«Qazaq Banki» АҚ Жалпы операцияларды жүргізу шарттары туралы ережелер


-ТАРАУ. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҰСЫНУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАТЫН ШЕКТІ МЕРЗІМДЕР



бет3/9
Дата12.07.2016
өлшемі1.44 Mb.
#193706
1   2   3   4   5   6   7   8   9

10-ТАРАУ. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҰСЫНУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАТЫН ШЕКТІ МЕРЗІМДЕР

  1. Банк Клиенттің өтініші қарастырылатын, банктік қызметтердің әрбір түрі бойынша банктік қызметтер ұсыну туралы шешім қабылданатын (өтініш беру қажет болғанда) шекті мерзімдерді дербес белгілейді және осы Ережелердің 283-тармағында көрсетіледі.

11-ТАРАУ. БАНКТІҢ ЖӘНЕ КЛИЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

  1. Банк және Клиенттері ҚР азаматтық заңнамасына, ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, банктік қызмет көрсету ұсыну туралы тиісті шарттарға сәйкес құқықтарға ие, міндеттерін орындайды, жауапкершілік көтереді немесе ҚР қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған талаптар мен шектеулерді есепке ала отырып, іскерлік айналым әдеттерінен туындайды.

  2. Банк міндетті:

    • банктік қызмет ұсыну туралы шарт жасалғанға дейін Клиентке осы Ережелердің 262.1 тармағында аталған ақпаратты беруге;

    • шарт талаптарын орындауға, шарттардың талаптарымен артылған міндеттерді атқаруға. Тараптардың жауапкершілігін жоққа шығаратын немесе шектейтін қызметтерді Банктің ұсынуына және өнімнің түріне байланысты басқа талаптар шарттармен қарастырылуы мүмкін (белгісіз күш жағдайлары (форс-мажор), шарттың қарсы тарапының кінәсінің болмауы, тиісті әрекет етпеуі, т.б.).

    • ҚР заңнамасымен қарастырылған, Клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша талаптарды сақтауға;

    • валюталық бақылау агенті болып табылып, Клиенттермен валюталық операциялар жасағанда ҚР заңнамасына сәйкес міндетті валюталық бақылау процедурасын жүргізуге;

    • Клиенттер ҚР заңнамасын бұзғанда Банк бұл туралы валюталық бақылау органдарына хабарлауға міндетті;

    • ҚР заң актілерімен немесе Банк пен Клиент арасында жасалған шарттармен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша оның келісімінсіз Банктік құпияны құрайтын, Клиент (Салымшы) және Клиенттің (Салымшының) банктік шоттары туралы ақпаратты ашуға;

    • ҚР заң актілерімен немесе Банк пен Клиент арасында жасалған шарттармен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша оның келісімінсіз Клиенттің (Салымшының) банктік шоттарынан ақша алуға;

    • Банктік шот шарты бұзылғаннан кейін Клиент жаңа ағымдағы шоттың нөмірі туралы хабарлаған кезден бастап үш банк күні ішінде Клиенттің шотындағы ақша қалдығын жаңа шотқа аударуға;

    • заңды тұлғаның атауы өзгерсе, мөрі жоғалса немесе тозса, шот иесіне жаңа мөр әзірлеу үшін қажетті мерзім беруге. Мөр болмағанда Клиенттің – заңды тұлғаның басшысы мөрсіз шот бойынша операцияның жүргізілуі туралы өз қолымен және бас бухгалтерінің қолымен жазбаша өтініш білдіруге міндетті;

    • Клиенттің талап етуі бойынша банктік шотты ашумен, жүргізумен, жабумен және ол бойынша операцияларды тоқтату мүмкіндігімен байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруге;

    • банктік шот бойынша келесінің негізінде операциялар жүргізуге: шот иесінің тапсырмалары, шот иесі акцептеген үшінші тұлғалардың талаптары; заңнамаға сәйкес шот иесінің акцептін талап етпейтін үшінші тұлғалардың талаптары; банктік шот шарты және ҚР заңнамасы бойынша қайшы келмесе, шотты жүргізетін Банк өкімі;

    • банктік шот иесінің пайдасына ақшаның қате қабылдану (есепке қосылу) фактісі анықталған жағдайда Банк шот иесінің тиісті тапсырмасынсыз аталған ақшаны есептен шығаруға құқылы;

    • Клиенттен шектеусіз ақшаның қабылдануын қамтамасыз етуге;

    • Банк ҚР азаматтық заңнамасына, ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, банктік қызметтер ұсыну турлы тиісті шарттарға сәйкес немесе ҚР қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған талаптар мен шектеулерді есепке ала отырып, іскерлік айналым әдеттерінен туындайтын басқа да міндеттерді атқарады.

  1. Клиент міндетті:

  • ағымдағы шот /банктік салым шотын ашу, төлем карточкасын шығару, банктік қызметтер ұсыну үшін басқа шарттар жасау үшін қажетті толық құжаттар жиынтығын беруге, сондай-ақ ағымдағы шот/банктік салым шоты бойынша операциялар жүргізу немесе басқа банктік операциялар жүргізу үшін қажетті басқа да мәліметтерді ұсынуға;

  • шарттардың талаптарын сақтауға және шарт талаптарымен өзіне артылған міндеттерін орындауға міндетті;

  • валюталық операциялар жасағанда валюталық операцияны жүргізумен байланысты құжаттарды Банкке ұсынуға;

  • Клиент пен Банк арасында жасалған тиісті шарттың талаптарына сәйкес өзіне ұсынылған қызметтер үшін Банкке тиесілі барлық комиссия сомаларын немесе басқа да келісілген сомаларды төлеуге;

  • банктік шот бойынша ҚР заңнамасына және нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келмейтін операциялар жүргізбеуге;

  • заңды тұлғаның атауы өзгерсе, мөрі жоғалса немесе тозса, Клиенттің – заңды тұлғаның басшысы мөрсіз шот бойынша операцияның жүргізілуі туралы өз қолымен және бас бухгалтерінің қолымен жазбаша өтініш білдіруге міндетті;

  • ҚР ҰБ нормативтік актілерінің және есеп-кассалық операциялар жүргізуді реттейтін Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын орындауға;

  • қолма-қол ақша алуға өтінім беруге;

  • деректемелеріндегі (пошталық мекенжайы, телефон) өзгерістер туралы Банкке бірден хабарлауға;

  • Банкке моральдық және материалдық залал келтіруге, сондай-ақ Банктің атына нұқсан келтіретін әрекеттер атқармауға;

  • Клиент ҚР азаматтық заңнамасына, ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, банктік қызметтер ұсыну турлы тиісті шарттарға сәйкес немесе ҚР қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған талаптар мен шектеулерді есепке ала отырып, іскерлік айналым әдеттерінен туындайтын басқа да міндеттерді атқарады.

  1. Банк құқылы:

  • заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және лаңкестікті қаржыландыру қарсы іс-қимыл шеңберінде Клиенттер жүргізетін операцияларға ҚР заңнамасымен қарастырылған белгілі бір талаптарды, тыйым салуларды, шектеулерді енгізуге құқылы;

  • Клиенттен ағымдағы шот /банктік салым шотын ашу, төлем карточкасын шығару, банктік қызметтер ұсыну үшін басқа шарттар жасау үшін қажетті толық құжаттар жиынтығын беруді, сондай-ақ ағымдағы шот/банктік салым шоты бойынша операциялар жүргізу немесе басқа банктік операциялар немесе басқа да банктік операциялар жүргізу үшін қажетті басқа да мәліметтерді ұсынуды талап етуге;

  • ҚР заң актілерімен немесе Банк пен Клиент арасында жасалған шарттармен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша оның келісімінсіз Банктік құпияны құрайтын, Клиент (Салымшы) және Клиенттің (Салымшының) банктік шоттары туралы ақпаратты ашуға;

  • ҚР заң актілерімен немесе Банк пен Клиент арасында жасалған шарттармен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша оның келісімінсіз Клиенттің (Салымшының) банктік шоттарынан ақша алуға;

  • ұсынған қызметтер үшін Банкке тиесілі төлемдерді немесе клиент пен Банк арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес басқа келісілген сомаларды акцептсіз есептен шығару арқылы және/немесе Клиенттің банктік шоттарынан ақшаны тікелей дебеттеу арқылы, сондай-ақ теңгеде және/немесе шетел валютасында қате есепке қосылған ақшаны (шот валютасына қарамастан) тиісті шартпен және ҚР қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте өндіріп алуға;

  • бірігу шарттарына бір тарапты тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізуге. Клиент бірігу туралы өтінішке қол қоя отырып, болашақта бірігу туралы шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтыруларды алдын ала мақұлдайды. Бірігу шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде, жаңа редакциядағы бірігу шарты клиенттердің танысуы үшін Банктің филиалдары мен бөлімшелерінде орналасқан хабарландыру тақталарында және/немесе Банктің корпоративтік WEB-сайтында ілінеді. Енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен келіспеген жағдайда клиент тиісті шартпен белгіленген тәртіпте Банкке тиісті өтініш беру арқылы шартты бұзуға құқылы;

  • осы Ережелерге және осы Ережелердің бөлінбейтін бір бөлігі болып табылатын Қосымшаларына бір тарапты тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;

  • Банк ҚР азаматтық заңнамасына, ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, банктік қызметтер ұсыну турлы тиісті шарттарға сәйкес немесе ҚР қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған талаптар мен шектеулерді есепке ала отырып, іскерлік айналым әдеттерінен туындайтын, осы Ережелерде аталмаған басқа да құқықтарға ие.

  1. Клиент құқылы:

  • Банктегі шоттарындағы ақша сомасы туралы, олар бойынша жүргізілген операциялар туралы барлық қажетті ақпаратты, сондай-ақ тиісті шартпен және ҚР заңнамасымен қарастырылған тәртіпте міндеттерін атқарумен байланысты ақпаратты алуға;

  • ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес және талаптарының негізінде Клиенттің банктік шотынан Банк алған комиссиялық сыйақы сомасын даулауға;

  • Клиенттер ҚР азаматтық заңнамасына, ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, банктік қызметтер ұсыну турлы тиісті шарттарға сәйкес немесе ҚР қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған талаптар мен шектеулерді есепке ала отырып, іскерлік айналым әдеттерінен туындайтын, осы Ережелерде аталмаған басқа да құқықтарға ие.

  1. Банк пен Клиенттің жауапкершілігі:

  • Банк немесе Клиент өз араларында жасалған Шарт бойынша орындамаған және/немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Банк немесе Клиент заңнамамен және тиісті шартпен қарастырылған жауапкершілік көтереді;

  • орындау нәтижесінде Клиенттің ақшасы уақтылы немесе дұрыс есептелмеген болса, сондай-ақ белгіленген мерзімнен аса құжаттарды өңдеу кешіктірілсе, Банк Клиенттің дұрыс рәсімделмеген төлем құжаттары үшін жауапкершілік көтермейді;

  • Клиент жеке шоттан үзінді жазбаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Банкке шотқа қате есептелген сомалар туралы хабарламағаны үшін жауапкершілік көтереді. Клиенттен Банктік шот шартында қарастырылған мөлшерде әр кешіктірілген күн үшін дұрыс есепке қосылмаған сомадан Банктің пайдасына айыппұл (тұрақсыздық айыбын) өндіріп алынады. Экономикалық санкцияларды қолдану кінәлі тұлғаларды ереже бұзуларды түзетуден және міндеттемелерді орындаудан босатпайды;

  • ҚР заң актілерімен немесе Банк пен Клиент арасында жасалған шарттармен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша Клиенттің (Салымшының) келісімінсіз Банктік құпияны құрайтын Клиент (Салымшы) туралы және Клиенттің (Салымшының) банктік шоттары туралы ақпаратты ашқаны үшін Банк жауапкершілік көтермейді;

  • Банк ҚР заң актілерімен немесе Банк пен Клиент арасында жасалған шарттармен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша Клиенттің (Салымшының) келісімінсіз оның банктік шоттарынан ақша алу үшін жауапкершілік көтермейді;

  • Банк пен Клиенттері ҚР азаматтық заңнамасына, ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, Банктің ішкі нормативтік құжаттарына, банктік қызметтер ұсыну турлы тиісті шарттарға сәйкес немесе ҚР қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған талаптар мен шектеулерді есепке ала отырып, іскерлік айналым әдеттерінен туындайтын, осы Ережелерде аталмаған басқа да жауапкершілік көтереді.


12-ТАРАУ. КЛИЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

  1. Банк пен клиенттерінің арасындағы шарттар Банк әзірлеген және белгіленген тәртіпте бекіткен үлгі нысандар бойынша жасалады.

  2. Клиент Банкке банктік қызмет алу мақсатында өтініш білдірген жағдайда Банк Клиенттің бірінші талабы бойынша оған танысу үшін осы Ережелерді береді.

  3. Банктік операцияның әрбір түрі бойынша банктік қызмет ұсыну туралы өтінішті қарастыру тәртібі осы Ережелердің тиісті ережелерімен реттелмеген бөлігінде Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен реттеледі.

  4. Банктік қызмет ұсынған кезде Банк:

262.1. Банктік қызмет ұсыну туралы шартты жасағанға дейін Клиентке келесілер ұсынылады:

  • банктік қызмет ұсыну туралы өтініш бойынша мөлшерлемелер, тарифтер, шешім қабылдау мерзімдері туралы ақпарат (қажет болса, өтініш беру);

  • банктік қызмет ұсыну талаптары туралы ақпарат және банктік қызмет ұсыну туралы шартты жасау үшін қажетті құжаттар тізімі;

  • банктік қызмет ұсыну туралы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда Клиенттің жауапкершілігі және ықтимал тәуекелдері туралы ақпарат;

  • Клиентте туындаған мәселелер бойынша кеңестер;

  • Клиенттің қалауы бойынша банктік қызмет ұсыну туралы тиісті шарттың үлгі нысанының көшірмесі.

262.2. Осы Ережелердің 283-тармағымен белгіленген мерзімде банктік қызмет ұсыну туралы өтінішті қарастырады (қажет болса, өтініш беру).

262.3. Банктік қызмет ұсыну туралы шартқа қол қойылғанға дейін Клиентке оның талаптарымен танысуға қажетті уақыт береді.

262.4. Банкте алатын банктік қызмет туралы даулы жағдайлар туындағанда Клиенттің банктік омбудсманға (ипотекалық қарыздар бойынша), уәкілетті органға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы хабарлайды. Осы мақсатта Банк осы Ережелердің 290-тармағында көрсетілген өзінің, Банктік омбудсманның, Уәкілетті органның орналасқан жері, пошталық, электронды мекенжайы, интернет-ресурстары туралы ақпаратты береді.

262.5. Клиенттің сұрауы бойынша қаржылық есептілікті орналастыру көздері туралы ақпаратты және Банктің басқа ақпаратын береді.



262.6. Клиент берген ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.

      1. Банктік қарыздар беру және Клиенттердің төлем қабілетсіздігімен жұмыс

263.1.Банк банктік қарыз шартын жасағанға дейін осы Ережелердің 262-тармағымен қарастырылған ақпараттан басқа Клиентке банктік қарыздар жөнінде келесі ақпаратты ауызша береді:

      1. банктік қарыз берілетін мерзім;

      2. шекті сома және банктік қарыз валютасы;

      3. сыйақы мөлшерлемесінің түрі: белгіленген немесе қалқымалы, сыйақы мөлшерлемесі қалқымалы болса, есептеу тәртібі;

      4. сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері жылдық пайызбен және Клиент өтініш берген күні шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген (нақты құн) мөлшері;

      5. Банктің пайдасына банктік қарыз алумен және қызмет көрсетумен (өтеумен) байланысты комиссиялық сыйақының, тарифтердің, басқа шығындардың толық тізімі және мөлшерлері;

      6. Банктер туралы заңмен қарастырылған, Клиентпен – заңды тұлғамен жасалған банктік қарыз шартының талаптарының бір тарапты ықтимал өзгеру жағдайлары;

      7. банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда Клиенттің жауапкершілігі және тәуекелдері;

      8. Қарызды қамтамасыз ету турлы шарттың тарапы болып табылатын кепіл берушінің, кепілгердің, кепілдеме берушінің, басқа тұлғаның жауапкершілігі.

      1. Банк банктік қарыз жөнінде шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде клиентке банктік қарыз беру немесе бас тарту себептерін көрсетіп, банктік қарыз беруден бас тарту туралы хабарлайды.

      2. Банктік қарыз шарты заң актілерімен белгіленген банктік қарыз шартының міндетті талаптарын қамтиды.

      3. Банктік қарыз шартына қызмет көрсету кезеңінде Банк Клиенттің (Қарыз алушының) немесе Кепіл берушінің сұрауы бойынша (Банктер туралы заңмен қарастырылған банктік құпияны таратуға қойылған талаптарды сақтай отырып) сұрауды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған келесілер туралы жазбаша мәліметтер береді:

    1. Банкке төленген ақша сомасы;

    2. мерзімі кешіктірілген берешек мөлшері (болса);

    3. борыш қалдығы;

    4. кезекті төлемдердің мөлшері мен мерзімдері;

    5. несиелеу лимиті (болса).

      1. Банк Клиенттің өтініші бойынша көп дегенде үш жұмыс күні ішінде өтемсіз айына көп дегенде бір рет Банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу есебіне Клиенттің (Қарыз алушының) келіп түскен ақшасын бөлу туралы жазбаша ақпарат береді.

      2. Банктік қарыз шарты бойынша берілген ақшаны Банкке толығымен немесе бір бөлігін қайтару туралы Клиенттің өтініші бойынша Банк көп дегенде үш жұмыс күні ішінде өтемсіз жазбаша түрде қайтарылуға тиісті сома мөлшерін хабарлайды.

      3. Банктік қарыз шартымен қарастырылса, Банк Банктік қарыз шартымен қарастырылған әдіспен осы Ережелердің 266-тармағымен қарастырылған мәліметтерді Клиентке кезеңдік негізде ұсынады.

      4. Осы Ережелердің 266 – 269-тармақтарында қарастырылған мәліметтер негізгі борыш, сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбының сомасы, айыппұл санкцияларының басқа түрлері, сондай-ақ төленуге тиісті басқа сомалар көрсетіліп беріледі.

      5. Банктік қарыз шартымен қарастырылса, Банк Қарыз алушыға Банктік қарыз шартымен қарастырылған мерзімде және әдіспен міндеттемелерді орындау мерзімінің кешіктірілуі, шарт бойынша төлем енгізу қажеттілігі туралы хабарлайды. Тараптардың келісімі бойынша Банктік қарыз шартында шарт бойынша кезекті төлемдерді төлеу күні туралы хабарлау мерзімдері мен әдістері қарастырылады.

      6. Банк ҚР банктік заңнамасымен және Банктік қарыз шартымен белгіленген тәртіпте және негіздерде берешекті өндіріп алады.

      7. Банк Банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу мақсатында Клиентке Банктік қарыз шарты бойынша төлем енгізу қажеттілігі туралы және Клиенттің міндеттемелерін орындамау салдарлары туралы хабарлайды.

      8. Банктік қарыз шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы хабарлама Банктік қарыз шарты бойынша берешек мөлшері туралы Клиент үшін қысқаша ақпаратты қамтиды (негізгі борыш, сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айбының, айыппұл санкцияларының басқа түрлерінің сомасын, сондай-ақ төленуге тиісті басқа сомаларды көрсетіп).

      9. Банктік қарыз шартына қызмет көрсетумен байланысты хабарламаларды және ескертулерді (телефон арқылы қоңырауларды) Клиентке, сондай-ақ Кепіл берушіге, Кепілгерге, Кепілдеме берушіге, Қарызды қамтамасыз ету туралы шарттың тарапы болып табылатын басқа тұлғаға жергілікті уақыт бойынша сағат 21.00 бастап сағат 9.00 дейін беруге жол берілмейді.

      10. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін кешіктіру басталғанда Банк Банктік қарыз шартымен қарастырылған әдіспен Қарыз алушыға хабарлауға міндетті.

      11. Осы Ережелердің 273-тармағында аталған хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмағанда Банк Клиентке келесі шараларды қолдануға құқылы:

  • Қарыз алушыға қатысты шаралар қолдану туралы мәселені Банктің уәкілетті органының қарауына ұсынуға. Шаралар қолдану туралы шешім қабылдау Банктің Несие саясаты туралы ережелерге сәйкес іске асырылады;

  • уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіпте Қарыз алушының талап етуімен ашылған банктік шоттардағы мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақы және әлеуметтік төлемдер түрінде Қарыз алушы алатын ақшаны есептемегенде Қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіпте өндіріп алуға (осындай өндіріп алу Банктік қарыз шартында қарастырылса);

  • ҚР заңнамасымен және (немесе) Банктік қарыз шартымен қарастырылған кез келген шараларды қолдануға, соның ішінде Банктік қарыз шарты бойынша борыш сомасын өндіріп алу туралы шағыммен сотқа жүгінуге, сондай-ақ соттан тыс тәртіпте (жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы ҚР заң актісімен қарастырылған жағдайларды есептемегенде) немесе сот тәртібінде кепілге қойылған мүлікті өндіріп алуға;

  • ҚР заңнамасына сәйкес қарыз алушыны – заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы сотқа шағыммен жүгінуге.

      1. Банктік қарыз шартымен Банктің үшінші тұлғаға Банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талап ету) беру (талап етуді беру) құқығы қарастырылса, құқықты (талап ету) бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде берілген құқықтардың (талап ету) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссияның, тұрақсыздық айыбының, айыппұлдардың, басқа төленуге тиісті сомалардың мерзімі кешіктірілген және ағымдағы сомаларының қалдықтарын, қарызды өтеу бойынша бұдан былайғы төлемдер мақсатын – құқықтар (талап ету) берілген банкке немесе тұлғаға деп көрсетіп, Борышкерге (уәкілетті өкіліне) жазбаша хабарлайды.

      2. Банк Банктік салым шартын жасағанға дейін осы Ережелердің 262-тармағмен қарастырылған мәліметтер мен құжаттардан басқа Клиентке ауызша Салым жөніндегі келесі ақпаратты ауызша береді:

  • Салым түрі (талап еткенге дейінгі, мерзімді, шартты);

  • Салым мерзімі (болса);

  • Салымның ең аз сомасы;

  • сыйақы мөлшерлемесі, соның ішінде Клиент өтініш берген күнгі шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген сыйақы мөлшерлемесі (нақты құн);

  • қосымша келісім (болса) жасамай Салым мерзімін ұзарту талаптары;

  • Салымды толықтыру, капиталға айналдыру мүмкіндігі;

  • Салымды толық немесе бір бөлігін мерзімінен алу талаптары;

  • ҚР заң актілерімен белгіленген кепілдік Салымдары бойынша кепілдікті өтеу мөлшері.

      1. Банктік салым шартының талаптарына сәйкес қосымша келісім жасамай банктік салым мерзімі ұзартылғанда азайту жағына қарай сыйақы мөлшерлемесін өзгерткен жағдайда банк клиентке банктік салым мерзімі аяқталғанға дейін банктік салым шартында қарастырылған әдіспен сыйақы мөлшерлемесінің мөлшерін азайту туралы клиентке хабарлайды.

      2. Банк «Жарнама қызметі туралы» ҚР заңына және банктік заңнамаға сәйкес банктік қызметтер туралы жарнама таратады.

      3. Клиент қалауы бойынша банктік қызмет ұсыну туралы тиісті шарттың үлгі нысанының көшірмесін сұрауға құқылы. Шарттың үлгі нысанының көшірмесін беру үшін төлем мөлшерін Банктің органы белгілейді және ол құжаттардың көшірмелерін әзірлеу шығындарының құнынан, осы құжаттарды жеткізумен байланысты шығындар төлемінен аспайды.

      4. Банктік қызметтің әр түрі бойынша банктік қызмет ұсыну туралы өтініш Клиент Банкке өтініш берген немесе Клиент Банктегі қызмет үшін өтініш берген кезден бастап келесі шекті мерзімдерде Банктің уәкілетті органдарымен және/немесе Банк бөлімшелерімен (қызметкерлерімен) қарастырылады:

    1. Операциялық қызмет:

  • банктік шот ашу және жүргізу: 3 жұмыс күні;

  • төлем төлеу және ақша аудару: 3 жұмыс күні;

  • салым қабылдау: 3 жұмыс күні;

  • кассалық операциялар: 1 жұмыс күні;

  • валюта айырбастау операциялары: 1 жұмыс күні;

  • жеке сейф ұсыну (бос ұяшықтар болса): 2 жұмыс күні;

  • жедел аудару жүйесі арқылы аудару: 1 жұмыс күні.

    1. Қарыз және құжаттандырылған операциялар және операциялардың басқа түрлері:

  • шағын және орта бизнеске несиелеу шеңберінде: 15 жұмыс күні;

  • бөлшек өнімдерді несиелеу шеберінде: 14 жұмыс күні;

  • корпоративтік клиенттерді несиелеу шеңберінде: 15 жұмыс күні;

  • банктік кепілдіктер мен аккредитивтер шығару /авизолау: 15 жұмыс күніне дейін;

  • төлем карточкаларын шығару: 14 жұмыс күні, төлем карточкаларын жеткізу уақытын есептемегенде;

  • төлем карточкасына несие лимитін беру: 15 жұмыс күні;

  • бағалы қағаздар нарығындағы операциялар: 3 жұмыс күніне дейін;

  • вексельдермен жасалатын операциялар: 90 жұмыс күніне дейін;

  • факторингтік операциялар: 40 жұмыс күніне дейін.

      1. Банк банктік қарыз бойынша шешім қабылданған (қарыз операциясы туралы Клиенттің Өтінішін қарастыру мерзімі аяқталған) күннен бастап 3 жұмыс күніне дейін Клиентке банктік қарыз беру туралы немесе бас тарту себептерін көрсетіп, беруден бас тарту туралы хабарлайды.

      2. Клиенттің ҚР заңнамасымен және Банктің ішкі құжаттарымен қарастырылған құжаттардың толық жиынтығын тапсыруы жоғарыда көрсетілген мерзімде банктік қызмет ұсыну туралы Клиенттің ұсынысы бойынша шешім қабылдау шарты болып табылады.

      3. Құжаттар жиынтығы толық ұсынылмағанда, оларда кемшіліктер болғанда, қосымша ақпарат және құжаттар алу қажет болғанда Банктің уәкілетті органының /бөлімшесінің (қызметкерінің) шешіміне сәйкес, сондай-ақ Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен қарастырылған басқа негіздер бойынша банктік қызмет ұсыну туралы Клиенттің өтініші бойынша шешім қабылдау мерзімі үзіледі.

      4. Үзілістен кейін мерзім қайта басталады: үзіліске дейінгі өткен уақыт жаңа мерзімге қосылмайды.

      5. Банктің есепке алу жүйесінде операциялар бухгалтерлік есеп, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, ҚР заңнамасының, ҚР ҰБ, ҚҚК, Банктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес көрсетіледі.

      6. Жүргізілген операциялар туралы құжаттама ҚР заңнамасының, ҚР ҰБ, Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына және Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес сақталады.

      7. Клиент алынатын банктік қызмет бойынша даулы жағдайлар туындағанда Банкке, банктік омбудсманға (ипотекалық қарыздар бойынша), Уәкілетті органға немесе сотқа келесі деректемелер бойынша жүгінуге құқылы:

«Qazaq Banki» АҚ:

Орналасқан мекенжайы: 040924, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл (Набережная) к-сі, 58-үй.

Пошталық мекенжайы: 040924, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қ., Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл (Набережная) к-сі, 58-үй.

Байланыс телефондары: 8 (727) 380-39-82, факс: 8 (727) 380-39-53



E-mail: info1@qazaqbanki.kz

Корпоративтік WEB сайты: www.qazaqbanki.kz, www.qazaqbanki.kz/feedback

Банктік омбудсман:

Орналасқан мекенжайы: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қонаев к-сі, 98-үй, 10-пәтер;

Пошталық мекенжайы: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қонаев к-сі, 98-үй, 10-пәтер;

Байланыс телефондары: 8(727) 291-11-26, 291-13-12, 8-707-181-40-07, факс: 8(727) 291-89-72;



E-mail: office@bank-ombudsman.kz

WEB сайты: www.bank-ombudsman.kz

Skype: bank-omb

Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (ҚР ҰБ ҚҚК);

Орналасқан мекенжайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67-үй;

Пошталық мекенжайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67-үй.

Пошта жәшігі сағат 9.00-18.00 келесі мекенжай бойынша қол жетімді: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67-үй.

ҚР ҰБ ҚҚК Басқармасының қабылдау бөлмелерінің телефондары: 8(727) 278-80-00; 278-80-01; 278-80-04

WEB сайт: www.afn.kz

Азаматтарды қабылдау кестесі: www.afn.kz/?docid=520




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет