Р. Қ. Ниязбекова, В. Н. Михалченко, Г. Қ. Бектұрғанова, В. А. Донбаева, К. У. Тоғызбаев, Л. А. Байбосынова


Ондық еселі және бөлшек бірліктерді жасауға арналған көбейткіштер мен қосымшалар және олардың атауы



бет15/63
Дата27.01.2023
өлшемі2.41 Mb.
#468817
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Р. Қ. Ниязбекова метрология каз

Ондық еселі және бөлшек бірліктерді жасауға арналған көбейткіштер мен қосымшалар және олардың атауы

Көбейткіш

Қосымша

Көбейткіш

Қосымша

Аталуы

Белгіленуі

Аталуы

Белгіленуі

1018

экса

Э

10-18

атто

а

1015

пета

П

10-15

фемто

ф

1012

тера

Т

10-12

пико

п

109

гига

Г

10-9

нано

н

106

мега

М

10-6

микро

мк

103

кило

К

10-3

милли

м

102

гекто

Г

10-2

санти

с

101

дека

Да

10-1

деци

д






СИ жүйесіндегі еселі және бөлшек бірліктерді құруға ар- налған көбейткіштер және қосымшалар 7-кестеде келтірілген.
Метрикалық емес бірліктер арасындағы кейбір қатынастар төменде көрсетілген:
1 ярд = 3 фут = 36 дюйм;
1 фут = 12 дюйм;
1 миля = 1760 ярд = 5280 фут;
1 теңіздік миля = 6080 фут;
1 акр = 4840 кв. ярд;
1 куб. ярд = 27 куб. фут;
1 кварта = 1/4 галлон = 2 пинт;
1 ағылшындық бушель = 8 галлон;
1 ағылшындық мұнайлы баррель = 36 галлон;
1 мұнайлы баррель (АҚШ) = 30,55 галлон;
1 саудалық фунт = 16 унция;
1 қысқа тонна = 2000 фунт;
1 тонна = 80 квартер = 2240 фунт.

  1. кесте

СИ жүйесінің еселі және бөлшек бірліктерін жасауға арналған көбейткіштер және қосымшалар

Көбейткіш

Косымша

Аталуы

Белгіленуі

халықаралық

орысша

халықаралық

Орысша

10 24

yotta

йотта

Y

И

10 21

zetta

зетта

Z

З

10 18

exa

экса

E

Э

10 15

peta

пета

P

П

10 12

tera

тера

T

Т

10 9

giga

гига

G

Г

10 6

mega

мега

M

М

10 3

kilo

кило

k

К

10 2

hecto

гекто

h

Г

10 1

deca

дека

da

Да

10 -1

deci

деци

d

Д

10 -2

centi

санти

c

С

10 -3

milli

милли

m

М

10 -6

micro

микро

M

Мк

10 -9

nano

нано

n

Н

10 -12

pico

пико

p

П

10 -15

femto

фемто

f

Ф

10 -18

atto

атто

a

А

10 -21

zepto

зепто

z

З

10 -24

yocto

йокто

y

И




Өлшеулердің метрлік жүйесі


Өлшеулердің метрлік жүйесі (орыс. метрическая система мер) — екі бірлікке: ұзындық бірлігі метрге және масса бірлігі килограммға негізделген өлшемдер жүйесі. Өлшеулердің метрлік жүйесі XIX ғасырдың аяғында француз революциясы кезінде пайда болды. Өлшеулердің метрлік жүйесі кірген өлшемдер: іс- тәжірибенің талабына қарай ұзындықтың бірлігі метр (1 метр Париждің географиялық меридиан ұзындығы ширегінің он миллионнан бір бөлігіне тең), аудан (1 ар қабырғасы 10 метр квадраттың ауданына тең), көлем (1 метр кубтың көлеміне тең), сұйық және сусымалы заттар үшін сыйымдылық (1 литр қабырғасы 0,1 метр кубтың ауданына тең), масса (1 грамм қабырғасы 0,001 метр кубты 0° С-та толтырған судың массасына тең), осы өлшемдерге ондық жұрнақтар — мирна (104 — қазір қолданылмайды), кило, гекто, дека, деци, санти және мили, бұлар ондық еселенген және бөлшектік бірліктерді алуға қамтамасыз етті. 1975 жылы әлемнің 120-дан аса мемлекетінде Өлшеулердің метрлік жүйесі жұмыс істеді.
Өлшеуіштердің метрлік жүйесі өлшеуіштердің ондық жүйесі - ұзындықтарының негізгі өлшем бірлігі метр болып санала- тын физикалық шамалар бірліктерінің жиынтығы. Алғашқыда өлшеуіштердің метрлік жүйесіне метрмен қатар: аудан үшін - квадрат метр, көлем үшін - куб метр, масса үшін - килограмм (температурасы 4°С, көлемі 1 дм3 судың массасы), сыйымдылық үшін - литр, жер ауданын өлшеу үшін - аралық өлшеуіштердің метрлік жүйесінің ерекшелігі бірліктері енген, мұнда еселік және бөліктік шамалар ондық қатынастармен ажыратылады және оларды көрсететін кило, гекто, дека, деци, санти жэне милли қосымшалары қабылданған. Өлшеуіштердің метрлік жүйесінде физиканың жеке бөлімдерін немесе техника салаларын ғана қамтитын бірліктер жүйелері мен өлшеу жүйелерінен тыс бірліктер де қолданылды. Ғылым мен техниканың дамуы өлшеуіштердің метрлік жүйесі негізінде өлшеулердің барлық түрін қамтитын Бірліктердің халықаралық жүйесінің (СИ) пайда болуына алып келді.
Жалғаулар тек қарапайым бірлік атауларына ғана жалғанады. Қайта әзірленетін немесе қайта қаралатын құжаттамаларда, сонымен қатар басылымдарда шама мәндері стандартты бір- ліктермен өрнектелуі керек. Экспортқа шығарылатын өнім өлшемдерін, өлшеу құралдарының сипаттамаларын тапсырыс беруші белгілеген бірліктерде өрнектеуге болады.
Ағылшын елдерінде (Англия, АҚШ, Канада, Австралия) СИ халықаралық бірліктер жүйесінен басқа британдық бірліктер жүйесі қолданылады. Бұл жүйеде 1878 жылы өлшем мен салмақ туралы ағылшын ережесімен бекітілген эталондармен анықталатын негізгі екі бірлік - ярд және фунт негізге алынған.
Метрикалық емес кейбір бірліктерді СИ жүйесіне ауыстыру 8-кестеде көрсетілген.

  1. кесте

Ағылшын тілдес елдерде қолданылатын кейбір метрикалық емес бірліктер және оның СИ жүйесіне (R-31 стандарттау бойынша Халықаралық ұйымының ұсынысына сәйкес) аудармасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет