Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар және оларды қамтамасыз ету әдістері



Pdf көрінісі
бет20/47
Дата20.05.2024
өлшемі0.57 Mb.
#501522
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
птл сурак есеп

Дроттарды калибрлеу. Бір сериялы ампулалардың көлемі бірдей болуы үшін диаметрі мен 
қабырғалаларының қалыңдығы бірдей түтікшелер қолданылуы керек. Осы мақсатпен 
дроттарды сыртқы диаметрі бойынша калибрлейді немесе сорттайды, ол 8 мм-ден 27 мм-ге 
дейін болуы тиіс.
Дроттарды калибрлеу. Шыны түтіктер бағыттаушылар бойымен тіреуішке дейін сырғанап 
түседі. Осыдан олар қысқыштар көмегімен калибрлеуге беріледі. Егер түтіктің диаметрі 
калибр тесігінен үлкен болса, онда түтік келесі қозғалыс кезінде жоғары көтеріліп алынады да 
келесі калибрге беріледі. Диаметрі калибр көлеміне сәйкес болса, түтіктер еңкіш бағыттауыш 
бойымен жинағышқа сырғып түседі, осыдан кейін олар жууға жіберіледі. 
Шыны дроттарды жуу. Шыны дроттарды жуу келешекте ампулаларды жууды жеңілдетеді 
және ампулалардағы ерітінділердің тазалығын қамтамасыз етеді. Дроттарды жуу бірнеше 
тәсілдермен жүргізеді: 1. Камералық тәсіл; 2. Ультрадыбыстықпен жуу әдісі; 3) Контактылы-
ультрадыбысты тәсілмен жуу 
Ампулаларды жасау. Қолданылуы, толтырылуы әдісі және оларға құйылатын дәрілердің 
қасиеттеріне байланысты ампулалар 0,3млден 50мл көлемге дейін шығарылады, олардың 


формалары мен капиллярларының диаметрі әртүрлі болады. Ампулалардың барлық түрлері 
роторлы шыны қалыптаушы автоматтарда жасалынады. Ампула жасау 6 позициядан тұрады: 
1-позицияда түтіктер жинағыш барабаннан жоғары патронның ішіне салынады. Шектегіш 
тіреудің көмегімен оның ұзындығы белгіленеді. Жоғары патрон түтікті қысып ұстайды да, 
барлық позицияларды оны бір қалыпты биіктікте ұстап тұрады. 
2-позицияда төменгі патрон түтіктің төменгі бөлігін қысып тұрады да, түтік өзінің осі 
бойымен айналады. Айналып тұрған түтікке жалыны кең шілтер жақындатылып, оны 
жұмсарғанға дейін қыздырады.
3-позицияда шілтер өшіріледі, төменгі патрон копирдің ойымен жылжи отырып, төмен түседі 
де, жұмсарған түтікті капилляр етіп созады. 
4-позицияда капиллярдың жоғарғы жағына өткір жалынды шілтер жақындатылып, 
капиллярды кеседі.
5-позицияда капиллярды кесумен бір мезгілде келесі ампуланың түбі дәнекерленеді. 
6-позицияда төменгі патрон қысқышты босатып, дайын ампула қабылдағышқа келіп түседі. 
Ампулдау процесі келесі операциялардан тұрады. Ампулаларды ашу, күйдіру, ампулаларды 
кассеталарға салу, ішкі және сыртқы бетін жуу, кептіру және стерильдеу, толтыру, 
дәнекерлеу, стерилдеу, сапасын бағалау, этикеткалау, орамдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет