек 
эпидермисті тесу арқылы сұйықтық (0,2-0,5 мл) эпидермис пен дерма арасындағы кеңістікке 
енгізіледі.
Тері астылық инъекция (іnjеctіones subcutaneae). Ерітінділер 1-2 мл көлемде тері асты 
клетчаткаға енгізіледі. Тері астына сулы және майлы ерітінділер, сонымен қатар суспензиялар 
және эмульсиялар енгізіледі. 
Бұлшық етке енгізілетін инъекция (іnjеctіones іntramusculares). Сұйықтық (1-2 мл) қалың 
бұлшық етке енгізіледі. Кей жағдайларда 50 мл-ге дейін сұйықтық енгізіледі. Сулы, майлы, 
суспензиялар және эмульсиялар түрінде енгізіледі.
Қан тамырына енгізілетін инъекция. Қан тамырына енгізілетін (іnjеctіones іntravenosae) 
және арте-рияға енгізілетін (іnjеctіones іntraartherіeales) инъекциялар жатады. Бұл кезде 
ерітінді күре тамырға (жиі шынтақ) немесе артерияға (сан, иық, ұйқы) енгізіледі. Бұл жағдайда 
дәрілік заттың әсері тез (1-2 секунд) көрсетіледі. Инъекцияны қан тамырына енгізу тәсілі 
қанға өте көп мөлшерде сұйықтық енгізуге мүмкіндік береді. Мысалы, физиологиялық 
ерітінділер кейде үш литрге дейін енгізіледі. Қан тамырларына қанмен жақсы араласатын тек 
сулы ерітінділерді енгізуге болады.
Шаншуға арналған ерітінділер МФ, УФМ, ГОСТ талаптарына жауап беретін квалификациясы 
химиялық таза және талдау үшін таза дәрілік заттардан дайындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет