Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету әдістері


Қолдану тәсіліне немесе мөлшерлеу (дозалау) әдісіне байланысты дәрілік қалыптың



Pdf көрінісі
бет2/47
Дата20.05.2024
өлшемі0.57 Mb.
#501522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
птл сурак есеп

Қолдану тәсіліне немесе мөлшерлеу (дозалау) әдісіне байланысты дәрілік қалыптың 
жіктелуі 
1) Тамшылар 
2) Микстуралар 
3) Таблеткалар 
4) Экстракциялар 
5) Тұндырмалар 
6) Аэрозольдер,т.б 
Ағзаға енгізу тәсіліне байланысты дәрілік қалыптың жіктелуі 
1) Энтеральды 
2) Парентеральды 
Дәрілік түрлердің энтеральді түріне келесі жолдар жатады: ауыз қуысы арқылы, тіл астына
тік ішек арқылы. Ең кең тараған тәсілдің бірі – пероральді (лат. per – арқылы, os, orіs – 
ауыз), ауыз қуысы арқылы (per os). Бұл ең қарапайым және қолайлы енгізу жолы. Ауыз
қуысы арқылы қабылданған дәрілік құралдар ащы ішекте салыстырмалы түрде баяу 
сіңіріледі. Ол ішектің кілегей қабықшасының функционалдық жағдайына, ортаның рН
мәніне байланысты болады. Кейбір заттар үшін пероральді енгізу жолы тиімсіз, себебі, заттар
ішек ферменттері немесе асқазанның қышқыл ортасының әсерінен бұзылуы мүмкін 
(панкреатин, инсулин). Сонымен бірге, осы тәсілмен енгізілген кезде дәрілік заттар қанда 30 


минуттан соң ғана пайда болады, сондықтан, бұл енгізу жолы тез емдік көмек көрсету үшін 
қолданылмайды. Пероральді жолдың модификациясы– жергілікті және жалпы әсер
көрсету мақсатында қолданылатын енгізудің сублингвальді (тіл астына) түрі болып
табылады.Дәрілік құралдар ауыз қуысының кілегей қабаты арқылы тез сіңіріліп, асқазан- ішек
трактысы және бауыр барьерлерінен тыс жалпы қан айналым шеңберіне түседі. 
Сублингвальді түрде белсенділігі жоғары дәрілік құралдарды белгілейді: жыныс гормондары, 
валидол, нитроглицерин.
Ректальді (лат. rectus – тіке) – жергілікті және жалпы әсер көрсету үшін тік ішекке енгізу
арқылы қолданылатын енгізу жолы. Енёгізудің ректальді жолын балалар тәжірибесінде, ес-
түссіз жағдайдағы аурулар үшін, гериатрияда қолдану қолайлы. Дәрілік заттардың сіңірілуі 
7-10 минуттан соң төменгі және орта геморроидальды күре тамырлар, асқазан асты күре
тамыры, төменгі қуысты күре тамырлар арқылы жүреді. Бұл кезде дәрілік заттар, бауырға 
соқпай, жалпы қан айналымына түседі. Дәрілік құралдар ас қорыту трактысының ферменттері 
әсеріне ұшырамайды. Сондықтан улы, есірткі заттар дозасын міндетті түрде тексеру 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет